- •«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы
- •Лекция 1. Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
- •Лекция 2. Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
- •Зерттеу бағытын таңдау
- •Топырақты терең қопсыту технологиясының тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеу нысандары және оның сипаттамасына мысал келтіреміз
- •Мақтаарал-4005 мақта сорты
- •Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу
- •Жерді негізгі өңдеу.
- •Топырақты егіс алды өңдеу.
- •Топырақты терең қопсыту
- •Қопсытудың маңызы
- •Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері
- •Терең қопсытуға арналған техника
- •Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
- •1213,14-Сурет – Фенологиялық бақылаулар
- •Терең қопсытуды жүргізудің экономикалық тиімділігі
- •Қорытынды
- •Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
- •Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
- •Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
- •Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
- •Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
- •1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
- •Сорт м-4007
- •Сорт м-4005
- •Сорт па-3044
- •1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары
- •1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары
- •1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
- •2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
- •Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
- •2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
- •2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары
- •2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары
- •2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары
- •2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары
- •2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары
- •Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы
- •Отандық мақта сорттары
- •Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары
- •Лекция 5 Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
- •Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
- •Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
- •Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
- •Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
- •Қорытынды
- •Жерді тегістеу.
- •Лекция 6.
- •Лекция 7. Роль и значение кооперации схтп при возделывании хлопчатника.
Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкестерден қорғау – бұл тек улы химикаттармен (пестицидтермен) өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан.
Қазақстанда 1991 жылға дейін бірнеше ондаған биозертханалар жұмыс істеген, биоәдісті қолдану көлемі 400 мың гектардан астамды құраған, соның ішінде мақтада – 250 мың га, жеміс дақылдарында – 20 мың га, көкөніс дақылдарында – 35 мың га. Мысалы, 1987 жылға дейін бір ғана Алматы облысында трихограмманы (энтомофаг – пайдалы бунақдене) 25 мың гектардан астам жерге, ал биопрепараттарды 7,5 мың гектарға қолданып, улы химикаттарды қолдану көлемін айтарлықтай төмендеткен. 1960-80 жылдары өсімдік қорғауда биоәдісті қолдану бойынша ғылыми зерттеулер белсенді түрде жүргізілді.
Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын қатты алаңдатады. Бұл қоршаған ортаның (ашық су қоймалары және жер асты сулары, топырақ, атмосфера) ластануына, пестицидтерге төзімді зиянкестердің пайда болуына және улы химикаттар табиғи экобиожүйенің (құстар, балықтар, жабайы аңдар және пайдалы бунақденелілер) жойылуына әсерін тигізеді.
Адам денсаулығына улы химикаттардың кері әсер етуінің ең аса қауіпті факторлардың бірі – ол бүрку кезінде адамдардың улануы, өсімдік және жануарлар, азық-түлік өнімдерінде токсикологиялық қалдықтардың жинақталуының әсерінен әртүрлі онкологиялық және аллергиялық аурулардың, еркектер мен әйелдердің бедеулігі, түсік тастауы және жаңа туылған балаларда патологиялық белгілерінің пайда болуы. Мысалға, біздің мәліметтеріміз бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының мақта егетін аудандарында жылдан-жылға әлеуметтік шиеленіс артуда, ол мақтада улы химикаттарды жөн-жосықсыз және шамадан тыс артық қолдануымен байланысты.
Бізге, яғни ғалымдарға осы мақта егетін ауданның фермерлері мен тұрғындары мақтаны аса қауіпті зиянкестерден, атап айтқанда, мақта көбелегі мен өрмекші кенеден қорғау үшін мемлекет қаражаты есебінен берілген пестицидтерді жауапсыз қолдануды тоқтату жөнінде көмек сұрайды. Мысалы, тек қана мақта көбелегіне қарсы мемлекет бюджетінен жыл сайын орта есеппен химиялық күреске (инсектицидтерді сатып алу бүрку үшін) 200 млн. теңге бөлінеді.
