Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары

Бұл агротехникалық шара – мақта қозасының жүйекаралықтарына бидай сабанын төсеу арқылы, топырақтың жоғарғы қабатындағы судын булану процесін 30-40% азайтуға болады. Сонымен қатар әр жылда гектарына 2-3 тонна бидай сабанын төсеу топырақтың құнарлығын арттырады.

Мақта егістіктерінде жүйек арасына қара пленка тарту су булануын азайтумен қатар, топырақ температурасын көтереді. Бұл әдіс мақтаның алғашқы өніп-өсу кезеңдерінде өте тиімділігімен ерекшілінеді.

Суды үнемдеу мақсатында институтта облысымыздың Түлкібас ауданы шығарып жатқан «Вермикулит» минералы мақталықта тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіліп жатыр. Ол экологиялық таза, ауыр металдары жоқ минерал. Өз денесіне 4 есе (100 г Вермикулит 400 г суды) сіңіретін қасиеті бар және ол өсімдікті өсу кезінде сумен қамтамасыз етеді. Вермикулит оң нәтиже берген жағдайда, су үнемдеуде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін.

2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары

Бұл шара агротехникалық шаралардың ішіндегі ең негізгісі болып есептелінеді. Тегістеу жұмыстары жүргізілген алқапта суару кезінде судың біркелкі жайылуы, суарудан кейінгі жүйекаралық баптау үшін алқаптың біркелкі дайын болуы және кететін судың шығынын 15-17%-ға кемітуге қол жеткізуге болады. Мақта егетін дамыған мемлекеттерде тегістеу жұмыстары 5-60 дәлдікпен жасауға қол жеткізілген. Олар суармалы жерлерін лазерлік тегістеу әдісі арқылы іске асырады. Мұндай тегістеу жұмыстарынан кейін су бір тегіс жайылып, алқап артық суды керек етпейді. Су 10-15%-ға дейін үнемделеді.

Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы

«Жасыл» экономика.

Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады. Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.

«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары 

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат

байлығын сақтауға бағытталған.

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі 

«Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:

- ішкі жалпы өнімнің өсімі; - елдің табыстарын ұлғайту; - елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.

Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.

Органикалық егіншілік

Адам денсаулығына және табиғатқа зиян келтірмейтін, өндірістен тұтынуға дейін барлық сатысы бақыланатын, сертификатты түрде жүзеге асыралатын егіншілік «органикалық егіншілік» деп аталады.

Органикалық егіншілік он жылда 5 есе дамиды.

Органикалық егіншілікте химикат немесе дәрі қолданылмайды. Органикалық тыңайтқышқа көң‚ көң садырасы‚ құс саңғырығы‚ қордалар‚ шаруашылық қалдықтары‚ шымтезек‚ сапропель, сидераттар т.б. жатады

«Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісін демеу- қаржыландыру» бағдарламасының өмірге жолдама алғанына екі жыл. Оның өміршеңдігі мен тиімділігін сын садағына алу үшін «ақ алтын» өндірісінде ілкімді жоба қолға алынған. Оған сәйкес биоагенттерді сатып алуға немесе биологиялық препараттарды пайдалануға ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жұмсаған шығынының 40 пайызға дейінгі көлемін мемлекет демеп-қаржыландырылады. Мәселен, мақта 130-140 мың га егілсе, оның 40-50 гектарында биологиялық әдіс қолданылады. Құзырлы министрлік мамандарының сендіруінше, таза биологиялық әдістің химияға қарағанда қоршаған орта мен адам денсаулығы әсері төмен.

Химиялық тыңайтқыштарды және химиялық препараттарды қолданбай органикалық егіс шаруашылығын жүргізу арқылы өндірілетін экологиялық таза өнімдерге сұраныс артады. Осы бағыттағы ғылыми ұсыныстарды меңгеру үшін мамандарға жаңа деңгейдегі білім және біліктілік қажет. Біздің институтта бұл бағытта ғылым жұмыстарды жасап, әрі қарай дамыту бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда.

Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады. Өнеркәсіпте мочвина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды қажетті макро- және микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т.б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне садыра және тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс және техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т.б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді. Жылыжайларда егістік бетін жабындауда қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі ылғалы жеткілікті аудандардағы шымды-күлгіндеу және орманның сұр топырақтарында жоғары, ал күлгінденген және сілтісіздендірілген қара топырақтарда төмендеу, құнарлы және қарапайым қаратопырақтарда төмен болады. Органикалық тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың түріне және топырақ-климаттық жағдайға байланысты 15 – 60 т/га-ға тең. Минералды тыңайтқыштармен бірге қолданғанда оның мөлшері азаяды. Құрғақшылық аудандарда жырту қабатының барлық тереңдігіне енгізіледі, ал ауыртопырақты жерлерде оның тереңдігі 15 – 18 см-ден аспауы керек.