Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Дірілдеген талмалар

4. Мидың ісінуі

5. Ми тамырларының жиырылуы

3.

9.3.5.2.

36 жастағы науқас. 14 жасынан бастап ішімдік қолданады. 18 жасынан бастап — салынып ішеді. 19 жасында алғаш рет қолөнерлі көкнәр сабанынан әзірленген апиын есірткісін күре тамырына жіберген. Басынан кешірген күйі оған қатты ұнаған. Ішімдікке салынуды тоқтатқан. 4 ай өткеннен кейін есірткіге деген тоқтамсыз әуестік пайда болған, мөлшері жылдам өскен, және есірткіден қалаған әсерін алу үшін транквилизаторларды қосқан. Бір қабылдағанда радедорманың 20 таблеткасына дейін қабылдаған. Абстиненция күйінде ашушаң, дисфориялы, ұйықтай алмаған, арқасы, аяқтары, қолдары қатты аурырсынған, басы, жүрегі ауырған. Жұмысын тастап кеткен, анасының асырауында болған. Ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Апиынқұмарлық

2. Полинашақорлық

3. Уытқұмарлық

4. Маскүнемдік

5. Асқынған нашақорлық

5.

9.3.6.2.

Емделушінің мастану көрінісінде рауш күйіне ауысатын тежеулілік, ұйқышылдық, әлсіздік байқалады. Қандай психоактивті затты қолданғаны жайлы айтылып тұруы мүмкін?

1. Гашиш

2. Фенилпропаноламин

3. Барбитураттар

4.ЛСД

5.Кокаин

3.

9.3.7.2.

Психобелсенді затты қолданатын науқастың жеке басы деңгейінің төмендеуі тез дамыған. Бұрынғы өзіне тән мінезтану сипаттары шиеленіскен, ой-өрісінің тарылғаны, бұрынғы қызығушылықтарының жойылғаны, белсенділігінің төмендегені, ашуды келтіретін әлсіздік байқалады.

Қандай психобелсенді заттың қолданылғаны жайлы айтылып тұр?

1. Анаша

2. Апиын

3. Кокаин

4. ЛСД

5. Барбитураттар

5.

9.3.8.2.

Емделуші З. 21 жаста, 6 жылдай ішімдікке салынып ішеді, соңғы жылдары ішімдікке басқа психоактивті заттарды қосқаннан бастап жалпы психикалық әлсіздік, ақыл-есінің төмендеуі, ұғынуының әлсіреуі және қызбалығын ұстай алмауы байқалады. Қандай психоактивті зат жайлы ойлау керек?

1. Апиын

2. Гашиш

3. Кокаин

4. Барбитураттар

5. ЛСД

4.

9.3.9.3.

22 жастағы науқас. Отбасылық жайсыздықтардан кейін пайда болған невроздық симптоматикалар себебімен дәрігерге келген, ол оған күре тамырға жіберуге 0,5% 2,0 сибазон ерітіндісін белгілеген. Ол бірден жақсаруды сезген, тыныштық сезімі пайда болған, барлық мәселелер екінші орынға кеткен. Содан кейін ұйқышылдық пайда болып, ол ұйықтап кетті 3 күннен кейін бастапқы нәтиже алу үшін сибазон мөлшерін көбейту қажет болды. 2 аптадан кейін препаратты қабылдауды тоқтатқаннан соң ұйқысыздық, үрейлік, қорқыныш өрбіді, көңіл-күйі ызалы болып кетті, барлығы оның ашу ызасын келтірген. Бұлшықеттернің жағымсыз дірілдеп құрысуын, құсуға дейін жеткен жүрегі айнуды басынан кешірген. Сибазонды күре тамырына кезекті жібергеннен кейін бұл сезімдер жоғалып кеткен. Қандай препарат науқастағы абстиненцияны тиімдірек басатынын анықтаңыз:

1. Метадон

2. Флувоксамин

3. Амитриптилин

4. Милдронат

5. Трамал

4.

9.3.10.2.

27 жастағы науқас 2,5 жыл психоактивті заттарды тұрақты қолданады. Жүзі амимиялы, маска тәрізді. Жеке басының өзгергендігі байқалады. Науқас өзімшіл, өтірікші. Мінез-құлқының адамгершілік-этикалық нормалары жоқ, ұқыпсыз, кір киінген. Ойлауы мен сөз сөйлеуі баяу, жады өрескел бұзылған. Стационардан шыққаннан кейін психоактивті заттарды қайтадан қолданған, мөлшерден тыс қолдану салдарынан мерт болған. Қандай психоактивті заттар туралы айтылып тұр?

1. Апиын

2. Гашиш

3. Кокаин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]