Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Не істеу керек?

Мәтінді оқыңыз, ой бөлісіңіз.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеді. Осы кезенде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күнін, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаумен, күтумен өтті. Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуында азаматтарымыздың саяси, әлеуметтік құқығын жан-жақты қамтамасыз еткенін ерекше атап өтуге болады.

Қазіргі таңда еліміздің кез-келген азаматы заңның аясында еркін қызмет ете алады. Сонымен қатар, өз ой-пікірін, ұсыныстарын білдіруге құқылы, яғни сөз бостандығына кепілдік берілген. Тәуелсіздігіміздің ең бір маңызды бөлігінің өзі осы.

Кез кел­ген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен бай­ла­ны­с­ты­ра­ды. Білімді, са­у­ат­ты аза­мат­тар – бұл ХХІ ғасырда адам­зат дамуының негізгі қозғаушы күші.

Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл ту­ра­лы аға ұрпақ жастық жыл­дар­да армандай ал­май­тын. Бүгінгі күн – та­лан­т­ты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және олар­ды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемле­кет жас­тар үшін барлық жағдайды жа­сап отыр.

Қазақстанның әлемдегі ба­рын­ша дамыған өркениетті мемлекеттердің қатарына кіру жөніндегі барлық ой­лар мен жос­пар­лар­ды қисынды қорытындысына жеткізетін де жас­тар болмақ. Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстан тәуелсіздігінің мәңгі болуына көп септігін тигізеді.

Еркін ел­де өскен ұрпақтың ру­хы әрдайым биік бо­луы тиіс. Жас­та­ры жа­лын жүректі, өршіл на­мы­с­ты, биік рух­ты бол­са – ол елдің еңсесі де биік бо­ла­ды. Өршіл, на­мыс­шыл жас отан­шыл пат­ри­от келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет ету­ге ұмтылады.

Отанды сүю – әрбір ет-жүрегі, қан-та­мы­ры қазақ деп соғатын қазақжанды, ел­жан­ды, ұлтжанды ұландардың баға жет­пес бо­ры­шы. Сондықтан, па­рыз­да­ры­мыз­ды асқақ абы­рой­мен, аса адал орын­дау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі жастардың қолыңда екенін ұмытпайық! («Еліміздің тәуелсіздігіне – 20 жыл» Бауыржан Абдрашит. Қазалы аудандық «Қазалы» газетінде (24.08.2011. №73) жарияланған).

Түсініктеме!

өркениет – белгілі бір қоғамдық саяси-формацияның қоғами, мәдени дамуы жағынан көтерілген сатысы;

өткел – қиын іс, ауыр жағдай, тар кезең;

дидар – жүз, келбет, түр;

саясаткер – саясат жөнінде көп айтқыш, саясатқа құмар;

жүрекжарды – зор қуаныш, керемет қуанышты хабар;

өскелең – жан-жақты өскен, өркендеген, ілгері дамыған;

жігерлі – қажырлы, қуатты, қайратты, батыл;

іргетас – негізді қалыптастыру, ұлт ретінде қалыптасу;

еңселі – еңсесі биік, үлкен;

Жағдаяттық тапсырма!

Тәуелсіздік мәңгі болуы үшін қандай шарттар мен ұсыныстар айтар едіңіз?

Өркениетті елдердің қатарына кіру үшін қандай нақты істер атқарылу керек?

1-тапсырма. Сөздердің мағынасын талдай отырып, сөйлем құраңыз.

Дүние дидары, ерен еңбегі, жүрекжарды қуанышқа толы, сөз бостандығы, асқақ абы­рой­.

2-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.

Сөз бостандығына кепілдік берілген...

Ой­лар мен жос­пар­лар­ды қисынды қорытындысына жеткізетін де жас­тар...

Отанды сүю – әрбір ет-жүрегі, қан-та­мы­ры қазақ деп соғатын ұландардың баға жет­пес бо­ры­шы...

Еркін ел­де өскен ұрпақтың ру­хы әрдайым биік бо­луы тиіс...

Еңселі еліміздің ертеңі жастардың қолыңда ...

3-тапсырма. Мына сөздердің фразеологимдерін тауып жазыңыз.

ұ лтжанды

т а­лан­т­ты на­мыс­шыл отан­шыл

... ... ...

Қажетті сөздер: жүрегінің түгі бар, намысты қолдан бермеді, көзі ашық, көзінен оты жанған, он қолынан өнер тамған, ішкен асын жерге қойды, төрткүл дүниеге паш ету, көкірегі ояу, елім деп еңіреген.

