Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Бағалы қағаздар шығарылу нысанына қарай: құжатты және құжатсыз БҚ деп бөлінеді. Құжатты БҚ - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ БҚ-дың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім көзіндегі) БҚ. Құжатты БҚ нарығы дамуының алғашқы сатысында қолданылған. Құжатты БҚ-ды эмиссиялау белгілі бір шығындар мен уақытты талап ететін болғандықтан БҚ-дың құжатсыз нысаны ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап кең қолданыла бастады. Қазірде құжатты БҚ мүлдем шығарылмайды деп айтса да болады. Ол дәстүрлі БҚН-да ғана айналыста жүреді. Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар, яғни компьютерлендірілген БҚН-да айналымда болатын БҚ.

8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету

Эмиссиялық БҚ эмиссиялау проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, эмиссиялық БҚ, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы БҚ-дық саны, оларды шығару, орналастыру, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың БҚ сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат.

Эмиссиялық БҚ шығару – эмитенттің эмиссиялық БҚ-дың азаматтық-құқықтық объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуі осы эмиссиялық БҚ-ды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір БҚ-дың жиынтығы. Эмиссиялық БҚ-ды шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді. Эмиссиялық БҚ шығару проспектісінде:

1) Эмитент пен оның қызметі туралы;

2) Эмитент жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және қатысушылары туралы;

3) Басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы 3 жылдағы мәліметтер, сондай-ақ олардың үлестері және эмитент органдарының құрылымы туралы;

4) Эмитенттің активтері туралы, эмитенттің өзі өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың жалпы құнының бес және одан көп процентін құрайтын көлемдегі тауарды тұтынушылары және жеткізушілері туралы;

5) Эмитенттің мүлкін бағалау туралы;

6) Эмитент активтерінің баланстық құнының бес және одан көп процентін құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, олардың айналым мерзімі және өтелу тәртібі туралы;

7) Эмитенттің аффилирленген тұлғалары туралы;

8) Жарияланған эмиссиялық БҚ-дың саны, олардың түрі, төлеу тәсілдері, БҚ бойынша кірісті алу, оның ішінде облигациялардың нақты құны, олардың айналым мерзімі және өтелу тәртібі туралы;

9) БҚ-ды айырбастау тәртібі туралы;

10) Облигация ұстаушылардың өкілі туралы (инфрақұрылымдық және ипотекалық облигацияларды шығарған кезде);

11) Төлем агенті туралы;

12) Эмитенттің БҚ-ын ұстаушылар тізімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші туралы мәліметтер болуға тиіс.

Акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік және эмиссиялық БҚ шығаруды мемлекеттің тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілің эмиссиялық БҚ шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Эмиссиялық БҚ шығару проспектісі уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]