Мақта егістіктерінде тонналап пайдаланған улы химикаттардың миллиардтаған шығыны жергілікті халықтың денсаулығы мен экологиясына орны толмас зақым келтіруде. Жергілікті халықтың наразылығына қарамастан, инсектицидтердің зиянкестерге әсері болмаса да, мемлекет бюджетінің қаржысы есебінен әлі де сатып алу жалғасып келеді.
Сөйтіп адам денсаулығына әсерін тигізетін тиімсіз улы химикаттар ауыз суға, мал жейтін өсімдіктерге, одан әрі адам организміне түсуі әлі де жалғасуда, бұдан басқа мақта егістіктерін өңдеу барысында ауылға жақын тұратын тұрғындар тұнып тұратын химиялық тұманмен дем алады.
Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, мақташы-фермер Сабыров Елемес осы мәселе бойынша біздің ғалымдарға, аудан әкіміне, депутаттарға, Үкіметке қайта-қайта үндеу жасады. Ақырында, оның пестицидтермен адам организмінің улануына алаңдаушылығы және олардың мақта шаруашылығының арқасында жеткен экономикалық табыстары үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі оларды қолдап, 2010 жылы мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы негізінде Мақтаарал ауданының Жетісай қаласында бір биологиялық зертхана ашты. Пайдалы бунақденелілерді (энтомофагтарды) жаппай көбейту үшін механикаландырылған желіні осы биозертханаға Өзбекстаннан сатып әкелді. Алайда бұл әрекеттер «теңізге тамшыдай» ғана болды, себебі бір биозертхана өзекті мәселені шешу үшін тым жеткіліксіз.
Бұл өңірге мүмкін болса, Қазақстанда шыққан, ғылыми қолдаудағы, технологиялық желілерімен жабдықталған кем дегенде 30 биозертхана қажет. Бұл өзекті мәселемен біздің ғалымдар жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, өсімдікті биологиялық әдісті қолданып, қорғап жатқан ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің субсидия алуына көмек жасауда.
Адамдардың пестицидтермен улануынан, қоршаған ортаның ластануынан сақтау үшін биологиялық тәсіл химиялық тәсілден басымырақ болып, болашақта ол «негізгі» тәсіл болмақ және субсидия мемлекеттік бюджеттен берілуі тиіс. Біздің институттың ғалымдары АШМ-ге бірнеше мәрте өтініш білдіріп пестицидтерді сатып алу үшін, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін субсидияның ең болмағанда 10 пайызын биологиялық тәсілді дамытуға бөлуді сұрады. Ақырында біздің бастамамызды ауыл шаруашылығы министрлігі құптап, 2010 жылы ведомстволық бөлімшелерге биологиялық әдіспен жұмыс істеу үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында «биометод» бөлімін және толығымен жабдықталған тәжірибелік зертханалар ашуға рұқсат берген.
Бүгінде Қазақтың өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен биоагентті зиянкестерге қарсы қолдануға қатысты кең көлемде үгіт насихат жүргізуде. Осы жағдайлардың арқасында ОҚО әкімдігінің биопрепаратпен, энтомофагтарға сұранысы өсіп отыр, мақташы фермерлердің егістігінде зиянкестерге қарсы қолданылған инсектицидтердің тиімділігі төмен болып, экономикалық тұрғыдан алғанда оларды қолдану тиімсіз болып шықты.
Елбасы қойған міндеттерге орай біздің институт инновациялық өсуге ғылыми ауқымды технологияға көшуге бет бұруда. 1990 жылдары әлемге белгілі голландық энтомолог Ван Лентерннің энтомофагтармен биопрепараттарды өсіріп-баптау технологиясы, химиялық пестицидтерді өңдеп шығарып, қолданудан әлдеқайда арзан екенін дәлелдеген. Ол биологиялық әдістің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің әлдеқайда жоғары және адам денсаулығына зиян келтірмейтінін, ал пайдасын ақшамен есептеп жеткізу қиын екенін айтады.
Қазақстанда ғалымдар биологиялық әдісті өсімдік қорғау саласында қолдануды әрі қарай дамытуы керек пе? Әрине, керек. Елбасымыздың ғалымдарды жан-жақты қолдауының арқасында ғылымды республиканың бюджетінен қаржыландырудың өзі бізді осы бағытта жұмыс істеуге жігерлендіреді.
