Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру

Облигация - облигация иесімен (қарыз берушімен) эмитент (қарыз алушының) арасындағы қарыздық қарым қатынасты куəландыратын бағалы қағаз.Облигация – облигация иесінің ақшалай қаражат салғандығын куəландыратын жəне эмитенттің осы қаражат сомасы мен оған есептелген пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Облигация мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:

1. Эмитентке байланысты:

• мемлекеттік; • корпоративтік; • шетелдік.

2. Облигациялық қарыздың мерзіміне байланысты:

2.1. Өтелу мерзімі көрсетілетін облигацияның түрлері:

• қысқа мерзімді; • орта мерзімді; • ұзақ мерзімді.

2.2. Өтелу мерзімі көрсетілмейтін облигацияның түрлері:

• мерзімсіз; • қайтарылатын облигация – эмитент, облигацияның өтелу мерзімінен бұрын өтелуін талап етуі мүмкін; • өтелу құқығы бар облигация - өтелу мерзімінен бұрын инестордың эмитентке облигацияны қайтаруға қықығы бар;

• мерзімі ұзартылған облигация – эмитентке облигациялық қарызды өтеу мерзімін ұзартуға құқық береді.

3. Облигацияны иелену тəртібіне қарай:

• атаулы – облигация иесінің аты – жөні эмитент жүргізетін тіркеу кітабында жəне облигацияның мəтінінде көрсетіледі;

• мəлімдеуші – облигацияны тек қана мəлімдеу арқылы оның иелену құқығы дəлелденеді.

4. Облигациялық қарыздың мақсатына қарай:

• мақсатты - нақты инвестициялық жобаларды немесе нақты іс шараларды қаржыландыру үшін қосымша қаржылық ресурстарды тартады;

• жай - əр түрлі іс – шараларды жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық ресурстарды тартады.

5. Облигацияны орналастыру тəсіліне қарай:

• еркін орналастырылатын облигациялық қарыз;

• қарызды мəжбүрлі тəртіппен орналастыру. (мəжбүрлі тəртіппен мемлекеттік облигациялар орналастырылады).

6. Облигациялық қарыздың өтелу нысанына қарай:

• ақшалай нысанда; • заттай нысанда.

7. Облигациялық қарыздың өтелу əдісіне қарай:

• бір жолғы төлеммен өтелетін;

• нақты бір мерзімде, облигацияның номиналдық құнының қандай да бір үлесінің өтелуі; • облигациялық қарыздың тізбектеліп өтелуі – облигацияның тіркелген үлесі бойынша өтелуі.

8. Облигацияға пайыз түрінде төленетін төлем купонмен жүзеге асырылады. Купон – бұл сандық пайыз мөлшерлемесі көрсетілетін, қиып алынатын талонды білдіреді. Облигация бойынша купондық (пайыздық) табысты төлеу тəсіліне қарай:

• тіркелген купондық мөлшерлемесі бар облигация;

• өзгермелі купондық мөлшерлемесі бар облигация;

• индексацияланатын облигация - əдетте, инфляция жағдайында эмиссияланады;

• дисконттық облигация – жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

• аралас типтегі облигация - тіркелген купондық мөлшерлемеде жəне өзгермелі купондық мөлшерлемеде табыс əкелетін бағалы қағаз;

9. Айналыс сипатына қарай:

• айырбасталатын облигация - эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс. Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау, облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тəртiбiне сəйкес жүргiзiледi;

• айырбасталмайтын облигация.

10. Қамтамасыз етілуіне қарай:

1.1. Кепілзатпен қамтамасыз етілген облигацияның түрлері:

• нақты активтермен қамтамасыз етілген (жылжымайтын мүлікпен, құрал жабдықтармен жəне т.б);

• кепілзаттар (ипотека) пулымен қамтамасыз етілген.

2.2. Қамтамасыз етілмеген облигацияның түрлері:

• материалдық активтермен қамтамасыз етілмеген;

• сақтандырылған облигация – заем бойынша міндеттеменің орындалуымен байланысты мүмкін болатын тəуекелді, эмитент–компания, сақтандыру компаниясында сақтандырады;

• кепілдікті облигация – кепілзатпен қамтамасыз етілмеген облигация. Бұл қарыз бойынша міндеттеменің орындалуы эмитент – компанияға емес басқа компанияға жүктеледі.

11. Қазақстанның бағалы қағаз нарығында жаңадан пайда болған облигацияның түрлері мыналар:

- Инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнының сомасына сəйкес жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация.

- Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куəліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;

- Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]