Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Масаюдың орташа дәрежесі.

5. Патологиялық масаю.

4.

8.1.5.2.

29 жастағы науқас. Ішімдікті алғаш рет 14 жасында ішіп көрген, 19 жасынан салынып ішеді, 27 жасынан бас жазады. 1,0 л дейін арақ және самогон ішеді. Ішімдікті әртүрлі сылтаулармен (мейрамдар, жолдастарымен кездесулер, жұмыс аптасының аяқталуы, жалақы алуы). Бірнеше күн қатарынан іше алады. Салынып ішу әдетте әртүрлі жағдайлардың әсерімен аяқталады – жұмысқа бару керектігі, милиция немесе жақындарының тарапынан жазалау қаупінен, ақшасы таусылады. Салынып ішу арасындағы уақытта мас болуға дейін жеткізбей эпизодтық түрде, ішімдікті аз мөлшерде ішуді жалғастырады. Ішімдікті салынып ішудің типін анықтаңыз:

1. Тұрақты

2. Аралас

3. Жалған салынып ішу

4. Дипсомания

5. Бұлардың ешқайсы емес

3.

8.1.6.3.

24 жастағы науқас. Бала кезінде басынан жарақат алып, есінен танып қалған. Сипатталып жатқан оқиғалар күні таңертеңнен бастап өзін нашар сезінген, кешке жақын достарымен бірге дәмханада 0,15л шарап ішкен. Дәмханадан шыға салысымен, тыр жалаңаш шешініп тастап, киімдерін тротуарға шашып тастаған. Әрлі-берлі өтіп бара жатқандардың артынан жүгіре бастаған. Өтіп бара жатқан бір әйелдің киімінен ұстап алып «Сіздердің көздеріңізді жою керек» деп айғайлаған. Алайда аяғына берік басып тұрған және сөздері анық болған. Бірақ, «ештеңе ұқпайтын» адамдай әсер берген. Өтіп бара жатқан адамның бірін ұшырып түсіріп, үстіндегі киімдерін жыртып тастаған. Милиция бөлімшесінде басында айғайлап, жұлқынған, қашып құтылуға тырысқан, алайда тынышталып, орындыққа жатып, ұйықтап қалды. Бұдан әрі қарай болған оқиға жайлы ешнәрсе есінде қалмаған. Осы науқасқа қатысты сот қандай шешім шығаратынын анықтаңыз:

1. Жауапқа қабілетті

2. Жауапқа қабілетсіз

3. Жауапқа шамалы қабілетті

4. Әрекет етуге шамалы қабілетті

5. Жоғарыда аталғандардың ешқайсы емес

2.

8.1.7.3.

16 жастағы бозбала. Анамнезінде ауыр бас сүйек-ми зақымы (БСМЗ) көрсетілген, достарының кеңесі бойынша алғашқы рет марихуанамен бірге шылым шеккен. Бірнеше минуттан кейін өзінің қайда жүргенін түсіне алмай, достарын танымаған. Өзінің қасынан өтіп бара жатқан немесе тоқтап тұрып, дене қимылдарымен оны қорқытқан бір топ адамдарды көре бастаған. Қорқыныштан өшпенділік, басқыншылық пайда болған. Достарының біреуін бас салып, оны қатты ұрып-соққан. Төбелес куәгерлері науқасты тоқтатпақшы болғанда, ол оқыс қарсылық көрсеткен. Айналасындағылардың сұрақтарына жауап бермеген. Психиатриялық аурханаға жеткізілген. 3 күннен кейін байланыссыз ой естеліктері сақталған дерттілік сырқаудан шыққан. Жасөспірімге қарсы қылмыстық іс қозғалған. Тап осы жағдайда сот қандай шешім қабылдайтынын анықтаңыз:

1. Жауапқа қабілетсіз

2. Жауапқа қабілетті

3. Жауапқа шамалы қабілетті

4. Әрекет етуге қабілетсіз

5.Әрекет етуге шамалы қабілетті

1.

8.1.8.3.

18 жастағы жасөспірім. Психиатриялық ауруханаға әскери-психиатриялық сараптама үшін әскерге шақырылушы ретінде жіберілген. 14 жасында алғаш рет «шөп» қосылған шылым шеккен. 16 жасынан бастап қолөнерлі көкнәр сабанынан әзірленген есірткіні күре тамырына жібереді. Осыдан 1,5 жыл бұрын «сынықтар» пайда болды. Екі рет наркологиялық бөлімшеде емделген, алайда одан шыққан соң көп ұзамай есірткі қабылдауды қайта бастаған. Тап осы жағдайда әскери қызметке лайық екендігі туралы қандай шешім қабылданатынын анықтаңыз:

1. Жарамды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]