Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NPN.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Обсессивті

5.

8.2.4.2.

29 жастағы науқас. Ішімдікті алғаш рет 14 жасында ішіп көрген, 19 жасынан салынып ішеді, 27 жасынан бас жазады. 1,0 л дейін арақ және самогон ішеді. Ішімдікті әртүрлі сылтаулармен (мейрамдар, жолдастарымен кездесулер, жұмыс аптасының аяқталуы, жалақы алуы). Бірнеше күн қатарынан іше алады. Салынып ішу әдетте әртүрлі жағдайлардың әсерімен аяқталады – жұмысқа бару керектігі, милиция немесе жақындарының тарапынан жазалау қаупінен, ақшасы таусылады. Салынып ішу арасындағы уақытта мас болуға дейін жеткізбей эпизодтық түрде, ішімдікті аз мөлшерде ішуді жалғастырады.

Ішімдікті салынып ішудің типін анықтаңыз:

1. Тұрақты

2. Аралас

3. Жалған салынып ішу

4. Дипсомания

5. Бұлардың ешқайсы емес

3.

8.2.5.2.

17 жастағы қыз бала. Соңғы 2 жыл бойы әртүрлі психоактивті заттарды (апиынды, марихуана, «рахаттану») қабылдаған. Ауруханаға жатар күні, бұған дейін бірнеше қабылдаған қолөнерлі әзірленген первитин препаратын («винт») күре тамырына жіберген. Есірткіні күре тамырына қабылдағаннан кейін қысқа мерзімде айналасының өзгергенін көрді, қарсы алдында тұрған таныс адамы кенеттен «көбейіп», бірнеше адамға бөлініп кетті. Заттардың түсі түнеріп кеткен сияқты көрінді. Бұл жаман қорқынышты болды. Өткен-кеткендерді итеріп, қашып шығуға тырысқан. Бірнеше сағаттан кейін аурулы көріністер ықшамдалып, және олар туралы естелік сақталған. Алайда, айналадағы бағдарды жоғалтпағанын біледі. Психопатологиялық синдромды анықтаңыз:

1. Дереализация

2. Аментивті

3. Сананың қарауытқан күй-жағдайы

4. Параноидты

5. Делириозды

1.

8.2.6.2.

38 жастағы науқас. 18 жасынан бастап көңіл-күйінің уәжсіз төмендеу кезендері келді, ештене істегісі келмеген, достарымен араласқысы келмеген, тәбеті болмаған, ұйқысы бұзылған. Ол көктем мен күз мезгілдерінде жиі байқалған. Бұл күй-жағдайлардың ұзақтығы 3-4 күнге дейін созылған, әдетте бұндай күндер қалай келсе солай кенеттен өтіп кететін. Соңғы 2 жылда осы оқиғалар кезінде ішімдікке деген тоқтаусыз әуестік пайда болған, сонда науқас жұмысын тастап, ауыр дәрежеге дейін ішіп мас болған, барлық ақшасына, заттарына ішіп қойған. Ішімдік ішпе деген жақындарының жалынып-жалбарынғанын мүлдем ілтипатқа алмаған, Алкогольді ұстамсыздық 5-7 күнге дейін жалғасып, қалай басталса, солай кенеттен аяқталған. Содан кейін науқаста ішімдікке деген жиіркеніштік пайда болды. Науқастың диагнозын анықтаңыз:

1. Салынып ішетін маскүнемдік

2. Дипсомания

3. Маскүнемдіктің I сатысы

4. Маскүнемдіктің II сатысы

5. Маскүнемдіктің III сатысы

2.

8.2.7.2.

19 жастағы жас жігіт. 15 мг мөлшердегі фенциклидин есірткісін қабылдаған. 5 минуттан кейін басы айналған, болып жатқан оқиғаны нашар түсінген, содан кейін айналадағы бағдары бұзылған, жағымсыз адамдарды, жануарларды «көрген», жағымсыз дауыстар «естіген». Қолдары ұзарып кеткендей, ішек-қарны қозғалндай сезінген. Өзіне қауіп төніп тұрғанын, өлтіруі мүмкін екендігіне сендірген. Көңіл-күйі құбылмалы — көңілділік, көпшілдігі өшпенділікпен, ашушаңдықпен алмасқан. Науқас абыржулы, үстіндегі киімін жыртып жатыр. Терапияның әсерімен психикалық күйі 2 сөткеден кейін басылып, аурулы уайымдары ұмытылды. Фенциклидинмен улану күйінде болған науқаста қандай синдром өршігенін анықтаңыз:

1. Маниакалдық

2. Онейроидты

3. Сананың қарауытқан күй-жағдайы

4. Параноидты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]