- •- Модуль
- •Қазіргі қоғамда адам құқықтары орнымен қорғалуда ма? Қалай ойлайсыз?
- •Біздің мемлекетімізде адам құқықтарын қорғауға арналған қандай бағдарламалар жұмыс істейді?
- •«Тілдер туралы заңы»
- •Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Бақытты болу шарт па?
- •Білім жарысы
- •Өсиет сөз
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
- •Отаншылдық
- •Не істеу керек?
- •Тәуелсіз елдің өнерпаздары
- •Жастарға сенім арту ...
- •Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
- •Жастарға арналған үндеу ...
- •Бақша ағаштары
- •Тарихыңды таны
- •Ғылым мен техника
- •Сауалнама
- •Қазақ елінің ұлттық байлықтары
- •Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
- •Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
- •2.Наурыз мейрамындағы қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, ақсүйек ойындары туралы әңгімелеңіз.
- •Жастар және
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Экономика туралы
- •Құнды қағаздар
- •Қаржыландыру
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Бухгалтерлік есеп
- •Банк қызметі
- •Биржалық сауда
- •Заман және нарық
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бухгалтерлік есеп
1-сабақ. БАҒАНЫ НАҚТЫЛАУ – ІСТІҢ БАСЫ
Мәтінді оқып, өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды:
есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алуын,
есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін,
есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету керек.
Ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері:
бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, олардың дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру;
жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну;
ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау;
банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу;
типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу;
есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу;
жалақыларды есептеу;
ішкі қаржы есептерін жасау және т.б. кіреді.
Түсініктеме!
біртегіс – бір бүтін, ажырамас; біркелкі, бірыңғайлы;
жалпылау – жаппай қамту, нақтылы; жалпыламалау;
бастапқы- әуелгі, алғашқы;
жалақы – істеген еңбек үшін төленетін ақшалай қаражат, еңбекақы;
Жағдаяттық тапсырма.
Жұмыс барысындағы бас есепші мен есепші арасындағы сұхбатты құрастырып жазыңыз.
1-тапсырма. Берілген терминдерді қазақшаға аударыңыз.
бухгалтерская экспертиза-
бухгалтерская балансированность-
бухгалтерская отчетность-
бухгалтерские счета-
бухгалтерский архив-
бухгалтерский исполнитель-
бухгалтерская разница-
бухгалтерская проводка-
бухгалтерские концепции-
2-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын қалай
түсінесіз?
есеп айырды – есебі түгел –
есеп алды – есепшіл адам –
есептесіп қалған – табысты көздейді –
3-тапсырма. «Бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, әйткенмен» қарсылықты шылауларды пайдалана отырып, құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында активтер мен міндеттемелерді бағалау есепке алынады, ....
Есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке
алынуы толық көрсетіледі, ...
Есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету керек, ...
Бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігі, олардың дұрыс рәсімделгендігі және заңнама талаптарына сай екендігі тексерілді, ...
Бастапқы есептік және салық құжаттарын жасайды, алынған шот-фактураларды өңдейді және ұсынады, ...
Қосымша материал!
Баға
Мәтінді талдаңыз. Өз көзқарасыңызды білідіріңіз.
Баға – тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасы қатынасының пайда болып, дамуымен бірге баға да пайда болды. Бағаның құрылуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, мүдделерінің ортақ болуына байланысты. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Еңбек құны теориясын жасаушылардың (А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс) пікірі бойынша «Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі». Барынша пайдалылық теориясын жақтаушылар баға үшін тұтыну құны ерекше маңызды дейді. Оның «еңбек құны мен тұтыну құнына» байланыстылығын анықтады. Бағаға сұраныс пен ұсыныс, ақша айналымы, нарық пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде бағаның рөлі артады. Әлемдік экономикада бағаның көптеген түрлері кездеседі. Меншік түріне қарай мемлекеттік және еркін баға, қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда және бөлшек сауда бағасы; қамтитын аумағына қарай әлемдік және жергілікті баға; статистикалық қолданылуына қарай ағымдағы, орташа, салыстырмалы бағалар болып бөлінеді. Мемлекеттік баға – мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның кесімді және реттелетін бағалар деген екі түрі бар. Кесімді баға – мемлекеттің нақты көлемін бекіткен баға. Реттелетін баға – мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға. Нарықтық баға – сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына қарай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы – өндіріс қоры құнының өзерген мөлшері. Ол тауар өндірісі шығындары мен орташа пайдадан құралады. Көтерме сауда бағасы – ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Бөлшек сауда бағасы – жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылатын нақты баға. Әлемдік баға – тауарлардың әлемдік рыноктағы қалыптасқан бағасы. Аймақтық баға – белгілі бір аймақ шеңберінде қызмет етеді. Базистік баға – сауданың импорттық және экспорттық бағасын анықтаған кезде қабылданатын баға. Ағымдағы баға – белгілі бір кезеңге қызмет етуші баға мен тариф. Орташа баға – сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға – жасалынған келісімшартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.
