Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RTs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Форвардтық келісім шарттың мәні мен түрлері

Форвардтық келісім шарт – болашақта орындалатын нақты мерзімнен кейін активті сату - сатып алу келісім шарты. Бұл келісім шарттың міндетті түрде орындалуы тиісті тұрақты мəмілені білдіреді.

Форвард (алдын – ала) – мəмілені жасағаннан кейін екі күн ішінде шұғыл түрде жасалатын есеп айырысу нысаны. Форвардтық операцияларды бағаның жəне валюталар бағамындағы өзгерістерден туындайтын мүмкін болатын зияндардың алдын алу мақсатында жүзеге асырады.

Форвардтық келісім шарттың бағасы, əдетте мəмле жасалған кезде бекітіледі.

Форвардтық келісім шырттың негізгі айырмашылығы – жасалатын мəміленің кез келген параметрін (бағасын, мерзімін, мөлшерін, есеп айырысу нысанын жəне жеткізілуін) келісім шартқа қатысушы тараптың сұранысы (қалауы) бойынша өзгерту мүмкіндігі бар.

Бұл келісім шарттың осал жағы – бір тараптың келісім шартты орындаудан бас тартқан жағдайда алдын ала жою(өтеу) қиынға соғады. Əдетте кері мəмілені жасауға болатын еді, бірақ форвардтық келісім шартта кері мəміле жасалмайды.

Форвардтық келісім шарттың негізгі екі түрі бар: валюталық форвард жəне пайыздық форвард. Форвардтық келісім шарт ірі банктер арасында жасалады.

Фьючерстік келісім шарттың мәні мен түрлері

Фьючерстік келісім шарт - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар жəне ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша жəне белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.

Фьючерстік жəне форвардтық келісім шарт тұрақты мəміле болып табылатын мерзімді келісім шартты білдіреді. Форвардтық келісім шартқа қарағанда фьючерстік келісім шарттың бағасынан басқа параметрлері, келісім шарт тараптарының қалауына жəне еркіне байланыссыз алдын – ала белгілі болады, яғни бұл келісім шарт толығымен стандартталған. Бұл келісім – шарт тек қана биржалық сауда саттық кезінде жасалады. Фьючерстік келісім шарттың орындалуына биржаның өзі, яғни нақтырақ айтатын болсақ биржалық сауда саттыққа қызмет көрсететін есеп айрысу ұйымы (клирингтік ұйым) кепілдік береді.

Сатып алушының шартымен фьючерстік келісім шартты жасау – келісім шартты «сатып алуды» білдіреді, ал сатушының шартымен - келісім шартты «сатуды» білдіреді. Келісім шарт бойынша міндетті қабылдау «ашық позицияны» білдіреді. Кері келісім шарт жасау арқылы фьючерстік келісім шарт бойынша міндеттің орындалмауы «жабық позицияны» білдіреді. «Ашық позиция» кезінде келісім шарттың иесі бастапқы маржаны немесе жарнаны төлейді.

Фьючерстік келісім шарт екі топқа бөлінеді: тауарлы жəне қаржылық фьючерстік келісім шарт.

Тауарлы фьючерстік келісім шарттың мынадай түрлері бар:

•ауыл шаруашылық шикізаттар мен жартылай фабрикаттар – мал, ет, ұрық, тұқым, өсімдік майы жəне т.б;

•орман жəне кесілген материалдар;

•түсті жəне қымбат бағалы металдар – алюминий, күміс, свинец, цинк, никель, олова, алтын, платина, палладий;

•мұнай - газ шикі заты – мұнай, газ, бензин, мазут жəне т.б.

70 жылдың басына дейін тауарлы фьючерс - фьючерстік келісім шарттың негізгі түрі болып табылған. 1972 жылдан бастап қаржылық фьючерстер пайда болды.

Қаржылық фьючерстің мынадай түрлері бар:

- валюталық фьючерс – қандай да бір конвертацияланатын валютаны сату – сатып алумен байланысты фьчерстік келісім шартты білдіреді. Бұл келісім шарт валюталық форвардтқа ұқсас болып келеді, бірақ өзіндік мынадай айырмашылықтар бар: келісім шартты жасау орны, стандартизация деңгейі (толық) жəне кепілдендіру механизмі (маржалық алымдар механизмі);

- қор фьючерсі – акцияның жекелеген түрлерін сату - сатып алумен байланысты фьючерстік келісім шарт;

- пайыздық фьючерс – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне (қысқа мерзімді фьючерс) жəне ұзақ мерзімді облигацияны сату – сатып алумен байланысты (ұзақ мерзімді фьючерс) фьючерстік келісім шарт.

- индекстік фьючерс – қор нарығының индексінің мəнінің өзгеруімен байланысты фьючерстік келісім шарт.

Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың мәні мен бір бірінен айырмашылығы

Фьючерстік келісім шарт Форвардтық келісім шарт

Сауда - саттық биржада жүргізіледі Форвардттық мәміле - ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле

Фьючерстік шарт стандартталған Келісім шарттың талаптары екі жақты мәміледе келісіледі

Мәмілеге екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клирингтік) палатасы кепілдік береді Екі жақ - сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады

Фьючерстермен саудада күнбе күн есеп айырысады және сақтандыру жарнасы төленеді Форвардтармен саудада келісілген мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп айырысады

Фьючерстік нарықта құқықтық міндеттеме еркін басқаға беріледі Форвардтық нарықта құқықтық міндеттеме басқаға берілмейді

Фьючерстік нарықта мәмілені жою жеткізіп берумен немесе кері мәміліге келумен жүзеге асырылады Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма - қол ақша төлеумен жүзеге асырылады. Кері мәміле болмайды.

Фьючерстік нарықта сауда ашық келісіммен аукционда жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі Форвардтық нарықта сауда шарт негізінде реттеледі

Фьючерстік шарт биржада тіркеледі. Форвардтық нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты

Фьючерстік шарттың негізі - барлық шартқа бірдей стандартты тұтыну құны Форвардтық шарттың негізі - әр бір жаққа жеке есептелген тұтыну құны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]