Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Жасөспірімдер

2. Жұмыс істемейтін әйелдер

3. Маскүнемдікпен ауыратын ерлер

4. Анестезиолог-дәрігерлер

5. Кәрі емделушілер

1.

8.5.2.1.

Этиологияда ингалянттарға тәуелділікте ... рөль атқарады.

1. Әйел жынысы мен невроздың болуы

2. Тұқымқуалаушылық

3. Алғашқы алкоголизация және еркек жынысы

4. Инфантилизм және жеткіншек жас

5. Егде жас және созылмалы аурулар

4.

8.5.3.2.

27 жастағы науқас. Инженер, тазалаушы болып жұмыс істейді. Тұқымқуалаушылығы жоқ, берекелі жанұядан шыққан, ешбір аурумен ауырмаған. Жақсы оқып, жоғары оқу орнын бітірген. Мінезі өзімшіл, жетекшілікті ұнатады, әрдайым назарда болуға тырысады. Тұрмыста, 4 жастағы қызы бар. Рухани және материалдық-тұрмыстық жағдайы жақсы. Осыдан үш жыл бұрын бір қызбен танысқан, оның пәтерінде жиі маскүнемдік ұйымдастырылып тұратын, ол сол жерде болғанды ұнататын, себебі «достары» оған масаттықпен қарап, оның сұлулығын, ақыл-ойын мақтайтын. Осы серіктестерімен ішімдік іше бастаған. Алғашында 100—200 мл шарап ішкен, алайда «достарының» қолдап қолпаштауымен көбірек іше бастады. 2 жылдан кейін тәуелділік пайда болды, басын жаза бастады. Жанұясына көңіл бөлуді қойған, жұмысты тастап кеткен. Наркология бөлімшесіне туысқандарының талабымен келіп түскен, өзін маскүнем деп санамайды. Маскүнемдіктің одан әрі дамуына итермелейтін факторды анықтаңыз:

1. Тұқымқуалаушылық

2. Истериялық мінез ерекшелігі

3. Экономикалық сәтсіздік

4. ОЖЖ-нің органикалық бұзылу зардабы

5. Жанұядағы ортақ тәуелділік

2.

8.5.4.2.

32 жастағы әйел адам. Автокөлік апатында жұбайы мен ұлы қайтыс болған, жалғыз қалған, қатты қиналған. Қалай болсын өзінің қайғы-қасіретін жеңілдету үшін, шарап іше бастады, мас болғанға дейін ішіп, содан кейін барып ұйықтай алған. Таңертең тұрғанда өзін нашар сезінген, бас ауыруы, жүрек қағысы, тәбетсіздік. Ішімдікті жиіркеніштікпен есіне алады. Қызметкерлер мен көршілері оны мас күйінде көрмейді, себебі ол пәтерін ішінен жауып алып, кешке өзі жалғыз отырып ішеді. Күнделікті ішеді. Ішімдікті мұндай ырғақта қолданғанда әйел адамның араққа тәуелділігі қанша уақыттан кейін дамуы мүмкін? Уақытын анықтаңыз:

1. Бірнеше айдан кейін

2. 15 жылдан кейін

3. 10 жылдан кейін

4. 20 жылдан кейін

5. 3—5 жылдан кейін

5.

8.5.5.2.

37 жастағы науқас. 4 жыл бұрын 10 жастағы қызы қайтыс болғаннан кейін ішімдікке салынып іше бастаған, соңғы 2 жылда басын жазады. Төзімділігі 1,0 л шарапқа дейін. Өзіне өзі қол жұмсағаннан кейін (үйінде асылып қалмақшы болған) психиатриялық ауруханаға келіп түскен. Клиникада көңіл-күйі түсіңкі, жылайды, үрейлі. Қызын аман алып қала алмадым, бұл маскүнемдігіммен жұбайымды және ата-анамды ұятқа қалдырдым деп өзін кінәлайды. Өмір сүруге лайық емес екендігін айтып, өзін өзі өлтіре алмағандығына өкінеді. Туысқандарының айтуынша, өздігінен ішімдікті тастауға бел буып, бірнеше күн ұстамдылық көрсеткеннен кейін көңіл-күйі төмендеп кеткен. Туысқандары бұның дерттілік екендігін білместіктен, оның мінез-құлқына қарап психологиялық реакция деп бағалаған. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Реактивті депрессия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]