- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
Акция бойынша құқық көлеміне қарай:
- жай акция
- артықшылықты акция
Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.
• Жай акция - өз құзыреті шеңберінде барлық мəселелерді шешумен байланысты акционерге дауыс беру құқығы мен акционрелердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді;
• Артықшылықты акция - жай акциялардың меншік иелеріне қарағанда артықшылықты акцияның артықшылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғысында алдын ала айқындалып, белгіленген мөлшерде акционердің дивиденд алуға жəне қоғам таратылған кезде белгіленген тəртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Мынадай жағдайдарды қоспағанда артықшылықты акция иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы жоқ:
1. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса;
2. қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша, қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мəселені қараса;
3. артықшылықты акция бойынша дивиденті оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе, артықшылықты акция иесі қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
"Дивиденд" - акционердің өзіне тиесілі акциялары бойынша жыл сайын төлеп отыратын жəне акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу
1) Дивидендті төлеу туралы шешімнің болуы:
- Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда төленеді.
- Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша талап етілмейді
2) Дивидендтің бағалы қағаздармен төленуі:
- Қоғамның жай акциялары бойынша ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
- Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
3) дивидендтер төлеу туралы шешімнің қабылданғанын жария етуі:
- Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мəліметтер:1. қоғамның атауы, орналасқан жері, банк жəне өзге де реквизиттері;2. дивидендтер төленетін кезең;3. бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;4. дивидендтер төлеудің басталатын күні;5. дивидендтер төлеудің тəртібі мен нысаны болуға тиіс
- Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті мəліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті.
4) Дивидендті төлеу кезеңділігі:
- Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен жəне акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.
- Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі жəне дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді.
5) Дивидендті төлеу кезектілігі:
- Қоғамның акциялары бойынша екінші кезектілікте;
- Артықшылықты акциялар бойынша бірінші кезектілікте
6) Дивидендті төлеу мөлшері:
- Қоғамның акциялары бойынша: қоғамның таза пайдасына байл/ты
- Артықшылықты акциялар бойынша қоғамның жарғысымен дивидендтің мөлшері алдын ала белгіленеді
Қоғамның жай жəне артықшылықты акциялары бойынша мынадай жағдайларда дивидендтер төлеуге жол берілмейді:
1. жарғылық капиталдың мөлшері толығымен төленбеген жағдайда;
2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңына сəйкес қоғамның төлем қабілетсіздігі немесе дəрменсіздік белгілері анықталған жағдайда немесе аталған белгілер қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу нəтижесінде пайда болса;
3. сот немесе акционерлердің жалпы жиналасында қоғамды тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда.
