- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы – бұл нормативтер мен ережелермен, институттар (мекемелерден) мен əр түрлі техникалық құрал-жабдықтармен материалдандырылған, мəмілелерді жасау жəне жүзеге асыру барысында қолданылатын технологиялардың жиынтығы. Инфрақұрылымның дамуы нарықтың дамуы мен байланысты. Нарықтағы айналым жəне жасалған мəмілелердің саны аз болса инфрақұрылымды ұстау қымбатқа соғады.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын мынадай топтарға топтастыруға болады:
• реттеушілік;
• функционалдық;
• техникалық;
• ақпараттық.
Бағалы қағаздар нарығының реттеушілік инфрақұрылымы – бұл мəмілелердің жүзеге асырылуын реттеуге мүмкіндік беретін, əр түрлі ережелермен əдістер жиынтығынан тұратын бағалы қағаз нарығын реттеу жүйесі.Бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесінің мақсаты – бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету(тəуекелді төмендету жəне өтімділікті арттыру). Бағалы қағаздар нарығын реттеуді мемлекет немесе өзін - өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады. Мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеуді мемлекет шығарған заңмен, нормативтік актілермен іске асырады. Өзін - өзі реттейтін ұйымдарға нарыққа қатысушылардың ассоцияциясы, қор биржасы, биржадан тыс сауда жүйесі кіреді.
Бағалы қағаздар нарығының функционалдық инфрақұрылымы – бағалы қағаздармен мəмілелерді жасау процесін қамтамасыз ететін, бағалы қағаздармен сауда саттықты жүргізу жүйесі(делдалдар, қор биржасы, ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған биржадан тыс нарық, бағалы қағазды аукцион бойынша сату). Алғашқы бағалы қағаздар нарығында делдалдар бағалы қағаздарды қайта сату мақсатымен, эмитенттен төменгі бағада бағалы қағаздарды сатып ала отырып, бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруды қамтамасыз етеді. Бұндай делдалдарға инвестициялық банктер жатады. Ал қайталама бағалы қағаздар нарығында мəмілелер жасауды брокерлер мен дилерлер іске асырады. Қор биржасы, яғни KASE əрекет етіп жүр. Биржалық нарық ұйымдастырылған нарыққа ұқсас болып келеді. Ал биржадан тыс нарық ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық ретінде болуы мүмкін. Бағалы қағазды аукцион бойынша сату, яғни бұл аукционға делдалдар мен инвесторлардың өздері қатыса алады.
Бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымы – жасалған мəмілелер бойынша есеп айырысу жүйесін білдіреді. Мынадай қызметтерді қамтиды: депозитарлық қызмет(бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу); бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүзеге асыру жəне сақтаумен байланысты қызмет; есеп айырысу жəне клирингтік қызмет. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін сəйкесінше мына мекемелер жүзеге асырады: орталық депозитарий, тіркеуші жəне клирингтік компания.
Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық инфрақұрылымы – бұл байланыс жүйесі мен ақпараттық жүйеден тұрады. Ақпараттық жүйе – ақпаратты (мəліметтерді) жинау, өңдеу жəне бағалы қағаз нарығына қатысушыларға эмитент туралы ақпаратты, шығарылған жаңа бағалы қағаздар туралы, оның бағасы жəне бағалы қағаздармен сауда саттықты жүргізу орны туралы мəліметтерді беру. Байланыс жүйесін – телекоммуникациялық жүйе деп те атайды.
