Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау

Ұйымдастырылған нарық - мəмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының (Қор биржасының) iшкi құжаттарына сəйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласын білдіреді. Бұнда Қазақстан Қор биржасының (KASE) ішкі ережелері және ҚР заңнамалық актілері қатаң сақталуға тиісті.

Ұйымдастырылмаған нарық – бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы. Бұл нарықта барлық мәмілелер мен сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібі сауда-саттыққа қатысушылардың өзара келісімі арқылы анықталады.

13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Дəстүрлі нарық - бағалы қағаздарды сатудың дəстүрлі нысаны, əдетте бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылар нақты бір жерде кездесуі арқылы жүзеге асырылады. Сауда ашық жəне жабық нысанда жүргізіледі.

Компьютерлендірліген нарық - компьютер желісін жəне қазіргі кезеңдегі байланыс құралдарын пайдалану негізінде, бағалы қағаздар саудасы əр түрлі нысанда жүргізіледі.

Компьютерлендірілген нарыққа мынадай сипаттамалар тəн: - сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін нақты физикалық орны болмайды, бірақ компьютерлендірілген сауда орны бағалы қағаздарды сатушы фирмада немесе тікелей сатушы мен сатып алушыда болады; - бағаны белгілеу процесі жариялы түрде жүргізілмейді, бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда автоматты түрде жүргізіледі; - бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда үнемі үздіксіз сипатта болады.

14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Кассалық нарық - ("спот" жəне "кэш" нарығы) жасалынған мəміле 3-4 күн ішінде тез арада іске асырылады. Бұл нарықтың құралдары дәстүрлі БҚ болып табылады (акция мен облигация)

Мерзімді нарық - мəміленің орындалуы əдетте бірнеше айға созылады, көбінесе 3 айға созылады. Мерзімді нарықта туынды БҚ нырығының құралдары айналымда жүреді (форвард, фьючерс, опцион, т.б.)

15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету

Бағалы қағаздар нырағының қатысушылары - бұл бағалы қағаздарды сататын жəне сатып алатын, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын жəне айналысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер немесе жеке тұлғалар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының жай жəне кəсіби қатышушылары мыналар болып табылады:1.мемлекет, муниципалитеттер, ірі ұлттық жəне халықаралық компаниялар.Олардың бағалы қағаздарды шығаруы жəне оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды. Осы топтың шығаратын бағалы қағаздары жоғарғы табысты қамтамасыз етпейді, дегенменде мемелекеттік бағалы қағаздарға деген нарыққа қатысушылардың сенімділігі жоғары; 2. бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын қаржылық институттар (коммерциялық жəне инвестициялық банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары жəне т.б.);

3. жеке инвесторлар - жеке тұлғалар жəне институционлады инвесторлар - Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға.

Бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары мыналар:

1. сауда алаңдары - қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен олар арқылы мəмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі.

• биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997 жылы бастаған қор биржасы (KASE) əрекет етіп жүр. Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға жəне коммерциялық емес ұйым болып табылады.

• биржадан тыс.

2. сауда агенттері.

Брокер - бағалы қағаздар нарығының клиентінің тапсырмасы бойынша, соның есебінен жəне мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

Дилер - ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп жəне өз есебінен (эмиссиялық) бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдармен мəмілелер жасайтын кəсіби қатысушы.

3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар:

Оған мыналар жатады:

• тiркеушi - бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды жəне жүргізудi жүзеге асыратын кəсiби қатысушы.

• бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы - нақтылы ұстау шартына сəйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан жəне есебiнен белгілi бiр заңды iс-əрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау жəне осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелерiн тiркеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушы. Орталық депозитарий, кастодиан, брокер жəне дилер нақты ұстау қызметін көрсетуге құқылы.

• кастодиандар - бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының жəне клиенттер ақшасының есебін алуды жəне олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жəне Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кəсіби қатысушылар.

• орталық депозитарий – орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден – бір ұйым болып табылады.

• инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар нарығының азаматтық құқықтық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіби қатысушы.

• сауда-саттықты ұйымдастырушылар - қор биржасы жəне биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы жатады.

• трансфер агент - бағалы қағаздар нарығының өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін кəсіби қатысушы.

• клирингтік қызмет - Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Клиринг - есептейтін компьютерлік жүйе мен əдістерді пайдалану негізінде, арнайы мекеменің көмегімен іске асырылатын, мəмле бойынша жиынтық есеп айырысу операциясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]