Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №26, аталуы: Теміртапшылықты анемия.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалананып,өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Теміртапшылықты анемия.

2. Теміртапшылықты анемияның емі

Жаңа сөздерді жаттаңыз.

қан аздық – анемия

теміртапшылықты қан аздық – железодефицитная анемия

қанның қызыл түйіршіктері – эритроциты

аурулы жағдай – болезненное состояние

жетіспеу – недостаточность; нехватка

шағым – жалоба

кекірік – отрыжка

ауыр түрі – тяжелая форма

талу – падать в обморок

қан ағу, қан кету – кровотечение

қан топтары – группы крови

қан құйылу – кровоизлияние

қан ұюы – свертывание крови

қан құю – переливание крови

кеңіген – расширенный

шаршағыш – усталый

бозару – бледнеть

душар болу – подвергаться

темірді толық сіңіре алмау – невозможность полного усвоения железа

Теміртапшылықты анемия.

Теміртапшылықты анемия немесе қан аздық ауруына бүгінгі таңда көптеген жандар ұшырауда. Дәрігерлердің айтуы бойынша,теміртапшылықты анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе, 4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Теміртапшылықты анемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді.

Қан аздық – қанның жалпы мөлшері мен қызыл түйіршіктерінің және ондағы ерекше зат – гемоглабиннің азаюы. Қаны азайғанда ағзада оттегі мен басқа да заттар жетіспейді. Соның салдарынан адам әлсірейді, түрі бозарады, басы айналады, шаршағыш келеді. Қан аздықтың ауыр түрінде адам ентігеді, кейде талып та қалады. Адамның мұндай ауруға душар болуына көбінесе өкпеден, өңештің кеңіген тамырларынан, жарақаттанудан және асқазан жарасынан қан ағуы себепші болады. Бұл қан аздықтың жедел түрі деп аталады. Мұнда қанның жалпы мөлшері азаяды. Қан ұзақ уақыт аз-аздап қайталап ақса, ол қан аздықтың созылмалы түріне айналады.

Ағзаның аурулы жағдайында асқазандағы тамақ дұрыс қорытылмайды. Сондықтан тамақ құрамындағы темірді, В12 дәруменін толық сіңіре алмайды. Темір - өте керекті зат, оның жеткіліксіздігінен қан азаяды. Теміртапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары: тәбеттің нашарлауы, аузында дәмнің болмауы, кекіріктің пайда болуы, ерін жарылуы. Науқастың терісінің қуқыл тартқаны, терінің құрғақтығы, шаштың ерте ағаруы, түсуі байқалады.

Емі: біріншіден, құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр, сиыр еті, жұмыртқа, алма, кептірілген жеміс-жидектер) тамақтандыру. Екіншіден, себепші ауруларды емдеу. Дәрігерлер жылына екі мәрте қан тапсыру керектігін айтады. Денсаулығыңызға салғырт қарамай, уақытылы ем қабылдасаңыз, кез келген аурудың алдын ала алатындығыңызды естен шығармаңыз.

1-тапсырма. Мәтінге сұрақ әзірлеңіз.

2-тапсырма. Топқа бөлініп, теміртапшылықты анемияға қабырға газетін шығарыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді және суретті пайдаланып, сұхбат кұрастырыңыздар.

1-жаттығу.Сөз тіркестерін аударып сөйлем құрастырыңыз.

Эритроциты, отрыжка, падать в обморок,группы крови, свертывание крови,бледнеть.

2-жаттығу. Сөздердің синонимдік қатарын құрып, орыс тіліне аударыңыздар

Жетіспеу, тұтыну, тамақ, түзілу, үнемі, есту.

3-жаттығу. Аурудың белгілерін жазыңыз.