Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Асқынған нашақорлық

5.

9.2.1.1.

Кокаинді қабылдаған жағдайда әдетте:

1. Тәбеті төмендейді

2. Қарашықтары кішірейеді

3. ҚҚ-сы төмендейді

4. Демігу байқалады

5. Дене температурасы төмендейді

1.

9.2.2.1.

Есірткіқұмарлардың деммен ішке тарту арқылы әдетте қандай есірткі препаратын қолдануы тәжірибеленеді?

1. Героин

2. ЛСД

3. Кокаин

4. Гашиш

5. Омнопон

3.

9.2.3.2.

Жас жігіттің көніл-күйі психоактивті заттарды қолданғаннан кейін көтеріліп кетті, күші тасығандай сезім пайда болған, жоғары сергектік, өзінің маңыздылығы мен мүмкіндіктерін асыра бағалау тенденциясы байқалған, тежелушілік, көп сөзділік, аса белсенділік пайда болған. Қандай психоактивті затты қолданғаны жайлы ойлау керек?

1. Гашиш

2. Апиын

3. Ішімдік

4. Галлюциноген

5. Кокаин

5.

9.2.4.2.

Көрсетілген мастану, қандай психоактивті затты қолданғанда мынадай симптоматиканы туындатады? Науқас орасан зор жоспарлар құрып, барабарсыз пікірлер айтқан, жауапсыз импульсивті болып кеткен, ақшаны орынсыз жұмсаған, өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалайды, гиперсексуалдық көрсетеді.

1. Гашиш

2. Апиын

3. Ішімдік

4. Галлюциноген

5. Кокаин

5.

9.7.5.2.

19 жастағы науқас. Мінезі қарапайым, тұйық, қимылы баяу. Барабарсыз мінез-құлығына байланысты психиатриялық ауруханаға жеткізілген. Объективті: эйфориялы, сөзшең, жоғары қозғалыс белсенділігі. Бет әлпеті бозарыңқы, көз қарашықтары ұлғайған. 2-3 сағат өткеннен кейін эйфориясы бәсеңдейді, ашушаңдық пайда болып, көңіл-күйі төмендейді. Науқастың айтуынан таныс адамдары оған ақ түсті ұнтақ иіскеткені анықталған. Нашақорлықтың қай түрі туралы айтылып тұр?

1. Гашишизм

2. Морфинизм

3. Чифиризм

4. Кокаинизм

5. ЛСД

4.

9.2.6.2.

28 жастағы науқас. Психиатриялық клиникасына өткір психикалық күйде келіп түскен. Үрейлік, қорқыныш сезінеді, мазасыз, абыржулы. Терісінде, бүкіл денесінде құрт-құмырсқалар өрмелеп жүргендей сезініп, оларды іздеп, ұстап алып, терісін қанталағанға дейін тырналайды. Жан-жағындағылар оның жауы деп ойлайды, оны өліммен қорқытқандай сезінеді. «Қорқынышты» дауыстар естиді, қорқынышты жүздер көреді. Туысқанадрынан науқастың 5 жыл бойы әлдеқандай есірткі қолданғаны анықталған. Улану күйінде жайдарлы, белсенді, сөзшең болып келеді, өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бір күні өзінің барлық жиғанын қажетсіз заттарды сатып алуға жұмсаған. Науқастың қандай есірткі қолданатынын анықтаңыз:

1. Героин

2. Гашиш

3. Амфетамин

4. Кокаин

5. ЛСД

4.

9.2.7.2.

14 жастағы бозбала. «Достарымен» кездескеннен кейін үйіне өзгеше күйде оралған. Қарашықтары ұлғайған, көздері жарқырап тұр, көз аққабықтары қызарған. Анасынан жеуге тамақ беруін талап еткен, анасы тамақ дайындап жатқанында, оны асықтырған, көженің жылығанын күтпестен, өзіне тәрелкеге құйып алып ішкен. Біріншіні ішіп алғаннан кейін, қолымен кастрөлдегі қуырдақты алып жей бастаған. Осыдан кейін өзінің бөлмесіне барып, ұйықтап қалған. Анасы ұлының киімінен тәттілеу иістің шығып тұрғандығын айтқан. Соңғы 4 күн бойы ашушаң болған, әлісіздікке шағымданған. Жасөспірім қандай есірткі қолданғанын анықтаңыз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]