Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән. Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  2. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  3. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  4. Құрманбаева, Шынар. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  5. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  6. Сәлім, Е. Қ. Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

Тақырып №34, аталуы: Темекінің зияны.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалана отырып, ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу,тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Темекінің зияны

2. Темекінің зияны

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни

зиянды әдеттер – вредные привычки

бас тарту –отказаться

тәуелділік – зависимость

зиянды заттар – вредные вещество

зардаптары – последствие

күресу – бороться

үйрену – привыкать

жүйке жүйесі – нервная система

нашарлау – ухудшаться

қан қысымы – давление

бұзылуы – нарушение

дамуы – развития

денсаулықтың жағдайы – положение здоровья

мүмкіндік бермейді – не дает возможность

тез үйренеді– привыкает быстро

денсаулықты сақтау – сохранит, беречь здоровье

Темекінің зияны.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттердің бірі – темекі. Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен. Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен.Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. 

1-тапсырма.Берілген афоризмдерді жаттап алыңыз.

Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).

Денсаулыққа зор кесел,

Үйрете көрме ауызды,

Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары).

2-тапсырма.Темекі туралы мәліметтерді оқыңыз және біздің елімізде темекіге қарсы қандай іс-шаралар жасалып жатқандығын айтыңыз.

3-тапсырма.Топтық жұмыс, акция (нашақорлық, ішімдік, темекіге қарсы): «Қазақстан жастары – салауатты өмірді қалайды!»

1-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Зиянды әдеттерден бас тарту,салауатты өмір салты, темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі, психикалық және тәндік тәуелділік, зиянды заттар.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы ... жиындысы. Олардың ішіндегі ең улысы – .... Темекі тартатын адамда ... ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді,қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі ... . Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі .... қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ... 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.Аяғы ауыр кезінде ... балаларында талма аурулары болады. Шылым шегетін аналардан туған балалар, өз құрдастарынан ақыл-ой дамуы жағынан біршама ... қалады.

3-жаттығу.Мәліметтерді пайдалана отырып сұрақтар жазыңыз.