- •«Топырақ құнарлылығын жақсарту және мақта өнімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша лектордың тезисы
- •Лекция 1. Топырақты егіс алды үнемді өңдеу технологиясы
- •Лекция 2. Топырақты терең қопсыту технологиясы және оның экономикалық тиімділігі
- •Зерттеу бағытын таңдау
- •Топырақты терең қопсыту технологиясының тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеу нысандары және оның сипаттамасына мысал келтіреміз
- •Мақтаарал-4005 мақта сорты
- •Топырақты негізгі және егіс алды өңдеу
- •Жерді негізгі өңдеу.
- •Топырақты егіс алды өңдеу.
- •Топырақты терең қопсыту
- •Қопсытудың маңызы
- •Топырақты өңдеу әдістерінің профилактикалық сор шаю тиімділігін арттыруға әсері
- •Терең қопсытуға арналған техника
- •Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
- •1213,14-Сурет – Фенологиялық бақылаулар
- •Терең қопсытуды жүргізудің экономикалық тиімділігі
- •Қорытынды
- •Лекция 3 Мақтаны зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесі
- •Өрмекші кененің биологиялық ерекшеліктері және онымен күресу
- •Өсімдікті қорғаудың биологиялық әдісі
- •Биологиялық әдіс – халық денсаулығын қорғау кепілі
- •Лекция 4 Мақта егістігіндегі суүнемдеу технологиясының тиімділігі. Отандық мақта сорттары. Органикалық егіншілік.
- •1. Мақта қозасын өсіруде жаңа су үнемдеу технологиясын енгізу ұсыныстары
- •Сорт м-4007
- •Сорт м-4005
- •Сорт па-3044
- •1.2 Минералды тыңайтқыштардың ең тиімді мөлшері, мерзімі және суару режимінің ұсыныстары
- •1.3 Суды тиімді және үнемдеп суару ұсыныстары
- •1.4 Ылғал сақтау бойынша агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы жүргізу ұсыныстары
- •2. Мақтаны үнемдеп суару ұсыныстары
- •Суүнемдеу технологиясы - мақта қозасын жүйек тастап суару
- •2.1 Тамшылатып суару ұсыныстары
- •2.2 Жаңбырлатып суару ұсыныстары
- •2.3 Түтікше-сифондарды қолдану ұсыныстары
- •2.4 Жер асты суларын пайдалану ұсыныстары
- •2.5 Ылғал сақтау (мульчирование) және «Вермикулит» минералын қолдану ұсыныстары
- •2.6 Жерді күрделі тегістеуден өткізу ұсыныстары
- •Мақтаны баптаудың экологиялық қауіпсіз технологиясы
- •Отандық мақта сорттары
- •Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары
- •Лекция 5 Қысқа танапты мақталық - ауыспалы егістердің тиімділігі
- •Ауыспалы егіс жүйесінің мақта шаруашылығындағы орны
- •Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің ауытқуы.
- •Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтағы қарашірінді құрамының өзгеруі
- •Ауыспалы егіс тізбектеріндегі ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі
- •Қорытынды
- •Жерді тегістеу.
- •Лекция 6.
- •Лекция 7. Роль и значение кооперации схтп при возделывании хлопчатника.
Топырақты терең қопсыту
Соңғы үш онжылдықта топырақ өңдеу, өнімді жинап-теру жұмыстарына қуаты мол техникалар қолдану күрт артып кетті, бұл техникалармен алқаптарда жиі өту өз кезегінде жыртылатын топырақ қабатының нығыздалуына алып келді. Көп қайтара жер жырту өзін ақтамады және топырақтың 35-40 см тереңдікте су өткізбейтін қабатының түзілуіне алып келді. Топырақтың нығыздалуы нәтижесінде эрозиялық процестер пайда болды, өйткені топырақтың сорын шаю және сел жаңбырлар кезінде (25-35 мм) терең топырақ қабаттарына сіңбеген сулар жер бетімен ағып кетеді. Нәтижеде топырақтың су-ауа және жылу тәртібі, топырақ түзетін процестері ж.т.б. төмендейді, бұл өз кезегінде өнімділіктің күрт төмендеуіне алып келеді, ал өнімділікті қайта арттыру үшін ауылшаруашылық дақылдарының егісіне тыңайтқыштардың көп мөлшері қажет болады.
Соңғы кезде топырақты өңдеу жұмыстары біршама өзгерді. Жер жырту үшін әртүрлі соқалар, екі деңгейлі соқалар ж.т.б. қолданылуда. Алайда бұл агроәдістер құралдардың жұмыс атқаратын органдардың конструктивтігі жағынан да, топырақты өңдеу тереңдігі (30-35 см) жағынан да жеткіліксіз болып отыр.
Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқабында топырақты чизель түріндегі терең қопсытқыш құралдар жәрдемінде терең қопсыту бойынша зерттеулер жүргізілді.
