Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Апиынқұмарлықтың iі-ші сатысы

4. Уытқұмарлық

5. Апиынқұмарлықтың IІІ-ші сатысы

3.

9.1.7.2.

28 жастағы науқас. 18 жасынан бастап анаша шегеді, 21 жасынан бастап қолөнерлі көкнәр сабанынан әзірленген апиынды, сонымен қоса первитинді күре тамырына жіберуді бастаған. Бұл препараттарды бір мезгілде енгізеді. Есірткіге деген әуестігі қатты, айрықша артық көретіні — анаша. Ауруханаға жатқызылғанға дейінгі 2 апта бұрын есірткі мөлшерін айтарлықтай көбейткен, содан кейін ұйқысыздық, ал бірнеше күннен кейін — үрейлік, қорқыныш, қозу, есту псевдогаллюцинациялары пайда болған. Ауруханаға түскен кезде айналасындағыларға бағытсыз болған, бірдеңелерді құлақ салып тындаған. Түсқағаздардың суреттерінен адамдардың, жануарлардың бетін көрген. Оны көршісі сиқырлап тастағанын айтып сендіреді. Жүзі бозарыңқы, тершең, қолының саусақтары дірілдейді. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Апиынқұмарлық

2. Шизофрения

3. Первитинқұмарлық 4. Полинашақорлық

5. Асқынған нашақорлық

4.

9.1.8.2.

32 жастағы науқас. Үйленген. Қазіргі уақытта ешбір жерде жұмыс істемейді. Ұрлық күдігі бойынша 2-3 сөткеге тергеу изоляторында жатыр. Жалпы хал-жағдайы нашарлап кеткен, құсу, іш өту пайда болған, буындарындағы қатты аурулар мазалаған. Соматикалық тексеру кезінде: астениялық дене бітімі, терісі бозарыңқы, гипергидроз, шынтақ бүгілісінде инъекция тыртықтары, қол дірілі байқалған. Ұйқышылдықпен, қалжырағандыққа шағымданған. Эмоциясы тұрақсыз, жылдам азғындайды, жанжалды. Жүрек-қантамырлық қызметінің бұзылуы: тахикардия, аритмия, гипотония. Дірілдеген талмалар байқалған. Қандай ауру жайлы айтылып тур?

1. Нашақорлық (морфиндік)

2. Уытқұмарлық (транквилизаторлар)

3. Психопатия

4. Депрессия

5. Ревматизм

1.

9.1.9.2.

Емделушінің мас күйіндегі сыртқы көрінісі: беті: көздері жарым-жартылай жабылған және аузы ашылған, қозғалыссыз, қатып қалған, жансыз, жоғарғы бөлігі қызарған, сәл ісіген, бет әлпеті мәнсіз ақымақтау; көзінің аққабықтары сәл қызғарған, нұрқабығы мөлдір, көз қарашықтары сіріңкенің басындай; қолдың баяу қозғалысымен орналасуы қимылсыз, сөйлеген сөзі созылыңқы. Науқастың қандай есірткі қолданатынын анықтаңыз:

1. Гашиш

2. Галлюциногендер

3. Эфедрон

4. «Экстази»

5. Апиын

5.

9.1.10.2.

36 жастағы науқас. 14 жасынан бастап ішімдік қолданады. 18 жасынан бастап — салынып ішеді. 19 жасында алғаш рет қолөнерлі көкнәр сабанынан әзірленген апиын есірткісін күре тамырына жіберген. Басынан кешірген күйі оған қатты ұнаған. Ішімдікке салынуды тоқтатқан. 4 ай өткеннен кейін есірткіге деген тоқтамсыз әуестік пайда болған, мөлшері жылдам өскен, және есірткіден қалаған әсерін алу үшін транквилизаторларды қосқан. Бір қабылдағанда радедорманың 20 таблеткасына дейін қабылдаған. Абстиненция күйінде ашушаң, дисфориялы, ұйықтай алмаған, арқасы, аяқтары, қолдары қатты аурырсынған, басы, жүрегі ауырған. Жұмысын тастап кеткен, анасының асырауында болған. Ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Апиынқұмарлық

2. Полинашақорлық

3. Уытқұмарлық

4. Маскүнемдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]