Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету

Бағалы қағазды эмиссиялау – ссудалық капиталды титулға айырбастауды білдіреді. Эмитент бағалы қағаздарды эмиссиялау барысында:

- бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдайды, эмиссия проспектісін құрастырып, оны уәкілетті басқару органдарымен бекітеді,

- эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мен эмиссия проспектісін уәкілетті органмен мемлекеттік тізілімге енгізу үшін (тек мемлекеттік емес бағалы қағаздарды мемлекеттiк тiркеуден өткізеді) тиісті құжаттар тапсырады;

- шығарылған бағалы қағаздарды орналастырады, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті уәкілетті органға тапсырады (Заңның 24-бабының «Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп» деп аталуына орай). Аталған Заңның 22-бабына сәйкес, эмитенттің тиісті органы мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.

Бағалы қағаздарды орналастыру

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уəкiлеттi органдағы проспектiсiне сəйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уəкiлеттi органға бере отырып, өтiнiш жасауға құқылы. Эмитенттің тиiстi органы БҚ-ды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн эмитент күнтiзбелiк он күн iшiнде қазақ жəне орыс тiлдерiнде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға мiндеттi.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:

1. эмитенттiң толық атауы жəне орналасқан жерi;

2. эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi жəне орналастырылуға тиiстi саны;

3. акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асырудың мерзiмдерi мен тəртiбi туралы мəлiметтер;

4. эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң атауы мен орналасқан жерi туралы мəлiметтер;

5. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мəлiметтер болуға тиiс. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уəкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;

2. есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;

3. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сəйкес жасалған жəне ресiмделген есептi табыс етедi.

Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық жəне басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi. Эмитент уəкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн əрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уəкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес келмеу фактiлерi анықталса, уəкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы. Уəкiлеттi орган:

1. эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;

2. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мəлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сəйкес еместiгi анықталған;

3. эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру жəне өтеу шарттары бұзылған;

4. сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уəкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге жəне орталық депозитарийге жiбередi.Тiркеушi жəне орталық депозитарий уəкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мəмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.Эмитент уəкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға жəне анықталған бұзушылықтарды уəкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жəрдемдесетiн барлық iс-əрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уəкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу. Уәкілетті орган бағалы қағаздың азаматтық құқық объектісі екенін мойындау туралы шешім қабылдайды. Бағалы қағаздардың эмиссиялануы (2.07.03ж.) «Бағалы қағаз нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелінеді.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы. Шығарылымы жойылған немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.

Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу процесі табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарау және эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзу, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беруді қамтитындығы айтылған.

Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Оның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттiк тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың ҚР заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп тани алады. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады. Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.

Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мындай құжаттарды табыс етуге міндетті:

• Өтініш

• Жарғының нотариалдық расталған көшiрмесi

• Облигациялар шығарылымының проспектісі

• Өтініш берушінің қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы

• Облигациялар шығару туралы хаттамасының көшiрмесi

• Облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері

• Эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері

• Қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын

• Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі

• Облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi

Облигациялық бағдарлама аясында әр облигцаияны шығарудың өз ұлттық бірдейлендіру нөмірі болады. Құрылтайшылар жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.

Бағалы қағазға меншік құқығының қозғалуын тіркеу, сондай-ақ бұл құқықтардың бағалы қағазды кепілге қоюын шектеуді тіркеу кезінде акционер мен БҚ-ды ұстаушының тіркеу құжаттарында өзгерістер енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]