- •«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы
- •Лекция 1. Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
- •Лекция 2. Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
- •Зерттеу бағытын таңдау
- •Топырақты терең қопсыту технологиясының тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеу нысандары және оның сипаттамасына мысал келтіреміз
- •Мақтаарал-4005 мақта сорты
- •Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу
- •Жерді негізгі өңдеу.
- •Топырақты егіс алды өңдеу.
- •Топырақты терең қопсыту
- •Қопсытудың маңызы
- •Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері
- •Терең қопсытуға арналған техника
- •Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
- •1213,14-Сурет – Фенологиялық бақылаулар
- •Терең қопсытуды жүргізудің экономикалық тиімділігі
- •Қорытынды
- •Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
- •Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
- •Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
- •Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
- •Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
- •1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
- •Сорт м-4007
- •Сорт м-4005
- •Сорт па-3044
- •1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары
- •1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары
- •1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
- •2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
- •Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
- •2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
- •2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары
- •2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары
- •2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары
- •2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары
- •2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары
- •Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы
- •Отандық мақта сорттары
- •Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары
- •Лекция 5 Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
- •Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
- •Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
- •Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
- •Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
- •Қорытынды
- •Жерді тегістеу.
- •Лекция 6.
- •Лекция 7. Роль и значение кооперации схтп при возделывании хлопчатника.
1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
Көктемдегі мақта егудің алдындағы жүргізілетін агротехникалық жұмыстардың ішіндегі негізгілерінің бірі мақта алқаптарында тырма салу жұмыстары: тырма салу топырақтың жоғарғы қабатындағы ұсақ қуыстарды жайып, ылғалдың буға айналуын кеміте отырып, оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Технология бойынша тырмалауды 4-5 см тереңдікте жүргізе отырып, 2-3 рет қайталаса тиімді болады.
Екінші агротехникалық жұмыстардың бірі, жүйекаралық баптау (культивация). Суды үнемдеуде культивацияның сапалы жүргізілуі үлкен роль атқарады. Сапалы жүргізілген культивация мақта қозасының тамырының жақсы дамуына және терең бойлауына, соның себебінен мақтаның жер асты суларын көптеп пайдалануына жағдай жасайды. Сапалы культивация жүргізілген мақта алқаптары суды талап ете қоймайды, соның есебінен пайланылатын ағын су үнемделеді.
Бүгінде дихандар суарудан кейінгі жүйекаралық баптау культивациясына мүлде көңіл бөлмейді. Судан кейінгі жүйек аралық қопсытудың маңызы өте үлкен, себебі жүйекте жарықшалар пайда болып, көп мөлшерде су буланып ұшып кетеді. Мақта қозасының тез шөлдеуіне алып келеді. Бұл агротехникалық шараларды жүргізбеген жағдайда, мақта өнімінің артуына кері әсерін тигізеді.
Бірінші жүйекаралық баптаудың маңызы өте үлкен, ол мақтаның топырақтан қоректік заттарды көптеп пайдалануына жағдай жасайды. Ерте жүргізілген жүйекаралық баптау, арамшөптердің шығуына жол бермей, мақтаның тамыр шірігі ауруын қоздыратын бактерияларды құртуға да оң әсерін тигізеді. Көп мөлшерде жауын-шашын болып, көктемнің ылғалды болған жылдары, бұл шараның санын көбейту, мақтаның жақсы өсуін дамуына жағдай жасайды. Бұл шараны кешіктіру мақта өнімділігін 15-25%-ға кемітуі мүмкін.
2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
Мақта қозасының өсуі үшін ең негізгі факторлардың бірі – су. Қозаның әртүрлі өсу кезеңіндегі фазаларына байланысты өз салмағының 60-90 %-ына дейін су болады. Тек қана дұрыс суарудың арқасында ғана ерте пісетін жоғары өнім алуға болады. Судың жеткіліксіз жағдайында, мақта өсу процессін тоқтатып шанақтарын тастайды.
Мақтадан 40 ц/га өнім алу үшін транспирацияға қажетті 5000 м3/га суды талап етеді. Ол алғашқы өсу фазаларында сөткесіне 10-12 м3/га суды жұмсайды. Жапырақтарының саны мен көлемінің ұлғаюына және температураның қызуына байланысты өсе келе шанақтау кезінде сөткесіне 30-40 м3/га суды қажеттейді. Гүлдеу мен көсектеу кезеңінде сөткесіне 90-100 м3/га және пісу кезеңінде төмендеп 30-40 м3/га талап етеді.
Мақтаны суару үшін жұмсалған жалпы су көлемінің 30-35%-ы топырақтан буланса, қалған 65-70%-ы өнімді құрауға жұмсалады.
Судан кейінгі орындалатын агротехникалық шаралардың өз уақтысында орындалмауының арқасында пайдаланылған су көлемінің 50%-ы булану арқылы ұшып кетеді.
Мақтаның орташа өніп-өсуіне керекті топырақтың ылғал сыйымдылығы 70%-дан төмен болмауы керек. Топырақтың 0-50 см қабатында оның ылғал сыйымдылығы 70%-дан төмендей бастаған кезде, мақтаны суару керек. Сонда ғана мақта қозасы сабағы жуан, өнім бұтақтарының арасы қысқа және ерте пісетін өніммен қамтамасыз етіледі. Қозаны гүлдеу, көсек еу және пісу кезеңдерінде дұрыс суару режимдерінің үлкен мағынасы бар. Әсіресе ылғал жеткіліксіз жағдайда көсектері уақытынан бұрын ашылып, талшығының сапасы төмендейді. Сондай-ақ қозаны гүлдеу кезеңінде шамадан тыс суарған өте көп өнім бұтақтары мен жапырақтары көлеңкелеп оның пісуін кешіктіреді.
Мақта егістігін суару режимін, суды мүмкіндігінше аз жұмсай отырып, оны толығырақ пайдалануды қамтамасыз ететіндей дәрежеде реттеп отыру керек. Суарылатын әрбір участок үшін суару күні, мерзімі және нормасы – климат пен топырақ сипаттары, жер асты суының тереңдігі мен минералдану дәрежесі, топырақтың сор тарту дәрежесі мен сипаты, сумен қамтамасыз етілуі, ирригациялық жүйелер, қатараралықтардың ені мен өсімдіктердің жиілігі ескеріле отырып белгіленеді.
Мақта қозасының егіс көлемінің ұлғаюына байланысты, облысымызда ағын суға деген сұраныстың көбейуі, бүгінде су үнемдеу әдістерін қолдануды қажет етеді.
Мақтаны үнемдеп суарудың көптеген түрлері бар: тамшылатып, жаңбырлатып, топырақтын ішінен суару, түтікше-сифондарды және жер асты суларын пайдалану.