Биологиялық әдісті Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс – мақта, көкөніс, картоп, жеміс-жүзім, жылыжай шаруашылықтары дамыған өңірлерінде өркендету қажет. Болашақта жылыжай көлемі жүздеген гектарға жететін болады. Аталмаш дақылдардың көбі, әсіресе көкөніс, жеміс жүзім өнімдері өңделмей, пісірілмей тамаққа тікелей қолданатындықтан, зиянкестерден қорғау жұмысын жүргізгенде негізгі тәсіл биологиялық тәсіл болуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экологиялық таза, нақты әдісті және зиянды организмдермен күресу технологиясын жетілдіру, соның ішінде пайдалы бунақ денелілер биоагенттерді және биопрепараттарды зиянкестерге қарсы қолдану ғылымның ең негізгі бағыты болып отыр. Сондықтан бұл жұмысқа Үкімет тарапынан, әсіресе Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің қолдаулары қажет.
Бұл ғылыми зерттеулердің нәтижесінде зиянкестерден болатын шығынның төмендеуіне және ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын пестицидтердің көлемінің қысқаратынына, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және Қазақстан Республикасының азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған ғылыми үлес болмақ.
Мақта дақылы егістігінің арамшөптері және олармен күрес шаралары
Мақта және бақша дақылдары егістіктерінде арамшөптердің көбейуі аталған дақылдардан сапалы өнім алуға айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі. Арамшөптерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмей, тиісті шаралар қолданылмаса ол шаруашылыққа экономикалық орасан зор зиян келтіреді. Арамшөптердің мақта және бақша дақылдарының өніміне келтіретін зияны 25-30 пайызға жетіп, кейде одан да асады.
Мырзашөл өңірінің байырғы суармалы жерлерінде арамшөптер орасан көп зиян тигізуде. Бұл аймақтардың мақта егістік жерлерінде құмай, ажырық және шырмауық сияқты өте зиянды арамшөптердің көп болуына жол беріліп келеді. Жоғарыда айтылған бұл арамшөптер тез өсіп, көбейетін өсімдік болып табылады. Арамшөптер ерекше жағдайды қажет етпейді және олар өсімтал, өмірге бейім келеді, сондықтан оларға қарсы күрес үнемі және қатаң түрде жүргізілуі керек. Арамшөптер әсіресе мақта далаларында тез өсіп, тез жетіледі. Мұндай жағдайда жоғары не болмаса тіпті орташа да өнім күтуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Қазақстанның мақта және бақша дақылдары егілетін аймақтарындағы топырақ-климат жағдайындағы арамшөптердің сан және тұр құрамын білу, оларға қарсы күрес шараларын, негізгі ең қауіпті арамшөп түрлеріне қолдануға жағдай жасайды. Егістік алқаптарда бір ғана арамшөп түрінің болуы өте сирек кездеседі, көбнесе мақта және бақша дақылдары егістігінде арамшөптердің көптеген түрі болады. Біздің егістік жерлерде арамшөптердің жиынтығы кездейсоқ емес, олар осында байырғыдан өскен арамшөптермен, мәдени дақылдармен бәсекелесу нәтижесінде үйлескен түрлерді құрайды.
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында бақша дақылдарының егіс көлемінің жыл сайын арту үрдісі байқалуда. Біздің жағдайда бақша дақылдарының үлес салмағының артуының бірнеше себептері бар, олар: ағын су тапшылығына байланысты егін шаруашылығын әртараптандыру, сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттерінің арасында Кедендік одақтың түзілуіне байланысты, өзімізде өсірілген бақша дақылдарын Ресей және Беларус мемлекеттеріне кедендік төлемсіз тікелей шығаруға мүмкіндік туындауы.
Республикада бақша дақылдарының ішінде үлес салмағының басым бөлігін қауын иелейді – 60-80%. Қауынның негізгі өндірушілері және Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізушілері – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары. Өкінішке орай соңғы жылдары қауын егісінің аумағы күрт қысқарып кетті. Мұның себебі мақта қозасының, дәнді дақылдардың, мал азықтық шөптердің егістіктер аумағының кеңейтілуі болып табылады.
