Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

-көсемше туралы түсінік

-көсемшенің жасалу жолдарын

- мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- етістіктерді көсемшелерге айландыру

- мәтінді аудару, мазмұндау, сұхбаттасу, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көсемше.

2. Көсемшенің жасалу жолдары.

3. Ұлттық салт-дәстүрлер.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, , жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі

Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік болып қимылды, іс-әрекетті білдіріп, енді бірде қимыл, іс-әрекеттің өзі емес, сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (етістік және үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз.

Көсемше етістік түріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1-ып, -іп, -п: барып, келіп, санап.

2-а, -е, -й: қала, бере,санай.

3-қалы,-келі,-ғалы,-гелі: қайтқалы,тұрғалы.

4-қанша,-кенше,-ғанша,-генше: өткенше, жүргенше.

Көсемшенің - ып (- іп, - п) және - а(- е, - й) түрі ғана жіктеледі.

Шілдехана тойы

Ұрпақ тәрбиесі – әр халықтың салт-дәстүрінің маңызды бөлігі. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтың кәсібіне, сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде берілетін ұлттық құндылықтардың бірі.

Әрбір халық өзінің болашағын ойлайды, сондықтан ұрпағына жақсы тәрбие беру – олардың негізгі мақсаттарының бірі.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады,күй тартады. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.Қыз-келіншектер айтысады. Шілдеханаға тек жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендері қатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрестені жын-шайтаннан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

Бесікке салу

Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне,әйелдеріне тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «Бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры»айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суықпен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі сияқты заттар тағып қояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, иіс болмайды.

(«Қазақхалқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

Мәтін тапсырмалары:

1-тапсырма.Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. . Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шілдехана қандай той?

————————————————————————————————

2. Шілдехана қалай тойланады?

————————————————————————————————

3. Шілдеханаға не себепті үлкендер қатыспайды?

————————————————————————————————

4.Баланы бесікке кімдер бөлейді? Не себепті?

————————————————————————————————

5. «Бесікке салар» кімге беріледі?

————————————————————————————————

6. Не себепті бесікке тұмар іледі?

————————————————————————————————

7.Бесікті не себепті талдан жасайды?

————————————————————————————————

3-тапсырма.Өлеңді оқып, жаттап алыңыз.

Бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

1-жаттығу.Етістіктерді көсемшеге айландырыңыз.

Өткізу, тойлау, келу,ән айту,бөлеу.

2-жаттығу. Қазақтың бір салт-дәстүрі туралы жазыңыз. 1

3-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.

Разрезание пут. Этот ритуал проводится, когда малыш делает первые шаги. Его ножки обвязывают тонким пестрым шнурком или веревкой,сплетенной из травы, разрезать которые доверяют энергичному многодетному человеку. Обряд сопровождается песнями и пожеланиями,чтобы ребенок твердо стоял на ногах, уверенно шел по жизни. Ритуал завершается тоем. В старину после «тұсаукесер» ребенку дарили коня и седло. Пестрый шнурок подразумевает, что в жизни бывают не только белые, но и черные полосы – будущий джигит должен уметь преодолеватьтрудности. Веревка, сплетенная из травы, означает процветающую жизнь и много детей.