Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

Тест: 1. Қазақ халқының ұлттық киімдері неше түрге бөлінеді? А) екі  В) төрт С) үш Д) бес 2. Шапан көбінесе не тартылып тысталған? А) мата В) жүн С) көйлек Д) мәсі 3. Тон қандай қой терісінен тігіледі? А) қыстық В) жаздық С) көктемдік Д) күздік 4. Әйелдер киімі ел салты бойынша неше топқа арналып тігілген? А) уш В) төрт С) бес Д) екі 5. Қазақ халқының ұлттық киімдерін зерттеген тарихшы - ғалым? А) Абай В) Ы. Алтынсарин С) Ш. Уәлиханов Д) Қ. Сәтбаев 6. Қазақы киім - ........ . А) бұлақтың көзі В) көненің көзі С) адамның көзі Д) сабақтың көзі  7. Қалыңдық киетін бас киім? А) тақия В) құлақшын С) сәукелеД) мұрақ

1. Тақырып №29, атауы: Қарсылық мәнді сөйлем. Ұлттық ою-өрнек.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Қарсы мәнді сөйлем туралы білімдерін толықтыру.Тіл байлығын дамыту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- қарсылықты жалғаулықтарды

- мәтін мазмұнын;

  • Студент істей білуі керек:

- қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрастыру

- қарсылық мәнді сөйлемдерді ажырату

- мәтінді аудару, мазмұндау, сұхбаттасу,аудару,өз ойын ортаға салу,

сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қарсылықты жалғаулықтар.

2.Қарсылық мәнді сөйлемдер.

3. Ұлттық ою-өрнек.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі,кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Қарсы мәнді сөйлем.Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады.

Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған.

Қазақстанның әртүрлі өңірлері ерекшеліктерімен, оларға тән ою-өрнектермен, олардың өзіндік стильдерімен ерекшеленді. Соған қарамастан, барлық ою-өрнектердің негізгі элементі, мүйізге ұқсас, доға тәрізді өрнектер басым болған «Мүйіз» ою-өрнегі есептеледі. Қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарында: қару өнерінде, киіз үйлерді жинауда, зергерлік бұйымдарда, кілем тоқуда, алаша өргенде, жүн бұйымдарында, қоржындарда, ыдыстарда, өру, тігу әдісімен дайындалатын киімдерде,  пұшпақ тіккенде, ерітуде, кесуде ою-өрнектермен әшекейлеу кеңінен қолданылды. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнекті айтуға болады. «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаула­ры ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан», «сыңар өкше», «қос алқа», «құс қанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.

Ұлттық  ою – өрнектерді    төрт  топқа  бөлген:

– Зооморфтық –  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

–Космогониялық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

–Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Әр ою – өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қойыңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ою-орнектер қандай түрлерге бөлінеді?

Өю-орнектердің негізгі элементі қандай?

Жануарлар әлеміне арналған ою-өрнектерді атаңыз?

Бұйымдардың шетіне салынатын қандай өрнектерді білесіз?

«Қошқар  мүйіз»  оюы қандай мағына білдіреді?

3-тапсырма. Өзіңіз ұнататын ұлттық  ою – өрнектердің бір түрі туралы мазмұндап беріңіз. 

1-жаттығу.Мәтінге негіз болып тұрған тірек сөздерді жазыңыз.

2-жаттығу. Бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да жалғаулықтарын қатыстырып сөйлем құраңыз.

3-жаттығу. Мәтінмен танысып, аударыңыз.

Түйе табан – след верблюда.Безводные пустыни может пересечь только верблюд, который неделями может не употреблять воду.Этими узорами украшали одежду и головные уборы купцов, караванщиков, которые совершали путь по Великому Шёлковому пути.

Ит құйрық – хвост собаки.Собака друг человека. Это знак родственных и приятельских отношений. Собаки не уходили далеко от аула.Құс таңдай – птичье пение

Знак певучести и талантливости певцов и акынов. Этот узор символизирует красноречие.

Тұмарша – амулет.Имеет треугольную форму, символ связи земли, неба, воды.

Сырға – серьги.Ими украшали центры композиций.Толқын – вода.Украшали края композиций, бордюры юрты и домашние украшения.Құс канаты – полёт птицы.

Шенбер – означает бесконечность жизненной дороги, Земля, солнце.

Символизирует силу мощь, этот узор вышивали на одежде батыров и воинов.

өмір жолы – дорога жизни. Этот узор символизирует судьбы людей, пресекающихся в жизни.