Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №, 11 атауы: Қанның қызметі.

2. Мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, сауатты жазуға дағдыландыру,тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер түсініп қолдану.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- қанның қызметі

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қан.

2. Қанның қызметі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, жаттығу әдісі, практикалық әдіс.

Сөздерді жаттаңыз.

бұлшық ет – мышцы

талшық – волокно

құлақша – предсердие

қарынша – желудочек

жиырылу – сокращение; сжиматься

босаңсу – расслабление

күретамыр – артерия

көктамыр – вена

қылтамыр – капилляры

қаныққан – насыщенный

алқызыл – алый; румяный

ұлпа – ткань

жасуша – клетка

серпімді – упругий

тарамдалу – разветвление

қолқа – аорта

күкірт – сера.

Қанның қызметі.

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл —қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.

Қан құю – сау адамның қанын науқастың тамырына ем үшін құятын әдіс. Бұл үшін бір адамның қанын кез келген адамға құя беруге болмайды. Өйткені адам қанының құрамы біркелкі емес. Соған байланысты адам қаны 4 топқа бөлінеді. Қан құю үшін қан тобының мәні өте зор. Қаны I топқа жататын адамға тек сол I топтағы адамның қанын құюға, ал қаны II топқа жататын адамға I және II топқа жататын қан құюға болады.Сол сияқты II және III топтағы қанды IY топқа құюға болады. IY топқа жататын қанды тек IY топқа құюға ұсынылады. Басқа топтарға бұл топтың қанын құйса, онда қан ұйып, қан тамырлары бітеледі де, адам өліп кетеді. Сондықтан қан құю алдында әр адамның қаны қай топқа жататынын анықтап алып, тек содан соң қана қан құяды.

1 – жаттығу.Сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Қан, жасуша, көмір қышқыл газы, қоректік заттар, керексіз заттар, дене қызуы, жұқпалы аурулар.

2 – жаттығу. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздердің синонимін жазыңыз.

Зор, қызмет атқару, жарақаттанғанда, әрекеті, қоректендіру.

3 – жаттығу.Мәтін бойынша қанның атқаратын қызметін жеке-жеке көрсетіп жазыңыз.

1. Қан оттегін жасушаларға тасиды.

2. ...

3. ...

4. ...

5. ...

6. ...