Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы

Қазақстанның егеменді ел атануымен қатар экнономиканы қайта құру идеясы өндірісті қайта қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуіне қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 19 маусымдағы «БҚ » туралы ережені бекітті. 1994 жылы 20 наурыздағы республика Президентінің «БҚН –н қалыптастыру шаралары » туралы жарлығы БҚН- ндағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде БҚ- дар жөніндегі ұлттық комиссиясының ережесін бекітті. Бұл жарлық 1991 жылғы «БҚ-р айналымы және Қор биржасы туралы» заңды және «БҚ-р » туралы ережені жойды. 1994 жылы 3 қазандағы Министрлер кабинетінің қаулысымен «БҚ- р туралы уақытша ережені» бекітті. Ол Қазақстанның БҚН- н дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылғы сәуірге дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында република президенті БҚ –р жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасымен оның төрт мүшесін бекітілуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы БҚН – н қалыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.

Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанды БҚН-н дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия Қор биржасы ашылды.1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан БҚН-нда өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған Орталық Азия және Қазақстан Қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қаз-н Қор Биржасы қызмет көрсетуде. 1997 жылдың 5 наурызында «БҚН туралы» ж/е «ҚР – ң БҚ-ымен мәмілелерді тіркеу туралы» қабылданған 2 заң негізінде қазіргі Қаз-н БҚН-ң базалық инфрақұрылымы түгелімен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында БҚН-нда кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін норм-құқ-қ акт-ң – брокерлік –диллерлік, кастодиандық, Орталық депозитарийлік, БҚ ұстаушылардың регестрін жүргізу б-ша пакетін бекітті. 1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «БҚ-ң Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол қазақстан қор биржасымен бірігіп , қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. 2001 жылдың 11 маусымында ҚР-сы президентінің «Қаржы нарығын мем-к реттеудің біріңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыққа сәйкес БҚ жөніндегі ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері ҚР ҰБ-іне берілді. 2003 жылға дейін ҰБ бақылаушы реттеуші қызметтерін ж.а. одан кейін ҚҚА құрылып, бақылау реттеу қазметтерін өзіне алды. Алайда 2011 жылы ол агенттік жабылып, Ұб реттеу қызметін қайта өзіне алды.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]