Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1.Тақырып №12, атауы: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Еңбек. Еңбек нарығы.

2. Сабақтың мақсаты: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем туралы мағлұмат беру, түрлі жаттығулар арқылы меңгерту.Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем туралы мағлұмат

- міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем жасалу жолдарын

- мәтін мазмұнын, жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем жасау

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Міндет мәнді сөйлем.

2. Жауапкершілік мәнді сөйлем.

3. Еңбек. Еңбек нарығы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:, түсіндіру әдісі,кейс әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.Маған ... етістік+у керек (қажет), Менің ... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен ... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

Еңбек.

Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. Еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. ҚР Еңбек туралы заңында қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған .

Мәтінге тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқыңып аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтінге сұрақ құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

1-жаттығу Сөз тіркестерін аударыңыз.

Табиғи жетістік, адамдармен араласуға, қажеттіліктерін қанағаттандырады, негіздерін қалыптастырады, санасыз ғұмыр, ата-анасының өтініші, заттардың барлығы, адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетері, бала кезінен айналысады.

2-жаттығу.Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер құрастырыңыз.

3-жаттығу. «Менің үй шаруасындағы еңбегім» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.