Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Кәрілік деменция,дисфориялық синдром

  2. пик ауруы ,гипоманиакальді синдром

  3. қозғыш психопатия, декомпенсация сатысы

  4. шизофрения, аффективті- сандырақ синдромы

  5. бас ми ісігі,депрессивті синдром

45

Науқас А., 54 жаста.Шағымдары: Жиі -жиі басы қатты қысып аурады,әлсіздік,тез шаршайды,тез тітіркенеді.Арнайы сұрастыру барысында анықталды: жүрген кезде аяғының астындағы еден «тербелгендей» болады,ал өзін өте жеп-жеңіл сезінеді,аяғы мақта тәріздес болып кеткендей сезімде болады.Төсекте жатқанда төсекте тербеліп жатқандай , «толқындардың үстінде жатқандай »сезімде біресе жоғары көтеріліп,біресе төмен түсіп кеткендей болған.Бірнеше рет аяғының ұзарып кеткенін сезген.Аяғын қарап, шымшып,ұстап көрсе барлығы қалыпты жағдайда болған.Психикалық жағдайын анықтап,нозологиялық анықтамасын беріңіз

  1. эпилепсия ,тырысу ұстамасы тұлғалық өзгерістермен

  2. Бас миының органикалық бұзылысы, психосенсорлы бұзылыстар

  3. истериялық психопатия,истериялық ұстама

  4. жарақат салдарынан болған бас миының зақымдалуы, астениялық синдром

  5. кәрілік деменция,неврастениялық синдром

46

Тексерілуші адам 46 жаста, жұмысшы.Психикалық статусы:түскен кезде үрейлі,қызулы, жан-жағына жалтақтап қарайды,бірдемеден қорғанады,үстінен бірдемені сілкіп түсіргісі келеді,жиі-жиі орнынан ұшып түрегеліп,кабинеттен шығып кеткісі келеді.Байланысқа түспейді.Бір сөткеден соң медикаментозды ұйқыдан кейін енжар,ауруханаға не үшін әкелінгенін білмейді, сол кезне не мазалағаны есінде жоқ.1,5-2 аптадай емделген соң, әңгімелескенде өте ақкөңілді,ішімдік туралы рахаттанып айтады,бірақ маңайындағы адамдар «қазымырлық» көрсеткені есіне түссе тез ашуланады.Ауруханада болғанына уайымдамайды,өзі сияқты адамдармен араласады.Ешкімге жақсы көру сезімі жоқ, достарынан айырылып қалғанына уайымдамайды,паразиттік өмір сүруіне қайғырмайды. Патологиялық жағдайдың табиғатын анықтаңыз

  1. эндогенді ауру

  2. экзогенді ауру

  3. психогенді ауру

  4. Интоксикациялық психоз

  5. реактивті психоз

47

Тексерілуші адам 46 жаста,темір ұстасы.4 ай бойы стационарлық ем алып жатыр.Алғашқы 2-3 аптада үрейлі,алаңдаулы болған,ауруханада жатқанын біледі,бірақ қай аурухана екенін білмейді,уақытты білмейді. Емдеуші дәрігерінің аты-жөнін ұмытып қалады.Кейде әңгімелесу кезінде жинақ кассасында 1 млн.тенге бар,жер бетін шарлап шығуды жоспарлайды.Көңіл куйі эйфориялық-көңілді «өзінің байлығымен» мед.персоналдарды қызықтырғысы келеді.. Әңгімелескен кезде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды айтады: біресе тойда болдым дейді , барлығы ішіп-жеді,биледі, біресе институтқа түсуге дайындалып жүргенін айтады.Психикалық жағдайын бағалаңыз және нозологиялық анықтама беріңіз

  1. амнестикалық синдром

  2. Корсаков синдромы

  3. конфабуляторлы синдром

  4. псевдопаралитикалық синдром

  5. психоорганикалық синдром

48

Науқас 50 лет, құрылысшы. 30 жыл бойы алкоголь қабылдайды.20 жыл бойы арақпен «бас жазады»,ал соңғы 10 жылда -салынып ішеді.Әйелімен үнемі жанжалдасады арақ мәселесіне байланысты, соңғы 4 жылда әйелі үйінен кетіп қалатынын байқаған, өзіне көзқарасы өзгерді деп ойлайды.Әйелі үйіне кешігіп келсе қазымырланып қайда жүргенін сұрайды .Әйелінің жауабына риза болмай,оған сенуден қалды.Әйелі басқа еркекпен көңіл қосып жүр деп ойлап,артынан аңдып жүреді.Үйінде жиі-жиі жанжал туындайды.Әйелі жылай береді, ал науқас өзінің дәлелі дұрыс екеніне күмәні жок.Көптеген «дәлелдемелер» табады – таңертеңгіге қарағанда төсек қисық жиналып тұр, киімдерде күмәнді дақтар пайда болды .Ұрсысқан кезде әйелін қорқытады. Әйелін қорқыту мақсатымен үйдің қабырғасына балта іліп қойған.Ең соңында мынындай шешім жасайды: әйелі өзінің әріптесімен көңіл қосып жүр деген.Жағдайын анықтап емдеу тәсілін анықтаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]