Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету

Акцияның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер:

1. Бір акцияға келетін пайда немесе бір акцияның табыстылығы (Earning Per Share - EPS). Бұл көрсеткіш бір жай акцияның таза пайдадағы мөлшерін көрсетеді. EPS = таза пайда / айналыстағы жай акцияның саны. Егерде кəсіпорын жай акциямен қоса артықшылықты акция шығаратын болса, бір акцияға келетін пайда мына формуламен анықталады. EPS = таза пайда – арт. акция бойынша дивиденд / айналыстағы жай акцияның саны

2. P/E көрсеткіші (Price – Earnings ratio). Бұл көрсеткіш акцияның нарықтық құнының бір акцияға келетін пайдаға қатынасын білдіреді. P/E= акцияның нарықтық құны / 1 акцияға келетін пайда. Акцияның құны – сатылған акция сомасының айналыстағы акцияның жалпы санына қатынасы арқылы анықталады. P/E көрсеткішінің мəні жоғары болса кəсіпорынның табыстылығына байланысты жағдайының жақсарғандығын, ал егерде P/E көрсеткішінің мəні төмен болса кəсіпорын жағдайының нашарлағандығын білдіреді.

3. Акцияға есептелетін дивиденд (Dividends Per Ordinary - DPS). Əр бір жай акцияға келетін дивиденд мөлшерін көрсетеді. Дивиденд акцияның ағымдағы табыстылығын сипаттайды. Бұл көрсеткіш мына формуламен анықталады.DPS= жай акция бойынша дивиденд / жай акцияның саны

4. Дивидендті төлеу коэффициенті (POR) – бір акцияға төленетін дивидендтің таза пайдадағы үлесін анықтайды. Бұл көрсеткіштің мəні 1 ден аспауы керек.POR= EPS / DPS

5. Акцияның құнын анықтау.Дивиденттің акцияға қатынасы арқылы анықталады. P = div / r

r – акцияның табыстылығы div - дивиденттің көлемі

6. Дивиденттің тұрақты өсу қарқыны кезіндегі акцияның құны. Акцияның құны мына формуламен анықталады.

P = div*(1+g)/(r-g)

div - дивиденттің көлемі

g – дивиденттің өсу қарқыны

r - акцияның табыстылығы

7. Акияның табыстылығы. Акцияның табыстылығы мына формуламен анықталады.r = (Ps – Pb+div) / Pb* 360/t * 100

Ps – акцияны сату бағасы

Pb – акцияны сатып алу бағасы

div – дивиденттің көлемі

t – күн саны

Инвестор қор нарығында пайда табу мақсатын көздей отырып, акцияға капитал жұмсайды. Акцияға жұмсалынатын инвестиция қаржылық инвестицияның бір түрі болып табылады.

Акцияның табыстылығына мынадай факторлар əсер етеді:

•дивидендтік төлемнің көлемі;

•нарықтық бағаның ауытқуы;

•инфляцияның деңгейі;

•Салық мөлшері.

 

25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы

Облигация - облигация иесімен (қарыз берушімен) эмитент (қарыз алушының) арасындағы қарыздық қарым қатынасты куəландыратын бағалы қағаз. Облигация – облигация иесінің ақшалай қаражат салғандығын куəландыратын жəне эмитенттің осы қаражат сомасы мен оған есептелген пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Акция мен облигацияның айырмашылығы мынада:

1. акцияны сатып алушы тұлға эмитент – компанияның меншік иесі болып табылады. Облигацияны сатып алушы тұлға эмитент – компанияның қарыз берушісі (кредитор) болып табылады;2. акцияға қарағанда облигацияның айналыс мерзімі шектеулі болады; 3. облигация бойынша пайызды төлегеннен кейін акция бойынша дивиденд төленеді; 4. акционерлік қоғам таратылған жағдайда, барлық қарызды соның ішінде облигациялық заем бойынша төлемдерді төлегеннен қалған мүліктің бөлігіне акционерлердің құқығы бар; 5. облигация иесіне қарағанда акция иесінің эмитент – компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.

Акционерлік қоғамның облигацияны шығарудағы артықшылығы мынада: шығарылған облигацияны орналастыру барысында, кредиторды қарыз алушының қаржы – шаруашылық қызметін басқаруға қатыстыртпай – ақ қосымша ресурстарды жұмылдыруға болады; облигация өзінің мəні жағынан банктік ссудаға ұқсас болғандықтан, акционерлік қоғамның облигациялық қарызын қосымша қарыз қаражаттары ретінде қарастыруға болады; эмитенттің несиеге қабілеттілік талаптары орындалған жағдайда акционерлік қоғамның облигацияны шығаруға құқығы бар.Акционерлік қоғамның облигацияны шығару тəртібі Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы» туралы Заңына сəйкес жүзеге асырылады. Осы заңға сəйкес эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы:

1. дефолт фактiлерi болмаған жағдайда;2. облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған жағдайда; 3. соңғы үш жыл iшiнде қызметтi залал шекпей жүзеге асырған жағдайда (арнайы қаржы компаниясын қоспағанда); 4. облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигацияларды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзуге үмiткер эмитенттерге сауда-саттықты ұйымдастырушы қойған талаптарға сай келген жағдайларда.

Осы жоғарыда аталған 3-4 талаптар инфракұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.Облигациялық бағдарлама – бұл эмитент бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн əртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығаруды білдіреді.Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша əртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.Облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылған облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тəртiбiне қойылатын талаптар, облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер облигациялық бағдарлама проспектiсiмен белгiленедi.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]