Қауынның ең жақсы сорттарында қанттың мөлшері 12-14 %-ды, ал жеке жағдайларда – 18 %-ды құрайды. Қанттардың ішінде ең көп мөлшерін сахароза, содан соң глюкоза және фруктоза иелейді. Қауындарда көп болмаған мөлшерде В1, В2, В6, РР, Н (биотин) дәрумендеріне ие және едәуір көп мөлшерде С дәрумені кездеседі – еуропалық және АҚШ қауындарында оның мөлшері 3,4-9,8 мг% болса, біздің қауындарда ол – 10,0-26,0 мг% мөлшерінде кездеседі.
Қауын жемісін жаңа үзілген күйінде пайдаланады, құрғатады, тосап, цукаттар, мармелад, повидло, бекмес, қауын балы дайындалады. Қазіргі кезде қауын ассортименті көп емес, жергілікті және еуропалық түрлері қолданылады.
Қазіргі таңда облысымызда бақша дақылдарын оның ішінде қауын егістігін арттырып, халықты қауын өнімімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Осы аталған жұмыстармен қатар әр гектардан алынатын қауын өнімділігін арттыру мақсатында, жер асты суы 1,5-2,0 м деңгейде жайласқан, топырағы орташа сортаңданған суармалы аймақтың топырақ-климаттық жағдайындағы қауын егістігінің негізгі арамшөптерінің түр құрамына да зерттеулер жүргізілді.
Суармалы егіншілік жағдайындағы агрофитоценоздарда мәдени өсімдіктер мен арамшөптер арасындағы бәсекелестік қарым–қатынас ерекшелігінде белгілі бір өзгерістер бар.
Күтіп бапталатын алуан түрлі дақылдар, олардан жоғары және тұрақты өнімнің алынуы үшін, нақты тек соларға ғана тән агротехникалық іс-шаралардың қолданылуын талап етеді. Алайда, бұл шаралар арамшөптердің алуан түрлілігіне біркелкі ықпал етпейді. Негізгі, егістен алдын және егістен кейінгі өңдеулер арамшөптердің жалпылама санының азаюына алып келеді, алайда мұндай жағдайда кейбір арамшөптердің түрлері, әсіресе ылғалдың жеткілікті болған жағдайында дамып жетіле түседі.
Мақта және қауын егістерінде арамшөптермен күресудің іс-шараларын жүзеге асыру, егістерді арамшөптердің әртүрлі биологиялық түрлерінің басуының сипатын жан-жақты біліп алған жағдайда, мүмкін болмақ. Нақты мәліметтер мен түрлік және сандық құрамды жалпылау, арамшөптермен күресте әртүрлі агротәсілдер мен іс-шаралар арқылы ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан тиімді амалдарды айқындап береді.
Жоғарыда аталған дақылдардың егістігінде әсіресе, арамшөптердің дамуы үшін қолайлы жағдай суару жағдайында қалыптасады. Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы егістік жерлерінде арамшөптер кездейсоқ жиынтықты емес, осында өсетін түрлердің арасындағы (соның ішінде мәдени өсімдіктердің) бәсекенің нәтижесінде қалыптасқан кәдімгі заңды түрдегі қауымдастықты білдіреді.
Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер
Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы жерлері жағдайындағы мақта егістігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен олармен залалдану дәрежесіне 2010-2015 жылдары гербологиялық мониторинг жүргізілді. Ботаникалық зерттеулердің негізгі нысаны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иститутының тәжрибелік алқаптары болды.
2010 жылы егіске дейінгі агротехникалық іс шараларға дейін тәжрибелік алқаптың әр 1 м2 –де 51-ден 122-кі дана арамшөп болса, ал 2015 жылы 1 м2 –де 55-тен 118 данаға дейін арамшөптер болды. Бұл әрине үлкен және өте үлкен ластану дәрежеіне жатты. Сонымен қатар бақылаулар нәтижесінде жоғарыда көрсетілген арамшөптердің 75,4 %-ы біржылдық, 24,6 %-ы көп жылдық арамшөптер екендігі анықталды.
