Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №13, атауы: Тыныс алу жүйесі.

2. Мақсаты: Лексика тақырыптарды пайдалана отырып, сөздік қорын молайту, термин сөздерді түсініп қолдану;

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- Тыныс алу жүйесі

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тыныс алу.

2. Тыныс алу жүйесі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі,ойын әдісі.

Тыныс алу жүйесі.

Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей немесе көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады. Тыныс алу мүшелері тыныс алу, газ алмасу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады.

Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзіледі. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Мұрында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.

Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге (көмекейге) барады, көмейден кеңірдекке өтеді.

Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы шеміршектерден түзілген. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекиді. Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Оның ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдек доға тәрізді, 16-20 шеміршекті сақиналардан тұрады Кеңірдек бесінші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті шырышты қабықшамен қапталған. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді. Өкпеде олар өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Көпіршіктердің саны 300-350 миллиондай.

Өкпелер кеуде қуысында орналасады. Әр өкпе өкпеқаппен қапталған. Ерлердің өкпесінің биіктігі 27-30 см, әйелдердікі 21-23 см. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінген. Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 . Адам минутына орта есеппен 16-18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8 л. ауа өткізіп, адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар әзірлеңіз.

2–тапсырма. Тыныс алу мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз.

фразалық тіркестер

Білдіретін мағыналары

а

Мұрнына су жетпеу

1

дем алуы қиындау

ә

Мұрнын шүйіру

2

уақыты болмау, үлгермеу

б

Өкпесі аузына тығылу

3

дауысы ерекше әнші

в

Күміс көмей

4

менсінбеу

3-тапсырма.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Обмен газов между кровью и воздухом происходит в органах дыхания.

При спокойном вдохе в легкие взрослого человека поступает около 3500 воздуха.

У разных людей жизненная емкость легких неодинакова.

Углекислый газ из венозной крови поступает в легочные пузырьки.

Кислород из легочных пузырьков проникает в кровь. Как происходит газообмен в легких?

Почему надо дышать через нос?

1- жаттығу.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз .

Бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, дыбыс шығару қызметі, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауаның залалсыздануы, ауаның ылғалдануы, доға тәрізді, газ алмасуды қамтамасыз ету.

2- жаттығу. Мәтіннен берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді тауып жазыңыз.

Тыныс алу дегеніміз –

Көмей (көмекей) –

Кеңірдек –

Бронхы–

3- жаттығу.Жағдаяттық тапсырма. Емдеуші дәрігер мен баланың анасы арасында сұхбат құрастырыңыз.