Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Ауыспалы егіс тізбектерінде өсірілетін жаңа отандық «Мақтаарал» мақта сорттары

Пахтаарал-3044 мақта сортының орфологиялық және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі

Сорт 1986 жылы Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында Ан-Баяут-2 және ПА-3034 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Шағылыстыру жылы – 1981 ж., станциялық сынақтан өту мерзімі – 1989-1991 жж., іріктеу сынағы – 1992-1994 жж. Авторлық куәлік –1998 жылы алынған. Мақтаның биіктігі 123-127 см, конус тәріздес, симподиалық шағы – 1,5-2,0, моноподиялық шағы – 1-2. Бірінші симподиялық шағы 5-6 түйінде орналасады. Гүлі орта шамалы, ашық қызғыш, дақсыз. Тозаңы жасыл, гүлшалары орта шамалы, созылыңқы, 10-12 данаша.

Көсегі ірі, домалақ, ұшы сүйір, бес қауашақтық, түсі жасыл, сырты тегіс. Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы сұр. 1000 шит салмағы – 137-139 грамм. Бір көсектегі мақта салмағы 6,7 –7,5грамм. С-4727 сортына қарағанда 2-4 күн ерте піседі. Вилт ауруына шалдығуы С-4727-ге қарағанда 40-50% кем. Мақта өнімдігі орта есеппен гектарына 39,6-43,0 ц. Орта талшықты мақта, ұзындығы – 32,1 мм, метрлік номері 5228, үзілу ұзындығы 26,1 км, үзілу салмағы 5,0 г.с., талшық шығымы – 37,0-38,0%.

Авторлары: Салиметов Х., Маханбетов А., Нұғманов Р.

Мақтаарал-4005 мақта сортының морфологиялық және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі

Сорт 1990 жылы Мақтаарал тәжірибе станциясында С-6530 х С-9072 х С-6530 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Генетикалық талдау F1 бірінші белгілері бойынша К. Гриффинг (1956) және Хейман әдісімен жүргізілген.

Мақтаның биіктігі 123-127 см. Пісіп жетілу мерзімі – 110-117 күн. Ерте пісетін сорттар қатарына жатады. Симподиалық шағы 5-6 түйінде орналасады. Жапырағы орта шамалы, бес бөлекті, жасыл домалақша келген. гүлі дақсыз, орта шамалы, ашық қызғыш, көсегі 4-5 қауашақты, жасыл, домалақ піскен кезде жақсы жарылып ашылады. Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы сұр. 1000 шит салмағы – 116 грамм.

Вилт ауруына шалдығуы С-4727-ге қарағанда 35-38% кем. Мақта өнімділігі орта есеппен гектарына 38,0-39,0 ц. Орта талшықты мақта, ұзындығы – 33,4 мм, метрлік номері 5400, үзілу ұзындығы 25,9 км, үзілу салмағы 4,9 г.с., микронейр –4,6, талшық шығымы – 38,0-39,0%.

Авторлары: Үмбетаев И., Гусейнов И.

М ақтаарал-4007 мақта сортының морфологиялақ және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі

Сорт «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» (Наманган-1 х С-6530) х С-6530 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Генетикалық талдау F1 бірінші белгілері бойынша К. Гриффинг (1956) және Хейман әдісімен жүргізілген. Мақта ауру-ларына төзімділік қасиеттері алынған. Қозаның биіктігі 120-135 см. Пісіп жетілу мерзімі – 117-120 күн. Ерте пісетін сорттар қатарына жатады. Симподиалық шағы 4-5 түйінде орналасады. Жапырағы орта шамалы, бес бөлекті, жасыл домалақша келген. гүлі орта шамалы, ашық қызғыш, дақсыз. көсегі 4-5 қауашақты, жасыл, домалақ піскен кезде жақсы жарылып ашылады.

Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы сұр. 1000 шит салмағы – 118 грамм. Вилт ауруына шалдығуы С-4727-ге қарағанда 2,3% кем. Мақта өнімділігі орта есеппен гектарына 40,1-41,0 ц. Орта талшықты мақта, ұзындығы –-34,1 мм, метрлік номері 5390, үзілу ұзындығы 25,9 км, үзілу салмағы 4,9 г.с., микронейр –4,5, талшық шығымы – 38,7-39,3%.

Авторлары: Үмбетаев И., Гусейнов И.

Мақтаарал-4011 мақта сортының морфологиялақ және шаруашылық белгілері бойынша мінездемесі

С орт «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» (Андижан 16 х С-6530) х С-6530 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Генетикалық талдау F1 бірінші белгілері бойынша К. Гриффинг (1956) және Хейман әдісімен жүргізілген. Мақта ауруларына төзімділік қасиеттері алынған.

Қозаның биіктігі 125-130 см. Пісіп жетілу мерзімі – 119-120 күн. Ерте пісетін сорттар қатарына жатады. Симподиалық шағы 3-4 түйінде орналасады. Жапырағы орта шамалы, бес бөлекті, жасыл домалақша келген. гүлі орта шамалы, ашық қызғыш, дақсыз. көсегі 4-5 қауашақты, жасыл, домалақ піскен кезде жақсы жарылып ашылады.Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы сұр.

1000 шит салмағы – 118 грамм. Вилт ауруына шалдығуы С-4727-ге қарағанда 1,5% кем. Мақта өнімділігі орта есеппен гектарына 40,0 ц. Орта талшықты мақта, ұзындығы –-34,1 мм, метрлік номері 5340, үзілу ұзындығы 24,9 км, үзілу салмағы 4,9 г.с., микронейр –4,5, талшық шығымы – 38,7-40,0%.

Авторлары: Үмбетаев И., Гусейнов И., Сыдық Д.