Бақылаулардың нәтижесінде анықталғандай ең жиі кездескен көпжылдық арамшөптер: саусақты қара шойыр (cynodon dactylon), алеп құмайы (soryhum halepense), кәдімгі қамыс (Phragmites austraiis Cav), егістік шырмуық (convolvulus arvensis) және жатаған бидайық (elytrigia repens), ал бір жылдық арамшөптерден көп кездескендері: тауық тарысы (Echicochloa crus-galli), қызылша гүлжәжі (Amaranthus retrofiexus), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris Medic), кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L.), ақ алабота (Chen album L.).
Ендігі жерде біз олардың негізгілеріне кішірек сипаттама бере кетейік.
Саусақты қара шойыр (1-сурет) – көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп, көбнесе шалғындықты аз сорланған топырақтарға тән. Мамыр айының ортасы мен маусым айында гүлдейді, гүлдеу мен өнім беру күздің соңына дейін жалғасады. Мақа егістігінде саусақты қара шойырдың көктеуі наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында басталады. Тағы бір айта кететіні, тұқымнан өсіп шыққан арамшөп сол жылы ақ гүлдеп өнім беруі мүмкін. Ал көбнесе бұл арамшөп вегетативтік жолмен, тамырсабақтары арқылы көбейеді. Тамысабақтары салыстырмалы түрде жердің беткі қабатында, 20-25 см тереңдікте жатып, тығыз жерасты торын құрайды. Әр өсімдік 2000 дейі тұқым беріп, мақтаға өте көп зиян келтіреді.
1-сурет
– Саусақты қара шойырҚұмай
(2-сурет)
-бұл
да көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас
арамшөп. Мақтада көп кездеседі. Тұқымы
мен тамыр сабақтары арқылы көбейеді.
Жер бетіне өскіндері сәуір айынан көктеп
шығады, ал гүлдеуі маусым айынан бастап
күздің соңына дейін жалғасады. Вегетациалық
кезеңі күздің бірінші суықтарында
аяқталады. Жер бетіндегі өскіндері 00
температурада өсуін тоқтатады. Бір
өсімдіктің өзі қолайлы жағдай болғанда
бірнеше мың тұқым береді. Тұқымдары
жоғары температурада (20-25 0)
көктеп шығады. Сондықтан табиғатта
олардың тұқымдары топырақ жетерліктей
қызғанда сәуір айында көктейді. Дегенменде
құмайдың көбейуі кәдуілгі жағдайда
вегетативтік мүшелерімен жүреді.
Тамырсабақтары топырақтың 40-60 см
тереңдігінде дамиды, ал негізгі
тамырсабақтары топырақтың 20 см
тереңдігінде шоғырланады. Ал кейбір
қосымша тамырлары топырақтың 150-200 см
тереңдігіне дейін барады.
2-сурет - Құмай
Егістік шырмауық (3-сурет) - көбжылдық арамшөп, тұқымы және тамыры арқылы көбейеді. Аса маңызды және жойылуы қиын арамшөп. Өте көп тараған. Бір өсімдік 600-дей өнімді жинағанға дейін пісіп жетілетін тұқым бере алады және ол ұзаққа созылуымен ерекшеленеді. Тұқымдары 1,5- 2,0 см топырақ тереңдіктерінде өте жақсы көктеп шығады. Тұқымдары 3 жылға дейін өнгіштік қасйетін жоғалтпайды. Шырмауық тамыр жүйесінің күшті дамуымен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайлар туындағанда (жеткілікті ылғалдылық, ауа және тиімді температура) шырмауық кіші бөліктерден үлкен алқаптарды басып таралуы мүмкін.
3-сурет – Егістік шырмауық
Кәдімгі қамыс (4-сурет)- көп жылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағы тіке, жапырақтары ұзын.Ұрығы дәнді. 1000 дәнінің салмағы 0,1-0,2 г. Гүлдәжіде 5-10 мың дән бар. Дәншелердің өсіп шығуының ең төменгі температурасы 8-10 0С, қолайлы температура 14-18 0С. Топырақтағы тұқымдар өнгіштігін 6-8 ай сақтай алады. Тұқымы арқылы көбейуімен қатар қамыс вегетативтік жолмен тамырсабақтары және жердің бетіндегі төселме сабақтары арқылы көбейеді. Тамырсабақтары соңғы жағымен жер бетіне шығып сабақ және жапырақ тұзеді.
