Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Делириозды

5.

8.2.8.2.

49 жастағы науқас. III сатыдағы маскүнемдіктен азап шегеді. Осыдан 2 жыл бұрын алғаш рет көшеден шыққан «дауыстар» ести бастады. «Дауыстар» ол жайында айтып, талқылап, кінәлап жатқандай естілген. Бойын қорқыныш, дабыл билеген. Сөйлеп тұрған адамдар қайда жасырынып қалды деп қарауға барған. Шын адамдар сөйлеп тұрғанына, оны мазақ етіп, оның өмірін талқылап жатқандарына сенімді. «Дауыстарға» ызаланып, бұрқанып, олармен ұрсысуда. Біртіндеп оларға сабырлықпен қарап, мінез-құлығы бірыңғайланған. Жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта «дауыстардың» сирек келетінін және салынып ішкен кезде дауыстардың күшейе түсетінін айтады. «Дауыстарға» үйреніп кеткенін айтып, және бұлар оның – ауруы екенін түсінеді. Диагнозды анықтаңыз:

1. Алкогольді делирий

2. Өткір алкогольді галлюциноз

3. Алкогольді параноид

4. Ұзаққа созылған алкогольді галлюциноз

5. Шизофрения

4.

8.2.9.2.

27 жастағы науқас. Мінез-құлқы бойынша көпшіл, ашық жарқын, серіктес ортаны жақсы көреді. Ішімдікті алғаш рет 15 жасында татып көрген, 18 жасынан бастап мейрамханада даяшы болып жұмыс істей бастады. Осы уақыттан бастап ішімдікті жиі қолданады. Осыдан үш жыл бұрын бас жазу синдромы пайда болған. Мінез-құлқы өзгерген. Балаларына, жұбайына көңіл бөлуді қойған, жұмыста, көшеде мас күйінде келген. Туған-туысқандары мен қызмтекерлердің өтініштері мен ескертулеріне «Мені маскүнем деп санамаңдар, мен емделуге барғалы жатқан жоқпын» деп жауап берген. Жұмыстан шығарылған, бос, үй шаруасымен айналыспайды, үйге бөтелкелестерін ертіп келеді. Көңілді, уайым-қайғысыз, балалардың көзінше өзінің сүйіспеншілік кезулері жайлы айта береді, дөрекі әзілдейді, жиі күле береді, өзіне өзі қарауды қойды, өзінің жағдайына сын көзімен қарамайды. Маскүнемдік деградацияның типін анықтаңыз:

1. Қозғыштық сипаты бар психопат тәрізді.

2. Созылмалы эйфориясы бар деградация.

3. Аспонтантығы бар деградацияс

4. Депрессия сипаты бар психопат тәрізді.

5. Долылық сипаты бар психопат тәрізді.

2.

8.2.10.2.

39 жастағы науқас. 12 жасынан бастап спиртті ішімдіктерге салынып ішеді, басын жазады, араққа төзімділігі 1,5 л дейін. Соңғы күндері ұйқысы нашар, бақшадан машина шуылын естиді, оны тексеру үшін үйден шығып қарайды, бірақ күдікті ештеңе көрмейді. Су шуы мен сағаттың сыртылынан ол туралы балағат айтылып жатқандай естиді. Көшеден, көрші бөлмеден дауыстар шыққандай сезінеді. «Дауыстар» көп болып, барлық сөздер науқас туралы болғандай: кейбіреулері оны балағаттап, тіл тигізген, жазамен қорқытқан, басқалары жақтап, қолдау көрсеткен, кеңестер берген, көмек көрсетуге уәде берген. Терезеден басын шығарып қарады, алайда ешкімді көрмеді. Осындай бұзылыстар алғаш рет пайда болған. Дабыл пайда болып, көңіл-күйі төмендеген. Диагнозды анықтаңыз:

1. Маскүнем сандырағы

2. Өткір алкогольді галлюциноз

3. Ұзаққа созылған алкогольді галлюциноз

4. Өткір алкогольді параноид

5.Шизофрения

2.

8.2.11.2.

44 жастағы науқас. 23 жасынан бастап ішімдікке салынып ішеді, бірнеше рет емделген, алайда сәтсіз. Соңғы жылдары жыныстық қабілеттілгінің төмендеуіне шағымданған. Тап осы уақытта ол әйелін опасыздық жасап жүрсін деп айыптай бастаған. Қызғаныш ұрыс-керісін шығарған, оның іш киімін мұқият тексеріп, опасыздық жасағанын мойындауды талап еткен, көңілдесін өлтіремін деп қорқытқан. Әйелінің ашына таңдаудан талғамы жоқі, оның көңілдестерінің ішінде 78 жастағы көрші, өзінің кіші бауыры және кездейсоқ өтіп бара жатқандар да бар деп сендіреді. Объективті түрде: түсіну қабілеті бұзылмаған. Дұрыс бағытталған. Ауруға сынсыз. Ауруханаға жатқызылғанын, «әйелінің дәрігерлермен келісіп койып, ол жоқ кезде азғындығын жалғастыру үшін» ауруханаға жатқызды деп түсіндіреді». Диагнозын анықтаңыз:

1. Шизофрения

2. Пресенилдік параноид

3. Реактивті параноид

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]