Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Әскери есептен шығарылуыумен қоса жарамсыз.

3. Әскери уақытт саптан тыс қызметке жарамды.

4. Бейбітшілік және әскери уақытта саптан тыс қызметке жарамды.

5. Емдеуге жіберу.

2.

8.1.9.3.

23 жастағы апиын құмар. Көршілерінің жеке заттарына ұрлық жасаған. Милиция қызметкерімен ұсталған. 18 жасынан бастап есірткі қолданады, күн сайын қолөнерлі көкнәр сабанынан әзірленген есірткіні күре тамырына жібереді. 19 жасынан бастап «сынықтар» пайда болды. Еш жерде жұмыс істемейді. Жанұясының қамын ойламайды. Дөрекі түрде ата-анасынан есірткіге ақша талап етеді. Осыдан 2 жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін 1 жылға сотталған. Осы науқасқа қатысты сот қандай шешім шығаратынын анықтаңыз:

1. Жауапқа қабілетті

2. Жауапқа қабілетсіз

3. Жауапқа шамалы қабілетті

4. Әрекет етуге шамалы қабілетті

5. Жоғарыда аталғандардың ешқайсы емес

1.

8.1.10.3.

21 жастағы науқас. Жақын арада астениямен жалғасқан пневмонияның ауыр түріне шалдыққан науқас, досының үйлену тойында 0,5 л арақ ішкен. Жылдам масайып, тілі күрмеліп, сөйлеген сөздері бұрмаланған, жүрісі тәлтіректеген.. Содан кейін мастықтан айығып кеткен сияқты, үстелден тұрып, бөлмеден шықты да, батыл адыммен ас үйге қарай бет алды. Үй иесінің не керек деген сұрағына жауап берместен, пышақты алды да тез үстелге оралып, өзіне айтылған сөздерді елеместен қатты айғайлап, пышақпен оңды соңды сілтей бастады. Қонақтарға шабуыл жасап, өліммен қорқытқан, оны тоқтатпақ болған адамдарға оқыс қарсылық көрсеткен. Жүзі бозарыңқы, көз қарашықтары ұлғайған. 15 минуттан кейін тынышталып, көрші бөлмедегі диванда ұйықтап қалды. Келесі таңда болған оқиға жайлы ешнәрсе есінде қалмаған. Осы науқасқа қатысты сот қандай шешім шығаратынын анықтаңыз:

1. Жауапқа қабілетті

2. Жауапқа қабілетсіз

3. Жауапқа шамалы қабілетті

4. Әрекет етуге шамалы қабілетті

5. Жоғарыда аталғандардың ешқайсы емес

2.

8.2.1.1.

Маскүнемдіктің III сатысы ... сипатталады:

1. Ішімдікке деген төзімділігінің төмендеуімен.

2. Мөлшерлік бақылауын жоғалтумен.

3. Алкогольді деградацияның белгілері.

4. Максимальды төзімділікпен және абстиненттік синдроммен.

5. Қорғаныстық реакцияларының жоғалуымен.

1.

8.2.2.1.

Маскүнемдіктің типтік соматоневрологиялық салдарына ... жатқызады:

1. Сирингомиелияны

2. Полинейропатияны

3. Паркинсон ауруы

4. Шашыраңқы склероз

5. Гетингтон хореясын

2.

8.2.3.2.

29 жастағы науқас. Токарь, әйелі және екі баласымен тұрады. Ішімдікті алғаш рет 12 жасында құрбыларының арасында татып көрген. Алғашында тек «достарымен» ішкен, 22 жасынан бастап ішімдікті жалғыз өзі іше бастады, төзімділігі 0,8 л араққа дейін артты. Жанұясында жанжалдар жиі болып тұрады. Бірнеше рет жұмысқа шықпай, әкімшілік жазаға тартылған. Ішімдікті тастауға бірнеше ант берген. Алайда, егер ішкісі келгенде, оны тоқтату өте қиын, бұл қалауын қууға тырысады өйткені ол оған азап шектіреді. Күні бойы ойлайтын ойы, жұмыстан қайтып келе жатып, жолдан дүкенге соғып, бір бөтелке арақ сатып алып, оны үйде ішсем деп. Ішімдік туралы ой оның сілекейін келтіреді. Патологиялық әуестіктің түрін анықтаңыз:

1. Жаппай

2. Парциалдық

3. Алғашқы

4. Екінші

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]