4-сурет – Кәдімгі қамыс
Жатаған бидайық - көп жылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағы мен жапырақтары тіке. Ұрығы дәнді. 100 ұрықтың салмағы 3-4 г. Әр өсімдіктің тұқым өнімділігі 250-300 тұқым. Дәншелердің өніп шығуының ең төменгі температурасы 2-4 0С, қолайлы температура 20-30 0С. Дәні 5-6 см тереңдіктен өніп шығады. Топырақта өнгіштігін 3-5 жылға дейін сақтап тұрады. Тұқымнан бөлек жатаған бидайық, вегетативтік әдіспен тамырсабақтарындағы тұймешектері арқылы да көбейеді. Тамырсабақтарының негізгі бөлігі топырақтың 10-12 см тереңдігінде жатады.
Тауық тарысы (5-сурет) – біржылдық астықтұқымдас арамшөп. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, биіктігі 1,0-1,5 метр, көп бұтақтайтын арамшөп. Тек қана тұқымы арқылы тарайды. Тауық тарысының бір түбінің өзі 13 мыңдай, пісе келе шашылып топырақты ластайтын тұқым береді. Жерге шашылған тұқымдар күзде өнбейді, ал қыс
т
ап
шыққаннан кейін, көктемде салыстырмалы
түрде жоғары температурада, топырақтың
12 сантиметрге шейінші тереңдігінен
көктеп шығады.
5-сурет – Тауық тарысы
Қызылша гүлтәжі (6-сурет)– амаранттар тұқымдас біржылдық арамшөп. Барлық дерлік жерлерге жақсы тараған. Арамшөп жақсы өңделген, борпылдақ, тыңайтылған егістіктерді жақсы көреді, соның ішінде мақта егістігін де. Қолайлы жағдайлар туындағанда арамшөптің биіктігі 120 см жетеді және қатты бұтақтайды, ал керісінше жағдайда оның биіктігі 15-20 см ден аспайды.
Қ
ышылша
гүлтәжі тек қана тұқымдары арқылы
көбейеді. Бір өсімдіктің өзі 500 мың тұқым
береді. Өсімдіктің пісіп жетілуі біркелкі
емес, әркелкі болып, жаздың екінші
жартысынан бастап бірінші суық түскенге
дейін жалғасады.
6-сурет – Қызылша гүлтәжі
Жерге шашылған тұқымдар қыстап шыққаннан кейін көктемде, топырақпен азғана жабылған жағдайда, салыстырмалы жоғары температурада 20 0 С көктеп шықса, ал топырақтың 5 см тереңдігінде жатқан тұқымдар одан да жоғарылау температурада 22-26 0 С көктеп шығады. 5 см ден тереңге кеткен тұқымдар көктеп шықпауы мүмкін, бірақ 5 жылға дейін өнгіштігін жоғалтпайды.
Кәдімгі жұмыршақ – сабақ тамырлы қыстаушы біржылдық арамшөп. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері майда, гүл жапырақшалары ақ. Жемісі – қабықшалы. Тұқымдары майда, 1000 тұқымның салмағы 0,1-0,2 г. Тұқымдарының өсіп шығуының ең төменгі температурасы 1-20 С, тиімдісі 15-26 0 С. Тұқым өнімділігі, бір өсімдікте 27 мың тұқым. Тұқымның өну тереңдігі 2-3 см, өнгіштігін топырақта 35 жылға дейін жоғалтпайды.
