Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топыра нарлылыын жасарту жне мата німділігін арттыру жолдары.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Терең қопсытуға арналған техника

Ауылшаруашылығы өндірісінің қарқындануының топырақтың құрылымының нашарлауына, жыртылатын және одан терең топырақ қабаттарының шектен тыс нығыздалуына алып келеді. Оның негізгі себебі ауыр ауылшаруашылық техникаларын қолдану болып, олардың топыраққа түсіретін қысымы шектік көрсеткіштерден 3-5 есе жоғары болады.

Механикалық өңдеу егіншіліктегі ең қуатты процес болып есептеледі. Оған жалпы алқаптық жұмыстардың 40%-ы қуаттық және 25%-ы еңбек шығындары тура келеді.

Топырақты механикалық өңдеу

44%

Қуат шығындары

31%

Алқаптық шығындар

25%

Еңбек шығындары

Тәжірибеде негізінен «БелоцерковМАЗ» ЖШС ғылыми-өндірістік мекемесінің (Украина) терең қопсытқыш құралдары қолданылды.

Тіркемелі терең қопсытқыштар топырақтың қатты қабатын бұзу, тамыр жайласатын қабаттың су-ауа тәртібін жақсарту, агрономиялық құнды суға төзімді агрегаттар құрамын және топырақ құнарлылығының басқа да көрсеткіштерін арттыру мақсатында топырақты 55-60 см-ге дейін терең қопсытуға арналған (7,8,9,10,11-суреттер).

Тіркемелі терең қопсытқыштар тығыз топырақта едәуір тиімді болып табылады. Бұл құралдармен топырақты өңдеу жұмыстарын 3-4 жылда бір рет жүргізу қажет. Тіркемелі терең қопсытқыштың табандарының пішіні топырақты вертикальды көтерілуіне, оның толқынды қозғалуына және энергия шығындарын 30-40%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.Төменде 6-кестеде құралдардың сипаттамасы берілген.

7-сурет 8-сурет

9-сурет 10-сурет

6-кесте – Терең қопсытқыштардың өндірістік сипаттамасы

Атауы

ГР-1,8

ГР-2,5

ГР-3,4

ГР-4,3

ГР-6,0

Қармау ені, м

1,8

2,5

3,4

4,3

6,0

Өңдеу тереңдігі, см

25,0…45,0

25,0…50,0

25,0…65,0

25,0…65,0

25,0…65,0

Жұмыс жылдамдығы, км/сағ.

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

8,0…12,0

Транспорттық жылдамдығы, км/сағ.

30,0

30,0

30,0

30,0

30,0

Жұмыс өнімділігі, га/сағ.

1,3…2,0

2,0…2,7

2,7…3,5

3,5…4,5

5,0…6,0

Салмағы, кг

480,0

720,0

950,0

1290,0

5500,0

Тіркелетін тракторлардың қуаты, а.к.

90…120

130…180

160…220

260…340

380…450

1 1-суретте терең қопсытқыштың тізбектік жүрісі және топырақтың қатты қабатының бұзылуы көрсетілген. Суреттің сол жағында топырақтың қатты табанында өсіп тұрған және қатты табаны бұзылған жерде өсіп тұрған мақта қозалары бейнеленген.

11-сурет – Терең қопсытқыштың іс әрекетінің тізбегі