- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жəне өзге де кəсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Корпоративті бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.
Акция мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Акцияны шығару нысаны қарай:
•құжатты - материалдық нысаны бар бағалы қағаз түрі;
•құжатсыз - электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде шығарылатын бағалы қағаз.
2. Акцияны иелену тəсіліне қарай:
• атаулы акция - акцияның иесі туралы мəліметтер акционерлік қоғамның тіркеу журналында тіркеледі;
• мəлімдеуші акция - акцияның иесі туралы мəліметтер акционерлік қоғамның тіркеу журналында тіркелмей-ақ, бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болатын бағалы қағаз түрі.
3. Акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған жəне орналастырылған акциялар деп бөлуге болады: • орналастырылған акциялар – акционерлердің акцияларды сатып алуын білдіреді; • жарияланған акциялар - эмитенттің орналастырылған акцияларға қосымша акцияларды шығару мүмкіндігін білдіреді.
4. Акция бойынша құқық көлеміне қарай:
- жай акция - өз құзыреті шеңберінде барлық мəселелерді шешумен байланысты акционерге дауыс беру құқығы мен акционрелердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді;
- артықшылықты акция - жай акциялардың меншік иелеріне қарағанда артықшылықты акцияның артықшылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғысында алдын ала айқындалып, белгіленген мөлшерде акционердің дивиденд алуға жəне қоғам таратылған кезде белгіленген тəртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Сонымен артықшылықты акцияларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
• кумулятивті акция - төленбеген немесе толық көлемде төленбеген дивидендтер жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;
• конвертацияланатын (айырбасталатын) акция – акционерлік қоғамның шығару пропектісімен айқындалатын талаптар мен тəртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағаз.
• қатысу үлесі бар акция - акция иесіне тіркелген дивидендпен қатар қосымша дивиденд алуға құқық береді.
• кепілдікті акция – бұл акцияның түрін еншілес кəсіпорындар шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда дивидендті төлеу жоғары тұрған ұйымның беделімен кепілдендіріледі. Бұл еншілес кəсіпорындардың шығарған акцияларына инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
5. "Алтын акция"- құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға жəне дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мəселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куəландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс.
