Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету

Облигация бойынша жалпы табыс мына элементтерден қалыптасады:

1. купондық табыс (төленетін пайыз мөлшерлемесі негізінде);

2. дисконттық табыс (облигацияның құнының өзгеруіне байланысты);

3. облигациядан түскен табысты қайта қаржыландыру.

Акцияға қарағанда облигация иесі тіркелген ағымдық табысты алып отырады. Облигация бойынша пайыз жылына 1 – 2 рет төленеді.

Облигация бойынша купондық табыстың көлемі эмитент – компанияның тұрақтылығына байланысты болады. Эмитент – компания тұрақты болған сайын осы компанияның облигациясына сұраныс жоғары болады, осыған сəйкес пайыз мөлшерлемесі төмен болады. Облигация ұзақ мерзімге орналастырылса пайыз мөлшерлемесі жоғары болады жəне керісінше.

Облигация бойынша купондық төлемді шартты түрде үшке бөлуге болады:

1. тіркелген жылдық төлемдер;

2. индекстелетін жылдық төлемдер;

3. негізгі қарыз сомасымен бірге төленетін төлемдер.

Басқа бағалы қағаздарға қарағанда облигация бойынша жалпы немесе жиынтық табыстың көлемі төмен себебі, басқа бағалы қағаз түрлеріне қарағанда облигацияға деген сенімділік жоғары. Облигация бойынша табыстың көлемі нарық конъюнктурасына байланыссыз болғандықтан, облигация иесі тұрақты түрде тіркелген пайыз мөлшерлемесін алып отырады.

Облигацияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер:

1. Купонды облигацияның құны:

P = C/r * (1 – 1/(1+r)^n)+N/(1+r)^n

r – облигацияның табыстылығы;

N – облигацияның номиналдық құны

P – облигацияның құны;

n – облигацияның өтелу мерзімі, жыл

C – купондық төлем

2. Купонсыз облигацияның құны: P = N / (1 + (r * t/360))

3. Купонды облигацияның өтелу мерзіміне дейінгі табыстылығын анықтау. r = ((N - P) + C* n) / (P* n) *100 дұрыс

r – облигацияның табыстылығы;

N – облигацияның номиналдық құны;

P – облигацияның құны; n – облигацияның өтелу мерзімі, жыл;

C – купондық төлем

4. Купонсыз облигацияның өтелу мерзіміне дейінгі табыстылығын анықтау. r = (N/P - 1) * 360/ t * 100

r – облигацияның табыстылығы;

N – облигацияның номиналдық құны

P – облигацияның құны;

t – облигацияның өтелу мерзімі, күн

5. Дисконттық облигацияның табыстылығы:

r= (B_(2 )-B_1 )/B_1 ×360/(t-∆t)×100%

B_(2 )-облигацияның сату құны

B_1-сатып алу құны

∆t-облигацияның өтелу мерзіміне дейін қалған күні

 

28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау

Мемлекеттік бағалы қағаздар – эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.Экономикалық дамығын елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар жалпы экономиканың дамуында, банктік жүйенің өтімділігін ұстап тұруда, мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруда маңызды орын алады.Табыстан асып кеткен мемлекеттік бюджеттің шығынын мемлекеттің орталық немесе коммерциялық банктерден алған несиесі есебінен де қаржыландыруға болады. Бірақ бұл мақсаттарға несиенің сирек жұмсалатындығын дүниежүзілік тəжірибе көрсетті, бағалы қағаздарды эмиссиялаудағы шығыстан артық жоғарғы пайызды төлеуге үлкен шығындарды талап етеді. Бұдан басқа банктердің өзі қысқа мерзімді несиелерді жоғарғы пайызбен беруге мүдделі. Мемлекеттік бюджет шығынын жабу үшін ақшаны эмиссиялау орынсыз, себебі бұл инфляция мен ақша айналысының бұзылуына əкеледі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар əр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық вексельдер, облигациялар жəне тағыда басқалар.Олардың арасындағы айырмашылық мыналарға: іс-əрекет ету сипатына, мерзіміне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылық сипатына, ұстаушыларына байланысты. Қазақстан Республикасында қазынашылық вексельдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нысанына түрленген.

Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі болып табылады.Айналысқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы келесідей мəселелерді шешуге болады:

1. мемлекеттік бюджеттің дефицитін қаржыландыру; 2. мемлекеттің мақсатты бағдарламаларын қаржыландыру: əлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй, құрылыс саласында мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру; 3. экономикалық белсенділікті реттеу: айналыстағы ақша массасын реттеу, баға мен инфляцияға əсер ету жəне т.б.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру тəсілдері:

1. қаржы министрлігі немесе орталық банк арқылы. Шығарылатын облигацияның түрлеріне байланысты негізгі инвесторлар болып зейнетақы жəне сақтандыру қорлары мен компаниялар, банктер, инвестициялық қорлар мен компаниялар табылады; 2. құжатты жəне құжатсыз нысанда; 3. əр түрлі əдістер негізінде: аукциондық сауда саттық, ашық сауда-белгіленген баға бойынша сауда саттыққа ниет білдіруші кез келген тұлға қатыса алады, жабық саудаға шектеулі ивесторлар ғана қатыса алады.

Бүгінгі таңда ҚР-ғы қаржы ұйымдарының инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден - өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден – олардан алатын табыс төмен болғанымен тəуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Қандай да бір бағалы қағазды сатып алу барысында инвестор эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын жəне оған қатыссыз болатын тəуекелге баратыны сөзсіз. Мұндай тəуекелді екі түрге бөледі:

•жүйелік тəуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы өзгерістерге тиеселі экономикалық факторларға негізделген тəуекел. Мұндай тəуекел əртараптандыруға жатпайды, сондықтан оны əртараптандырылмайтын тəуекел деп атайды. •жүйелік емес тəуекел, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тəуекел. Мұндай тəуекелдерді инвестициялық қоржынды əртараптандыру арқылы немесе өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Тəуекелдің алдын алу үшін инвестор қор нарығына мынадай талдаулар жүргізеді:

•түпкілікті талдау; •техникалық алдау.

Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын жəне менеджменттің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы жəне өзге құжаттары жатады. Техникалық талдау эмитенттің бағалы қағазына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі жəне бағамын бағалауды сипаттайды.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]