- •«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы
- •Лекция 1. Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
- •Лекция 2. Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
- •Зерттеу бағытын таңдау
- •Топырақты терең қопсыту технологиясының тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеу нысандары және оның сипаттамасына мысал келтіреміз
- •Мақтаарал-4005 мақта сорты
- •Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу
- •Жерді негізгі өңдеу.
- •Топырақты егіс алды өңдеу.
- •Топырақты терең қопсыту
- •Қопсытудың маңызы
- •Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері
- •Терең қопсытуға арналған техника
- •Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
- •1213,14-Сурет – Фенологиялық бақылаулар
- •Терең қопсытуды жүргізудің экономикалық тиімділігі
- •Қорытынды
- •Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
- •Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
- •Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
- •Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
- •Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
- •1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
- •Сорт м-4007
- •Сорт м-4005
- •Сорт па-3044
- •1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары
- •1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары
- •1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
- •2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
- •Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
- •2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
- •2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары
- •2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары
- •2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары
- •2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары
- •2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары
- •Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы
- •Отандық мақта сорттары
- •Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары
- •Лекция 5 Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
- •Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
- •Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
- •Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
- •Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
- •Қорытынды
- •Жерді тегістеу.
- •Лекция 6.
- •Лекция 7. Роль и значение кооперации схтп при возделывании хлопчатника.
Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
Гүлдеу кезеңінде 1-ші вегетациялық суды гектарына 500 м3/га, ал пісіп жетілу кезеңінде 400 м3/га мөлшерімен жүйек тастап суару тиімділік танытады.
Тиімділіктері:
Қолданылып жүрген технологияларға қарағанда 25 пайыз ағын су үнемделінеді.
Суару кезеңінде еңбек өнімділігі артады
Суару кезінде басқа да агротехникалық шараларды (арамшөптерді отау, мақта қозасы ұшын шырпу, зиянкестерге қарсы биологиялық әдістер) бір мезгілде жүргізуге қол жеткізіледі.
Жүйек тастап суару арқылы суарудан кейін жүргізілетін жүйек аралық баптауды қысқартуға қол жеткізіледі.
Кейінгі агротехникалық шараларды сапалы жүргізу үшін жүйектердің бір келкі кебуіне жағдай жасайды.
Өсімдік бойының биіктігі бір келкі болуы қамтамасыз етіледі.
Өнімділігі гектарына 22-23 пайызға артады.
Топырақта тиімді ылғалдылық сақталынады.
Оңтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайларына байланысты, келіп жатқан суларды, сондай-ақ суды тиімді пайдалану бойынша жаңа стратегиялық жетістіктерді жасап шығаруды уақыт талап етіп отыр
Су тапшылығының өрістеуі, суармалы жерлердегі экологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты, бұл аймақта суүнемдеу технологияларын өндіріске ендіру өте маңыздылық танытады.
Жасап шығарылған суүнемдеу технологияларды өндіріске ендіргенде, суармалы жерлердегі топырақ құнарлылығы артып, өнімділік жоғарылайды, су және жер ресурстары тиімді пайдалыналады, сондай-ақ материалдық шығындар төмендеп, еңбек өнімділігі артады.
Қазіргі таңда облыс көлеміндегі жаңа инновациялық технологияларды өндіріске ендіру бойынша Мақтарал ауданындағы «Кетебай», «Нысан», «Қараша», «Бауыржан» және «Нұралы-жол» сияқты шаруа қожалықтарында ендіріліп, жүргізілуде.
Бұл жаңа технологиялар Түркістан ауданындағы «Тұран» шаруа қожалығында, «Нұр» өндірістік кооперативінде, «Көксарай» ЖШС-нің далалық алқабында ендірілсе, Шардара ауданында «Пернебай және К» және «Құлтөре-Айғожа» атты шаруа қожалықтарының өндірістік алқаптарында ендіріліп, жүргізіліп келеді.
Бұл аталған шаруашылықтар, инновациялық технологиялардың қарқындылығы арқасында әр гектардан 38-43 центнерден биологиялық өнімділікке қол жеткізуде
2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
Тамшылатып суару системасы ең алдыңғы ирригациялық технологияларға жатады.
Бұл суару әдісімен мақта қозасын суғарғанда, өсімдіктің тамыр жаятын топырақ қабатына минералды тыңайтқыштарды ерітілген күйінде сумен бірге бере отырып, өсімдіктің азотты сіңіру тиімділігін арттыруға, минералды тыңайтқыштардың беру мөлшерін 40%-ға азайтуға болады. Кететін ағын судың мөлшерін 50%-ға дейін азайтып , мақта алқаптарын бір келкі суаруға қол жеткізіледі. Қол жұмысын аз пайдаланып, жүйекпен суару кезінде оқ арықтарға, палдарға кететін жерлер (6-7%) үнемдеуге болады.
Институттың мелиорация бөлімінің ғалымдары Израильдің «Нетафим» фирмасымен бірлесе отырып, тамшылатып суару әдісінің ең соңғы үлгідегі жүйелерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу арқылы тиімділіктерін анықтауда.
