- •«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы
- •Лекция 1. Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
- •Лекция 2. Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
- •Зерттеу бағытын таңдау
- •Топырақты терең қопсыту технологиясының тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеу нысандары және оның сипаттамасына мысал келтіреміз
- •Мақтаарал-4005 мақта сорты
- •Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу
- •Жерді негізгі өңдеу.
- •Топырақты егіс алды өңдеу.
- •Топырақты терең қопсыту
- •Қопсытудың маңызы
- •Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері
- •Терең қопсытуға арналған техника
- •Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
- •1213,14-Сурет – Фенологиялық бақылаулар
- •Терең қопсытуды жүргізудің экономикалық тиімділігі
- •Қорытынды
- •Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
- •Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
- •Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
- •Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
- •Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
- •1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
- •Сорт м-4007
- •Сорт м-4005
- •Сорт па-3044
- •1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары
- •1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары
- •1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
- •2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
- •Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
- •2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
- •2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары
- •2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары
- •2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары
- •2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары
- •2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары
- •Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы
- •Отандық мақта сорттары
- •Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары
- •Лекция 5 Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
- •Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
- •Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
- •Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
- •Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
- •Қорытынды
- •Жерді тегістеу.
- •Лекция 6.
- •Лекция 7. Роль и значение кооперации схтп при возделывании хлопчатника.
Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
Еліміздің оңтүстік аймағындағы мақта шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласы болып есептелінеді. Мақта өзінің экспорттың потенциялымен астық дақылдарынан, соның ішінде бидайдан кейін тұратын техникалық дақылдардың бірі, ал оның өте көп өнімін өндіретін Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен ауданы – ол Мақтаарал ауданы мақта болып табылады.
Қазір таңда, мақталық егістікті әртараптандыру бойынша мақта дақылы ағымдағы 2016 жылы Мақтаарал ауданында 83,0 мың гектар жерге өсіріліп отыр. Ал өткен 2015 жылы 76,9 мың гектар жерге өсіріліп, орташа түсім гектарынан 28,5 центнерден айналды.
Бүгінде қазақ мақтасының әлемдік нарықта өзіндік орны бар. Себебі, сапасы жағынан кез келген елдің өнімінен кем түспейді. Бұған ауыл шаруашылығы ғылымындағы инновациялық технологиялардың өндірісте енгізіліп, нәтижесінде мақта шаруашылығының алға қарай дамуы байқалып отыр.
Мақта шаруашылығын одан ары қарай дамыту үшін, осы өңірдегі сортаңданған жерлерді қалпына келтіру іс-шараларын қарқынды жүргізу қазіргі таңда өте өзектілік танытып отыр. Сондықтан да сортаңданған жерлердің мелиоративтік жағдайларын жақсартуда, тиімді әр түрлі агротехникалық әдістерді қолдану шараларының тиімділігін анықтау бойынша, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттың тәжирбелік алқабында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Ауыспалы егісте жоңышқаның үлес салмағы ғылыми дәлелденген ұсыныстар бойынша 30-35%-ды құрау керек болса, ол соңғы жылдары 5-7%-дан аспайды. Мақталық алқаптың фитосанитарлық жағдайының жыл санап нашарлануы, топырақ құнарлығының төмендеуі, тік дренаждардың істен шығуы, жер асты сулары деңгейінің көтерілуі мақта өнімінің төмендеуіне және суармалы жер қорының айналымынан шығып қалуына әкеп соқтыруда.
Осының салдарынан мақтаның барлық егісін суару кезеңінде бір мезетте сумен қамтамасыз ету мүмкін еместігі үлкен проблемаға айналды. Мақтаарал ауданының 138 мың гектарға жуық суармалы жерлері толығымен Өзбекстаннан келетін мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы сумен қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты мақта шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін су тапшылығы жағдайында суүнемдеу технологияларды ендіре отырып, қандай нақты агротехникалық іс-шараларды атқару керек. Суды қалай үнемдеуге болады?
1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
Бүгінгі күнде мақта алқаптарына қолданылып жүрген қоза баптау технологиялары ескі, олар кейінгі 35 жылда мақта шаруашылығында өзгеріссіз қалып келеді.
Нарық жағдайында өзіндік құны төмен, жоғары сапалы өнім өндіру үшін жаңа технологиялар қолдануымыз керек. Бұл технологиялар әр аймақтың топырақ-климат жағдайларына сай, себілетін мақта сорттарының генетикалық және биологиялық ерекшіліктерін есепке алып, ғылыми түрде негізделіп жасалуы тиіс.
Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде отандық мақта сорттарының ерекшіліктерін ескере отырып, қоза баптаудың жаңа су үнемдеу технологияларын жасап шығарды. Бұл технологияларды жасап шығару барысында мақта қозасының өнімділігі мен сапасына әсерін тигізетін барлық факторларды терең зерттеу және оларды реттеу арқылы қол жеткізілді. Бұл факторлар:
1) Өндіріске су тапшылығына шыдамды отандық, бәсекеге қабілетті мақта сорттарын енгізу;
2) Отандық мақта сорттарына ең тиімді суару жүйелерін құру;
3) Мақта сорттарына ең тиімді минералды тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі және суару жүйелерін әзірлеу;
4) Ағын суды тиімді пайдалану әдістерін енгізу;
5) Ылғал сақтау бойынша ең тиімді агротехникалық шараларды қолдану
Тек қана осы технологияларды қолданудың арқасында суды 28-30%-ға, минералды тыңайтқыштарды 35-40%-ға үнемдеуге болады.
Технологиялардың ерекшілігі пайдаланылатын суды мақта қозасының өсіп-даму кезеңдерінде суға деген сұранысын қанағаттандыру, минералды тыңайтқыштарды суару жүйелеріне үйлестіріп берілуінде.
1.1 Отандық, бәсекеге қабілетті мақта сорттары
Бүгінгі таңда Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты селекционерлері көпжылдық сұрыптаудан кейін 7 отандық, бәсекеге қабілетті мақта сорттарын шығарды. Олардың үшеуі ПА-3044, М-4005 және М-4007 сорттары өндіріске енгізіліп, қазіргі таңда республикамызда 90 мың гектар жуық жерге егіліп көбейіп келеді.
Бұл сорттар орта талшықты өзінің өнімділігі, талшығының сапасының жоғарылығы және әртүрлі қолайсыз факторларға шыдамдылығы жағынан ерекшілінеді.
Отандық сорттардың басқа мақта сорттарына қарағанда, тағы бір артықшылығы – су тапшылығына шыдамдылығында. Тамырының тереңге кетуінің арқасында басқа сорттарға қарағанда, суды 28-30%-ға аз қажет етеді.
Тек қана отандық сорттарды өндіріске толық енгізудің арқасында ғана өнімділікті 3-4 центнерге көтеріп, сонымен қатар әр гектар егістіктен 300-350м3 суды, бүкіл мақта егіс көлеміне (200 мың га) есептегенде, 55-60 млн.м3 суды үнемдеуге қол жеткізеріледі. Үнемделген сумен 40-45 мың га егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуге болады.
