Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Маскүнемнің қызғану сандырағы

5. Психопатия

4.

8.3.1.1.

Патологиялық масаю ... қабылдағаннан кейін туындайды:

1. Біршама аз мөлшердегі ішімдікті

2. 0,5 литр ішімдікті

3. 1 литр ішімдікті

4. 1,5 литр ішімдікті

5. 2 литр және одан көп мөлшердегі ішімдікті

1.

8.3.2.2.

27 жастағы ер адам. Спиртті ішімдіктерді сирек қолданады, себебі мас күйінде өзін қуанышты сезінбейді, керісінше — көңіл-күйі жабырқаңқы, бойын қауіп-қорқыныш жайлап, өзіне деген жанашырлық пайда болады. Өткен өмірінің жағымсыз оқиғалары еске түседі. Кейде өз олқылығын сезініп, болашақтан толық үмітін жоғалтқандай сезімі пайда болып, өз өзіне қол жұмсау ойының пайда болуына әкеп соғады. Бір күні мас болған кезінде 5-ші қабаттың терезесінен құламақшы болған. Әрі қарай өзінің күйзелістері жайлы біледі. Масаюдың түрін анықтаңыз:

1. Патологиялық масаю.

2. Жай масаюдың дисфориялық түрі.

3. Жай масаюдың ұйқышылдық түрі.

4. Жай масаюдың параноидты түрі.

5. Жай масаюдың депрессиялық түрі.

5.

8.3.3.2.

19 жастағы науқас. Тұқымында маскүнемдік пен шизофрения анықталған. Мінез-құлқы бойынша ұялшақ, өзіне сенімсіз, ата-анасымен түрады, ештеңемен айналыспайды, жұмыс орнын жиі ауыстырады. 17 жасынан бастап құрбыларының ықпалында үнемі ішімдік қолданады. Жарты жылдан кейін ішімдікке деген қатты әуестік пайда болған. Күнделікті ішеді, ең көп мөлшері 1 л шарапқа дейін, суррогаттар қолданады. Абстиненция күйінде әлсіздікке, шаршаңқылығына, бас ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқастың ішімдікке салынып ішкен түрін анықтаңыз:

1. Маскүнемдіктің I-ші сатысы

2. Күнделікті маскүнемдік

3. Дипсомания

4. Маскүнемдіктің III-ші сатысы

5. Маскүнемдіктің II-ші сатысы

5.

8.3.4.2.

21 жастағы науқас. Жақын арада астениямен жалғасқан пневмонияның ауыр түріне шалдыққан науқас, досының үйлену тойында 0,5 л арақ ішкен. Жылдам масайып, тілі күрмеліп, сөйлеген сөздері бұрмаланған, жүрісі тәлтіректеген.. Содан кейін мастықтан айығып кеткен сияқты, үстелден тұрып, бөлмеден шықты да, батыл адыммен ас үйге қарай бет алды. Үй иесінің не керек деген сұрағына жауап берместен, пышақты алды да тез үстелге оралып, өзіне айтылған сөздерді елеместен қатты айғайлап, пышақпен оңды соңды сілтей бастады. Қонақтарға шабуыл жасап, өліммен қорқытқан, оны тоқтатпақ болған адамдарға оқыс қарсылық көрсеткен. Жүзі бозарыңқы, көз қарашықтары ұлғайған. 15 минуттан кейін тынышталып, көрші бөлмедегі диванда ұйықтап қалды. Келесі таңда болған оқиға жайлы ешнәрсе есінде қалмаған. Осы науқасқа қатысты сот қандай шешім шығаратынын анықтаңыз:

1. Жай масаюдың орташа дәрежесі.

2. Патологиялық масаю.

3. Жай масаюдың дисфориялық түрі.

4. Жай масаюдың параноидты түрі.

5. Жай масаюдың қояншық тәрізді түрі.

2.

8.3.5.2.

27 жастағы науқас. 14 жасынан бастап спиртті ішімдіктерді қолдануды бастады, соңғы 5 жыл бойы жиі және көп қолданған, араққа деген төзімділігі 0,7—0,8 л дейін. Ішетін серіктестерін қуана-қуана ұйымдастырады, ішкілік ішуге дайындықты қызу талқылайды, өткен отырыстар жайлы сүйсініп айтады. Ішкілік ішуге бірдеңе кедергі жасаса ашуланады. Әдетте ішімдікті орташа, тіпті ауыр дәрежеге дейін ішеді. Басталған бөтелкені үстелде қалдыра алмайды, сол бөтелкені ішіп бітіреді. Кейде келесі таңда ішкеннен кейін алдыңғы күні болған оқиғаларды еміс-еміс біледі. Басын жазбайды, алайда отырыстан кейін таңертең өзін нашар сезінеді, ал жұмысқа тек бірнеше шынаяқ қою кофе ішіп, бірнеше шылым шеккен соң кірісе алады. Ішкіліктер ішкені үшін жанұяда жұбайымен жиі жанжалдар болып тұрады. Диагнозын анықтаңыз:

1. Ішімдікті орташа қолдануы.

2. Үздіксіз маскүнемдік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]