Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау

Бағалы қағаздар протфелі – бағалы қағаздар нарығы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы əр түрлі бағалы қағаздардың жиынтығы. Қалыптасқан портфель қамтамасыз етілу деңгейі, тəуекел деңгейі жəне дивидент немесе əр түрлі пайыз мөлшерлемесі бекітілген корпоративті акциялар мен облигациялардың жəне өзгеде бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.

Бағалы қағаздар портфелі инвестор үшін деңгейі төмен тəуекел жағдайында, қажетті, тұрақты табыс алуға мумкіндік беретін құрал болып табылады. Бағалы қағаздар портфелі бойынша табыс - тəуекел деңгейін ескере отырып, қандай да бір портфельде калыптасқан барлық бағалы қағаздардың жиынтығынан түсетін жалпы пайданы білдіреді.

Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын ескере отырып, нақты бір кезең үшінде портфельге тиесілі тəуекел мен инвестор күтетін табыс арасында балансы бар, əр түрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады. Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды. Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тəуекелдің арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы. Портфельдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивиденд)

• Өсу портфелі - курстық құны өсетін компаниялардың акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельдің мақсаты – дивидендті алумен қатар портфельдің капиталдық құныда өседі. Бірақта дивидендтік төлемдер орташа мөлшерде төленеді. Портфельдің құрамына кіретін жиынтық акциялардың курстық құнының өсу қарқыны портфельдің түрлерін анықтайды:

1. Агрессивті өсу портфелі - капиталдың максималды өсіміне бағытталған. Бұл протфельдің құрамына жаңадан құрылған жəне тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті өсу портфелінің тəуекелі жоғары соған сəйкес алатын табысы да жоғары болуы мүмкін.

2. Консервативті өсу портфелі – бұл портфельдің тəуекелі төмен болып келеді. Аталған портфельдің құрамына жақсы танымалы ірі компаниялардың акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалады жəне капиталдың сақталуына бағытталған.

3. Орташа өсу портфелі – агрессивті жəне консервативті өсу портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельдің құрамы кезеңмен жаңаланып отыратын тəуекелдi қор құралдары мен тəуекелі бар құралдарды ұзақ мерзімге сатып алатын сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бiрге капиталдың орташа өсiмi мен салым тəуекелдiгiнiң деңгейi бiр қалыпқа түседi. Сенiмдiлiк – консервативтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен, ал кiрiс агрессивтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiледi. Инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған типтегі портфель болып табылады.

• Өсу жəне табыс портфелі - төменгі деңгейдегі табыс немесе дивидендтік төлемдерді жəне курстық құнының төмендеуінен пайда болатын шығынды төмендету үшін бағытталған. Осы типтегі портфельдің құрамына кіретін қаржылық активтің бір бөлігі капитал құнының өсуіне ал екінші бөлігі пайда алуға мүмкіндік береді.

1. Баланстандырылған портфель – бұл типтегі портфельге тəуекелі жоғары бағалы қағаздар сонымен қатар жай жəне артықшылықты акциялар, облигациялар кіреді. Бұл портфельдің құрылуы кезінде қойылған сипатына сəйкес келетін табыстар мен тəуекелдердің балансталуымен сипатталады. Əр түрлі инвестициялық салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге жəне жиынтық тəуекелдерді төмендету кезінде жоғары табысты алуға мүмкіндік береді.

2. Қос бағыттағы портфель – капиталға салым өскен кезде жоғары табыс алатын бағалы қағаздар кіреді. Кəсіпорын екі типтегі акцияларды шығарыды, біріншісі жоғарғы деңгейде табыс əкеледі, екіншісі капиталдың көлемін ұлғайтады.

• Табыс портфелі - жоғарғы деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді. Пайызы немесе дивиденді жоғары облигациялар мен акциялардың жəне басқада бағалы қағаздардың жиынтығынан тұрады. Сенімділігі жоғары бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельдің объектісі болып табылады.

1. Тұрақты табыс əкелетін портфель – минималды тəуекел деңгейінде орташа табыс алып келетін жоғары сенімді бағалы қағаздардан қалыптасады.

2. Табысты бағалы қағаздар портфелі - орташа тəуекел деңгейінде жоғарғы табыс алып келетін корпоративті облигациялардан тұрады. Инвестициялық портфельдің құрамындағы объектілерді іріктеу инвесторлардың қалауына сəйкес жүзеге асырылатындықтан, инвестор жəне портфель типі арасындағы байланыс бар болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты портфель, орта біркелкіге əртараптардырылған портфель, агрессивті инвесторларға жоғары табысты, бірақ тəуекелді портфель сəйкес келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]