- •1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен атқаратын қызметтерін сипаттау, бағалы қағаздың белгілерін көрсету.
- •3. Бағалы қағаздың жіктелімін беру. Бағалы қағазбен туынды бағалы қағаздың бір бірінен айырмашылықтарын көрсету
- •4. Үлесті және қарыздық бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •5. Негізгі және туынды бағалы қағаздардың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •6. Форвардтық және фьючерстік келісім шарттың қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •7. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздарды сапаттау. Құжатты және құжатсыз бағалы қағаздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •8. Бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісінің қажеттілігін негіздеу. Корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау проспектісі құрылымының ерекшеліктерін көрсету
- •9. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздарды орналастыру. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу кезеңдерін ашып көрсету
- •11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
- •10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
- •12. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтағы сауда саттықты жүзеге асыру механизімін көрсету. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтың кемшіліктерін анықтау
- •13. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың мәні мен қажеттілігін анықтау. Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •14. Кассалық және мерзімді нарықтың мәні мен құралдарын сипаттау. Кассалық және мерзімді нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •15. Бағалы қағаздар нарығының жай және кәсіби қатысушыларының атқаратын қызмет түрлерін көрсету
- •16. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының мәні мен түрлерін сипаттау және қажеттілігін анықтау.
- •17. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні мен құрылымын сипаттау
- •18. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғышарттарын анықтау. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы
- •19. Акция нарығының мәні мен мақсатын анықтау. Акцияның қасиеттеріне сипаттама беру. Акцияның деректемелерін атап көрсету
- •20. Акция нарығының құралдарына сипаттама беру. Акцияның инвестор және эмитент үшін қажеттілігін анықтау.
- •21. Акцияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •22. Жай және артықшылықты акцияларға сипаттама беру. Жай және артықшылықты акциялардың айырмашылығын көрсету
- •23. Жай және артықшылықты акция бойынша дивидендті төлеу тәртібі мен айырмашылығын көрсету
- •24. Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларды анықтау. Акцияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •25. Облигация нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау. Қазақстандағы Облигация нарығының ағымдағы жағдайы
- •26. Облигацияның экономикалық мәні мен нақты белгілері бойынша жіктелімін беру
- •27. Облигация бойынша табыстың экономикалық мәнін сипаттау. Облигацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштерді көрсету
- •28. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні мен мақсатын және қажеттілігін анықтау
- •29. Қаржы министрлігінің шығаратын бағалы қағаз түрлеріне сипаттама беру және мақсатын көрсету
- •30. Келісім шарт насанындағы туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен түрлеріне смпаттама беру
10. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтерінің мәнін түсіндіру
Бағалы қағаздар нарығының атқаратын қызметтерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Жалпы нарықтық жəне өзіндік ерекшілігі бар қызмет.
Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық қызметіне мыналар жатады:
1. коммерциялық қызмет, яғни бағалы қағаздар нарығындағы операциялардан пайда алу;
2. баға белгілеу қызметі, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық бағаның қалыптасуын қамтамасыз ету;
3. ақпараттық қызметі, нарық өздерінің қатысушыларын сауда объектілері мен нарықтың қатысушылары туралы əртүрлі ақпараттармен қамтамасыз етеді;
4. реттеушілік қызметі, нарық сауда-саттықты ұйымдастыру жəне оған қатысу ережесін қалыптастырады, нарыққа қатысушылар арасындағы дау-дамайды шешу тəртібін бекітеді.
Бағалы қағаздар нарығының өзіндік ерекшілігі бар қызметтеріне мыналар жатады:1. қайта бөлу қызметі;2. қаржылық жəне баға тəуекелін сақтандыру немесе хеджирлеу қызметі.
Ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметі - бұл бағалы қағаздарды шығару жəне оның айналыста болуымен байланысты, яғни бұл қызметтің мəні мынада:
мемлекет пен жеке жəне заңды тұлғалар арасында; халық пен кəсіпорын арасында;
сала арасында, аумақ пен ел арасында ақша қаражаттарының қайта бөлінуінде.
Сонымен қайта бөлу қызметін шартты түрде мынадай қосалқы қызметтерге бөлуге болады:1. нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;2. халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;3. бейинфляциялық негізде, айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай-ай мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру.
Бағалы қағаздар нарығының қаржылық жəне баға тəуекелін сақтандыру немесе хеджирлеу қызметінің мəні - тəуекелді қайта бөлу болып табылады. Бұл қызмет туынды бағалы қағаздардың пайда болуымен байланысты қолданысқа ене бастады. Осы қызметтің көмегімен бағалы қағаздар нарығы өзінің тұрақтылығын жəне мəнділігін ұлғайтты
11. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қажеттілігін анықтау және оның құрамдас бөліктерін атап, сапаттама беру
Бағалы қағаздар нарығының мəні – нарық қатысушыларының бағалы қағаздарды шығаруымен жəне бағалы қағаздардың айналысымен байланысты экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығының құрылымы күрделі болып келеді. Бағалы қағаздар нарығының құрылымын жан-жақты қарастыруға болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктерінің қалыптасу негізі мынада: тек қана бағалы қағаздардың түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар сауда-саттықты ұйымдастыру тəсілдеріменде байланысты болады.
Осы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері болып мыналар табылады:
1. Бағалы қағаздың айналым кезеңіне қарай: алғашқы жəне қайталама нарық;
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу деңгейіне қарай: ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық;
3. Сауданы жүргізу орнына қарай: биржалық жəне биржадан тыс нарық;
4. Сауданы жүргізу тəсіліне қарай: дəстүрлі жəне компьютерлендірілген нарық;
5. Бағалы қағазбен жасалынған мəміленің орындалу мерзіміне қарай: кассалық жəне мерзімді нарық.
Алғашқы нарық – эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруын білдіреді.Қайталама нарық – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастарды білдіреді. Бұл нарықта бағалы қағаз иесінің меншік құқықтарының басқа тұлғаға өтуіне баланысты кез келген жиынтық операциялар орындалады.Ұйымдастырылған нарық - мəмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сəйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласын білдіреді.
Ұйымдастырылмаған нарық –бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелер сауда - саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы.Биржалық нарық - бағалы қағаз саудасы қор биржасында жүргізіледі.Биржалық нарықтың мəні ұйымдастырылған нарыққа ұқсас болып келеді.Биржадан тыс нарық - ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған нарық ретінде болуы мүмкін.Дəстүрлі нарық - бағалы қағаздарды сатудың дəстүрлі нысаны, əдетте бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылар нақты бір жерде кездесуі арқылы жүзеге асырылады. Сауда ашық жəне жабық нысанда жүргізіледі.Компьютерлендірліген нарық - компьютер желісін жəне қазіргі кезеңдегі байланыс құралдарын пайдалану негізінде, бағалы қағаздар саудасы əр түрлі нысанда жүргізіледі.
Компьютерлендірілген нарыққа мынадай сипаттамалар тəн: - сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін нақты физикалық орны болмайды, бірақ компьютерлендірілген сауда орны бағалы қағаздарды сатушы фирмада немесе тікелей сатушы мен сатып алушыда болады; - бағаны белгілеу процесі жариялы түрде жүргізілмейді, бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда автоматты түрде жүргізіледі; - бағалы қағаздармен жүргізілетін сауда үнемі үздіксіз сипатта болады.
Кассалық нарық - ("спот" жəне "кэш" нарығы) жасалынған мəміле 3-4 күн ішінде тез арада іске асырылады.
Мерзімді нарық - мəміленің орындалуы əдетте бірнеше айға созылады.
