Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Негізгі бағалы қағаздарға акция және облигация жатады.

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.

Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:

  • акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

  • бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;

  • жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде;

  • жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде;

  • акционерлік қоғамның шығынын ұзақ мерзімге қаржыландыру үшін инвесторлардың капиталын пайдалану кезінде.

Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі

Облигация - несие берушi (облигация иесi) мен қарызданушы (облигация эмитентi) араларындағы заем қатынасы бар екендiгiн растайтын бағалы қағаз. Облигация оны» иесi тарапынан ақша қаражаты салынғандығын растайды және ол иесiнi» үлесiне күнi бұрын белгiленген мерзiм iшiнде тiркелiнген проценттердiң тәленуiмен қоса облигацияның номиналды құнының орнын толықтыру керек екендiгi туралы мiндеттемесi бар екендiгiн мақұлдайды.

Облигация деп – эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентті алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы.

Туынды бағалы қағаз деген базистік активтердің бағасы өзгеруіне байланысты, яғни осы бағалы қағаздың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты (міндеттемені) білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз. Базистік активтерге тауарлар (астық, ет, мұнай, алтын және т.б.), негізгі бағалы қағаздарға акция және облигация жатады. Туынды бағалы қағаздар деп аталуының себебі, олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға (акция, облигация) шығарылады. Туынды бағалы қағаздарды сатып алу-сату үшін екі жақ мерзімді мәмілеге келеді. Онда мәміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу, бірақ шарттасқан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді. Туынды бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мәміле туынды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады және сатылады. Басқаша айтқанда, туынды бағалы қағаздар нарығы – ол мерзімді нарық. Мерзімді нарықтың басқалардан өзгешелігі – мәміленің орындалуы (шарт жасасқан кездегі бекітілген бағаммен активті жеткізіп беру) болашақтағы келісілген мерзімде жүзеге асырылады.

Мерзімді мәмілелер әртүрлі активтерге, атап айтқанда, бағалы қағаздарға, банктік депозитттерге, индекстерге, валютаға, қымбат металдарға, шикізат тауарларына және мерзімді шарттардың өзіне жасалады.

Мерзімді мәмілелердің екі түрі болады:

• шартты түрдегі мәміле, онда екі жақтың біріне жасасқан шартты орындау немесе орындамау құқығы беріледі. Оған опциондар жатады;

• тұрақты мәміле – ол міндетті түрде орындалуы тиісті бекітілген шарт. Оған форвардтық, фьючерстік мәмілелер жатады.

Туынды бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа түсірудің мақсаты – кез-келген биржалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру.

Туынды бағалы қағаздардың негізгі ерекшеліктері:

• олардың бағасы оларды шығаруға негіз болған биржалық (базистік) активтің бағасына негізделеді;

• олардың айналысының сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздардың айналысына ұқсас болады;

• шығару негізі болған активтің айналыс мерзімімен салыстырғанда (акция – мерзімсіз, облигация – бірнеше жылдар, тіпті ондаған жылдар) оларды қолдану уақыты шектеулі (бірнеше минуттан бірнеше айға дейін) болады;

• басқа активтермен салыстырғанда тувнды бағалы қағаздарды аз ғана инвестиция жұмсалғанмен оларды сатып алу-сатудан пайда түсіріледі. Себебі инвестор активтің барлық құнын төлемей, тек кепілдік (маржалық) жарнаны ғана төлейді.

Туынды БҚ-ға келісімшарт нысанындағы БҚ (форвард, фьючерс, своп, опцион); кепілдік нысанындағы бағалы қағаз (варрант, коноссамент); куәлік нысанындағы БҚ (ипотекалық куәлік, депозитарлық қолхат, банктік сертификат) жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]