4-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен табыңыз.

ержүрек –

болашақ –

пат­ри­от –

шарықтау –

қуатты –

міндет–

2-сабақ. ЖАСТАР ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ОТАН

Мәтінді оқыңыз.

Бұл күндері Отан, тәуел­сіз­дік, тұрақ­ты­лық, тұрақты даму ұғымдары әрбір қазақ­стан­­дық­тың жүрек-жадынан берік орын алады.

Қазақтың махаббаты күннің нұры, айдың аппақ сәулесі сияқты. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Онда Ақ орда және тағы басқа мәдени ескерткіштер орналасқан. Астана – бұл әлем қаласы.

Шын мәнінде бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.

Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және тәуелсіз Отанына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.

Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған өркениетті мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ.

Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. («Қазақстан – менің елім, менің Отаным» Фарида Бықай. Егемен Қазақстан. Сенбі 27 қыркүйек, 2008жыл, «Тәуелсіздік саған не берді, сен тәуелсіздікке не бердің?» makala.kz).

Түсініктеме!

жады – кісінің рухани сезімі, жан-дүниесі;

қисынды – қисынын келтіру, жүйелеу;

қисын – бір нәрсенің ыңғайы, реті, жөні;

Ой талқы (дискуссия)!

Жастар ұлтжандылық, елжандылық деген сезімдерін қалай түсіндіреді және оны қалай дәлелдеп жатыр?

1-тапсырма. Адамның мінез-құлқын сипаттауға сай келетін фразеологизмдерді табыңыз.

Ешқандай қиындықтан қорықпайтын, тайсалмайтын, ержүрек адам;

Үнемі көңілсіз, жабырқау жүретін адам;

Үнемі күліп жүретін, езуінен күлкі кетпейтін адам;

Қабағы ашылмай, ашуланып жүретін адам;

Өз еркін, ашық айтатын адамды қалай атайды?

Қажетті сөздер: Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар, ұнжырғасы түсіп жүру, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ жүретін, терісіне сыймай жүру, төрт құбыласы тең, айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, қара қылды қақ жаратын.

2-тапсырма: Шәкәрімнің «Жастарға» деген өлеңінен берілген үзіндіге талдау жасаңыз. Өзіңізге ұнайтын шумақты жаттап алыңыз.

Кел, жастар біз бір түрлі жол табалық,

Арам-айла, зорлықсыз мал табалық,

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір данышпан жан табалық!

Білімді сол кісіден ізденелік,

«Әдейі іздеп біз сізге келдік делік»,

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге делік».

Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,

Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

Мен де анаудай болсам деп таласарлық!

Ақыл, білім осындай ар жақтарлық,

Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық,

Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,

Ақылмен жол табалық, ел бастарлық!

Жақсы білім іздеуге жалықпалық!

Табылмаса тарығып талықпалық!

Білгенді білмегенді анықталық!

Ғалым көрсек әр істі сұрасалық!

Білмекке талап етіп көрейін деп,

Шын сөзге көңілімді бөлейін деп,

Адамдық ғылым жолын қуайын деп,

Естіген соң, жүректе түйін жатты.

3-тапсырма. Бауыржан Момышұлының даналық сөздерін басшылыққа ала отырып, түйіндеме жазыңыз.

* Ел үшін аянба, ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба, жігіттігіңе сын.

* Отан үшін отқа түскін – күймейсің.

* Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық.

* Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.

* Парыздан күшті күш жоқ.

* Парыз – ұлттың іргетасы.

4-тапсырма. Төле бидің айтылған өсиет сөздерінен қандай қорытынды жасар едіңіз?

Кіші жүзде Алшын Қаражігіт бидің аулы қыстан жұтап, малы қырылып, қатты ашығыпты. Қаражігіт бұл нәубеттен құтылар шара бар ма екен деп, баласын Төле биге жіберіпті. Сонда бар жағдайды егжей-тегжейлі сұраған Төле би:

  • Балам, жай тоқтадың ба? – деді.

  • Бағанағы бір сөздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, – дейді бала.

  • Пәлі, балам, сөздің қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған оның мәнісін айтайын: жігіт адамға бас кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышыл болу, кенже кесір – кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде оңбайды, – депті.

Қаражігіт би Төле бидің айтқан кеңесіне дән риза болып, шын ықыласымен ел-жұртын еңбек етуге шақырыпты.

Үйге тапсырма:

Еліміздің тәуелсіздік алған уақытынан бастап жеткен жетістіктері туралы хронологиялық көрсеткіш жасаңыз.

3-сабақ. БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