Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

1. Оңтүстіктің суармалы егіншілігінде, әр түрлі сортаңданған ашық сұр топырақ жағдайында, қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізу, негізгі және оңтайлы іс-шара болып табылады.

2. Мақта шаруашылығындағы агроқұрылымдарға (фермерлік және өндірістік кооперативтер), мақта қозасын монодақыл етіп, қайта-қайта бір жерде өсіру, топырақ құнарлылығы мен өнімділікті төмендететінін тәжірибе нәтижелеріне сүйене мәлімдейміз.

3. Көп жылдық ғылыми нәтижелерге сүйенен отырып, шаруа қожалықтарына топырақ құнарлылылығын арттыратын және өнімділікті жоғарылатытын бұршақ тұқымдас және дәнді-дақылдардан тұратын қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерін ұсынамыз:

- (1:2) 1 жыл қытайбұршақ : 2 жыл мақтамақтаның үлес салмағы 66,6%, мақта қозасына үйлесімді гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды қолданғанда, мақта қозасы өнімділігін бірегей егіспен салыстырмалы түрде 8,05 центнерге арттырады;

- (1:1:1) 1 жыл мақта : 1 жыл бидай : 1 жыл мақта, мақтаның үлес салмағы 66,6%, мақта қозасына үйлесімді гектарына N120P60 мөлшерде тыңайтқыштарды қолданғанда, мақта қозасы өнімділігін бірегей егіспен салыстырмалы түрде 6,4 центнерге арттырады.

Жерді тегістеу.

Бұл шара агротехникалық шаралардың ішінде ең негізгісі болып есетелінеді. Сор шаю жұмыстарын және жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде судың егіс алқаптарында бір келкі жайылуына жағдай жасайды және соның есебінен кететің ағын судың мөлшерін азайтып суды 15-17 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.

Жерді тегістеу

Топырақты кешенді

баптау

Мақта қозасын баптауда агротехникалық шараларды сапалы жүргізуде жердің тегістігін қамтамасыз еткен жөн, сонда ғана мақта қозасын себуде және суару арқылы жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады.

Жер тегістігі сушылардың жұмыс өнімділігін де арттырады. Бір күнде тегіс емес жерде сушы 0,4-0,5 гектар жерді суаратын болса, күрделі тегістеуден өткен жерде бұл көрсеткіш 1,5-2,0 гектарға дейін жетеді.

Жақсы тегістелген жерде сор шаюға кететін су шығыны азайып, мақта біркелкі шығуымен бірге мақта қозасының керекті түп санын алуға қол жеткізіледі. Жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде де жүйектерге су біркелкі тарап топырақ біркелкі намданады, соның есебінен жүйекаралық қопсытуды сапалы жүргізе отырып, мақтаның біркелкі пісуіне жағдай жасалады.

Ауыспалы егіс кестесінде мелиоративтік жер болатын болса, күрделі жер тегістеу жұмыстарын жерді екіге бөліп жаз айларынан бастаған дұрыс. Жылдың бірінші жартысында бірінші жер бөлегіне тегістеу жұмыстарын жүргізіп, содан соң жүгеріні көк майсаға себу, ал жердің екінші жартысына керісінше жылдың бірінші жартысында жүгеріні көк майсаға себіп, ал жердің екінші жартысына күрделі жер тегістеу жұмыстарын жүргізген дұрыс.

Күрделі тегістеу кезінде кейбір жер бөліктерінің үлкен қабатын алуға тура келеді, бұл топырақтың құнарлығын төмендетуі мүмкін, сол үшін ол жерлерге суперфосфат тыңайтқыштарын гектарына 500-700 килограмм есебінде немесе көңді 30-40 тонна беру керек.

Күрделі жер тегістеу жұмыстарын әр 10-15 жылда жүргізе отырып, әр жылда ағымдық жер тегістеуді жүргізгенде мақта өнімділігін көтерумен бірге вегетациялық суару кезеңдерінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізуге болады.