Қопсыту топырақтың көлемдік салмағын және олардың тығыздығын 4-10 пайызға дейін төмендетеді, қуыстылығы мен шектік дала ылғалдылығын арттырады. Мұнда топырақтың фильтрлеу коэффициенті қопсытқыштар жүріп өткен жерлерде он есеге дейін артады. Нәтижеде топырақтың су, ауа, жылу және микробиологиялық тәртібі жақсарады.
Қопсыту жұмыстары топырақтың ылғалдылығы шектен тыс жоғары кезінде жүргізуге болмайды. Топырақты қопсыту түрлі дақылдар өнімділігін 20-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Қопсытудың әсері 10-16 жылға дейін сақталады. Тиімді әсері әдетте 3-4 жылға дейін жалғасады, осы мерзім өткенде терең қопсыту жұмыстарын қайта жүргізу қажет.
Қопсытудың маңызы
Әртүрлі агротехникалық іс-шаралардың, ендірілген тыңайтқыштардың тиімділігі және олардың өсімдіктерге қол жетімділігі топырақ қасиеттеріне, ең алдымен оның физикалық қасиеттеріне күшті дәрежеде байланысты болады. Олар топырақта жүретін басқа процестердің дамуын шектеп қоятын немесе керісінше оларды жандандырып жіберуі мүмкін. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін тыңайтқыштар ендіру, суару ж.т.б. жеткіліксіз болады. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің жоғары әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінуінде топырақ ортасының – тамыр жүйесінің еркін, кедергілерсіз тарамдалуы, топырақ және атмосфералық ауа алмасуы, топырақтың су өткізгіштігінің жоғары болуы, ылғал сыйымдылығы, суды ұстап тұру қабілеті ж.т.б қасиеттерінің маңызы орасан. Осындай жағдайлар жаратылғанда ғана барлық агротехникалық іс-шаралардың тиімділігі артады.
Көптеген авторлар кез-келген егіншілік мәдениетіндегі маңызды шарттардың бірі топырақ борпылдақтығын сақтау деп есептейді. Қопсытылған топырақта су, ауа, қоректік тәртібі, сондай-ақ өсімдіктердің өсуі мен дамуына оң әсерін тигізетін микробиологиялық іскерлігі де арта түседі.
Топырақ жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі оның көлемдік салмағы немесе құрылымының тығыздығы болып табылады.
Мақта өсірілетін сұр топырақты суармалы жерлердің тығыз топырақ қабаттарының пайда болу себептері топырақты өңдеу құралдарын ұзақ уақыт пайдалану және суарудың әсерінен болатыны И. Үмбетаевтың еңбектерінде толық келтірілген. Топырақты бір тереңдікте жүйелі түрде өңдеу, сондай-ақ тракторлардың көп қайтара алқаптан жүріп өтуі және басқа да ауылшаруашылық құрылғыларымен алқапты егіс алды, егіс және вегетациялық өңдеу нәтижесінде топырақтың тығыз қабаты пайда болады.
Сонымен бірге мақта өсіруші аудандарда жауын-шашынның, қосымша және вегетациялық суару әсерінен топырақ құрамы бұзылады. Ағын сумен бірге алқаптарға лайлы бөлшектер келіп түседі, олар жоғарғы топырақ қабаттарынан құрамы бұзылған өнімдермен және каллоидтық массалармен бірге жыртылатын қабаттың астыңғы терең қабаттарына сіңеді де, ол жерде нығыздалып, топырақтың капиллярлық емес қуыстарын біртіндеп толтырады. Сонымен бірге топырақ суды сіңіре отырып өз салмағымен шөгеді, нәтижеде топырақ су сіңетін терең қабаттарына дейін нығыздалады.
Құрылымының тығыздығы топырақ құнарлылығының ең маңызды факторларының бірі болып есептеледі. Ол топырақтың физикалық қасиеттерін және барлық агрономиялық әдістердің тиімділігін айқындайды. Ауылшаруашылық дақылдарының топырақ құрылымының қалыпты немесе оңтайлы тығыздығына болған талаптарын білу топырақты өңдеудің түрін, мерзімін және тереңдігін белгілеуге, өсімдіктердің тіршілігі үшін едәуір жақсы физикалық жағдайлар жаратуға мүмкіндік береді.
Топырақтың көлемдік салмағы қанша жоғары болса, ондағы қуыстықтар мен саңылаулар саны да, топырақта болатын су қоры да соншалықты аз мөлшерде болатыны анықталған.
Бақылаулар нығыздалған қатты топырақ қабаты жыртылатын қабаттың астындағы «қатты табанмен» шектеліп қалмай, 60-65 см және одан да терең қабаттарға жетеді.
Сондықтан топырақты 55-60 см-ге дейін терең қопсыту топырақтың қатты табанын бұза отырып, су-физикалық жағдайын жақсартады, ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің терең топырақ қабаттарына тарамдалуына жағдай жасайды және жоғары өніммен қамтамасыз етеді.