Ақ алабота – алабота тұқымдас бір жылдық арамшөп. Ақ алабота Қазақстанның барлық аймағына тараған. Қоректік заттары аз, құрғақ топырақтарда ақ алабота өте кіші және аз бұтақталса, ал қоректік затқа бай, ылғалды топырақта оның сабағының биіктігі 1,5-2,0 метрге, ал диаметрі 1,5-2,0 см – ге жетеді. Жақсы дамыған бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді. Бір өсімдіктің өзінде әр түрлі үлкендіктегі және түстері әртүрлі тұқымдар болады. Олардың негізгі бөлігі пісіп жетілісімен төгіледі. Қыстап шыққаннан соң олардың өнгіштігі жоғарылайды және ол созылыңқы жүреді. 0,3-0,5 см топырақ тереңдігінен жақсы өніп шығады, ал 2 см тереңдіктен төмен қабаттан өніп шығуы қиындау болады. Ақ алабота тұқымының көп бөлігі, жануарлардың асқазанынан өтіп олардың қйы арқылы топыраққа түссе өнгіштігін жоғалтпайды.
Арамшөптермен күресу әдістері
Арам шөптермен күресудің ең негізгі шаралрына агротехникалық және химиялық әдістер жатады.
Мырзашөл өңірінде арам шөпке қарсы күрестің агротехникалық жолдарының негізгілері-зябьты ПЯ-3-35 екі қатарлы соқасымен терең жыртып (35-40 см), арам шөбі көп барлық жерлерде тырмалармен олардың тамырын егістік алқабынан сыртқа шығарып құрту болып табылады.
Әдетте топырақты қопсыту үшін ерте көктемде жүргізілетін тырмалау, «зиг-заг» 3БТС-1,0 құралымен тырмалау жұмыстары жаңадан өсіп келе жатқан арам шөптерді құртуға және олардың онан әрі көбейуіне жол бермеуіне мүмкіндік береді. Арам шөбі көп жерлерде жүзгізілетін зябьті тырмалау жұмыстарын арам шөптердің тамырын құрту және оларды айдалған жерден шетке шығарып тастау жұмыстармен ұштастыра жүргізген дұрыс болады.
Шит себу алдындағы топырақты ұзынынан және көлденеңнен чизелдеу КРУ-3,6 қондырғысымен 10-12 см тереңдікте жүргізілуі керек. Мұнымен қатар машинаның жұмыс істеу органдарын бір-біріне жақын орналастыру қажет болады.
Бірінші қатар-аралықтарды өңдеу 5-10 см тереңдікте КРУ-3,6, РХХ-3,6 қондырғыларымен, ал кейінгі шеткі оргындары 10 см тереңдікте, ортасындағы бөліктері 14-16 см тереңдікте қопсытылғаны жөн.
Ұзынынан жүргізілген қатар аралықтарды өңдеу арамшөптердің санының көбейуіне, олардың өніп шығуына және одан әрі көбейуіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
Жалғыз агротехникалық әдістің көмегімен мақта егістігін көптеген арам шөптерден толықтай тазарту мүмкін емес. Сонымен бірге топырақта арам шөптердің үлкен көлемде тұқымдары бар екенін ескерсек (0-10 см тереңдікте орташа 314 млн. шт/га) химиялық әдістің қажеттілігі келіп шығады.
Арамшөптерге қарсы күресте химиялық әдісті де кеңінен қолдануға болады. Химиялық әдісте қолданылатын гербицидтерді ендіру мерзіміне қарай, қауын тұқымын және шит егуден алдын қолданылатын гербицидтер, шит егумен бірге ендірілетін және мақта, қауын дақылдары көктеп шыққаннан кейін ендірілетін гербицидтер деп бөлуімізге болады (3-кесте).
Кесте 3 - Арам шөптерге қарсы күресу мақсатында мақта және қауын дақылдары егестігінде гербицидтерді қолданудың мерзімдері мен мөлшерлері
№ |
Гебицидтің атауы |
Қолдану мерзімі |
Қолдану мөлшері |
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9. |
«Ураган – Форте» 500 в.р.
«Трефлан» 24% к.э
«Дуал» 960 к.э.
«Набу», 20% к.э
«Газагерд» 50, с.к.
«Стомп», 33% к.э
«Зеллек Супер», 10,8% к.э
«Фюзилод – Форте» 150 к.э.
«Пантера», 4% к.э |
Күзде арамшөп өсуін тоқтатпай тұрып Шитті еккенге дейін топыраққа ендіру. Қауынды еккенге дейін 10-15 см топырақ қабатына ендіру. Қауынды еккенге дейін 10-15 см топырақ қабатына ендіру. Арамшөптердің биіктігі 10-15 см кезеңінде. Мақта дақылы көктеп шыққанға дейін.
Мақта көктеп шыққан-ға дейін топыраққа ендіру. Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. Мақтаның өніп-өсу кезеңінде. |
2,0-4,0 л/га
4,0-10,0 л/га
2,4-3,2 л/га
1,0-1,6 л/га
2,5-5,0 л/га
3,0-5,0 л/га
3,0-6,0 л/га
1,0-1,5 л/га
0,75-1,5 л/га
0,75-1,5 л/га |
Бұл кесте бойынша «Ураган–Форте» 500 в.р гербицидін күзде мақтаны жинаумен бірге ендіру ұсынылса, «Трефлан», 24% к.э гербицидін шитті еккенге дейін топыраққа ендіру ұсынылады «Гезагарт» 500 с.к,және «Стомп» 33% к.э герицидтерін мақта дақылы көктеп шыққанға дейін ендіру ұсынылса, ал «Фюлилет-Форте» 150 к.э, «Зеллек Супер», 10,8% к.э, Набу», 20% к.э және «Пантера», 4% к.э гербицидтерін мақта және қауын дақылдары жер бетіне көктеп шыққаннан кейін, арамшөптердің 3-4 нағыз жапырақтары пайда болғанда ендіру ұсынылады.
Арамшөптерге қарсы күресті егістіктен тыс жерлерді де, бос жерлерде, жол жағасының арық атыз жағасының арам шөптерін жою арқылы, да жүргізу керек. Жоғарыда келтірген арамшөптердің тұқымдары желмен, сумен және құстармен егістік жерге таралып сонда көбейеді. Сондықтан оларды айдап тастан немесе «Ураган-Форте» гебецидімен 4,0-5,0 л/га мөлшерінде арамшөптердің жаппай өніп-өсу кезеңінде дәрілеу керек.
Қорытынды. Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақты мақта және қауын егістіктерінде жүргізілген гербологиялық мониторингтің мәліметтері бойынша арамшөптердің 14 ботаникалық тұқымдасына жататын 33 түрі тіркелді. Биологиялық топтар бойынша аз жылдық арамшөптер 61,0%-ды, көп жылдық арамшөптер 39,0%-ды құрады. Аз жылдық астық тұқымдас арамшөптердің биотипі толықтай жаздық түрлерден тұрды. Аз жылдық қос жарнақты арамшөптердің арасында жаздық түрлері 86,0%, ал қыстап шығушылары 14,0%. Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобында дара жарнақтылар (58,0%), қосжарнақтылармен салыстырғанда (42,0%) басым болды. Қос жарнақты арамшөптердің арасында сояу тамырлы түрлердің өкілдеріне 40,0% тура келсе, атпа тамырлыларға -60,0% сәйкес келді.
Егістен тыс жерлерде арамшөптердің қырыққа тарта түрі тіркеліп, агрофитоценоздарға қарағанда 6 арамшөп түрі көп болды, олар жер үсті баттауығы (вейник наземный - Calamagrostis epigeios (L.) Roth.), емдік бақбақ (одуванчик лекарственный - Taraxacum officinale Wigg.), Биберштейн мыңжапырағы (тысячелистник Биберштейна - Achillea bibersteinii Afan), қалталы ебелек (рогач сумчатый - Ceratocarpus utriculosus Bluk), кәдімгі алабүйі (крестовик обыкновеный - Senecio vulgaris L.), түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая - Vicia villosa Roth.), бұлармен ластану 2-3 балды құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер асты суының деңгейі жоғары, суармалы егіс жағдайында қауын егістігіндегі арамшөптердің түр құрамын білу, шаруа-шаруашылықтарына арамшөптермен күресті тиімді кезеңдерде және ғылыми негізделген әдістермен нақты жүргізуге жол ашады.