Түсініктеме!
тетік – түйінді мәселе, негізгі ой;
инфляция – ақшаның құнсыздануы;
1-тапсырма. Ойды толықтырыңыз.
Бағаның қандай түрлері бар? Мысалы: тұрақты баға, .....
Қазір баға қандай деңгейде? Мысалы: баға ұшып тұр, ...
Тауардың құны туралы қалай сұрауға болады?
Тауардың сапасы туралы қалай айтамыз?
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қалай түсінеміз?
заттың бағасы, адамның бағасы, бағалай білу, өмірді бағалай білу, жастық шақтың бағасын білу, бағасын асырды, барыңды бағала.
3 - тапсырма. Мына бағалар туралын не айтасыз?
тауардың бағасы –
тұрақты баға –
келісілген баға –
бастапқы баға–
көтерме баға –
өнімнің бағасы –
шартты баға –
бөлшек баға –
икемді баға –
негізгі баға –
4- тапсырма. Бағаның деңгейі туралы қалай айтамыз?
Тұрақты баға: ..., ....,
Төмен баға: ..., ..., ...,
Жоғары баға: ..., ..., ...,
Керекті сөздер: баға өсіп жатыр, баға төмендеп жатыр, баға тұрақтанып жатыр, баға тұрақтанады, баға түсіп жатыр; бағаның өсуі, баға тоқтар емес, баға көтеріліп жатыр, бағаның төмендеуі, баға шарықтап жатыр, бағаның тұрақтануы; бағаның шегі жоқ, баға ұшып тұр.
Пікірталас.
Қазақстандағы баға деңгейі туралы
Еліміздегі тауарлар мен қызмет көрсету бағалары туралы әңгімелеңіз.
Қосымша материал!
Құн
Мәтінді талдаңыз. Өз ойыңызды жеткізіңіз.
Құн – тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түріндегі затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты, бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі – баға. Құн заңы – нарықтық шаруашылықтың реттеушісі. Ол тауар өндірісінің және еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды. Құн заттың пайдалылығына ғана емес, біздің мұқтаждығымызға сай келетіндігімен де ерекшелінеді. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуы тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу керек. Құн шамасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен байланысты. Ал тепе-теңдік пайдалылық пен шығынның әрекеттестігі кезінде қалыптасады. Құнның түрлері айырбас құны, белгіленген құн, өтеу құны, тауардың құны, бағалық құн, келісімшарт құны, атаулы құн, толыққұн, жеткізілім құны, еңбек құны, таза құн, балама құн, экспорт құны, тасымалдау құны т.б.
Түсініктеме!
санат – бір нәрсенің қатары, есеп;
реттеуші – тәртіпке келтіруші, ретке салушы, жүйелеуші;
үйлесім – келісім, жарасым;
мұқтаждық – зәру болушылық, ділгерлік;
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.
құны қалмады – құнын алды –
құны жоқ – көк тиын құны жоқ –
құнын кесті – құны кетті (түсті) –
құны бір тиын – құнын тартты (тартқызды) –
2-сабақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУДИТ КОМПАНИЯЛАР
Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Қазақстандағы аудит компаниялар туралы айтпастан бұрын, бірінші аудит деген сөздің мағынасын түсініп алайық.
АҚШ-тың аудит мамандары Э.А. Аренс және Дж. К.Лобск өздерінің жазған оқулықтарында «аудит» сөзіне мынадай анықтама береді: «Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздік жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру». Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамасы осындай.
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: «аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару» – деген.
«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС – барлық сыртқы өзгерістерге икемделіп отыратын, қарқынды, білікті әрі тәжірибелі командасы бар ірі қазақстандық дамып келе жатқан аудиторлық компаниялардың бірі. Компания жетістіктері республикалық байқаулардың нәтижелері бойынша алтын алқа мен «Қазақстандағы жыл аудиторлық компаниясы» куәлігімен бірнеше мәрте расталып келеді.
Соңғы жылдардағы Компанияның даму себебін төменде көрсетілген аудиторлық қызметтерге деген сұраныстың мынадай өсуінен:
бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті құруды реттейтін заңдардағы елеулі өзгерістерден;
кәсіпорын иелерін қаржылық ақпаратқа деген сенімдерін арттырып, бизнестің іс жүзіндегі құнын және оны дамыту мүмкіндіктерін бағалау;
инвесторлардың сенімін арттыру мүмкіндігін беретін шараларға деген қызығушылықтарының артуынан байқауға болады.
«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС бүгіні таңда ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің (ҚҚА), Алматы қаласының Аумақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігінің (ААҚО), Қазақстандық қор биржасының (KASE) аудиторлық компаниялар үшін белгілеген барлық арнайы талаптарға сәйкес және кез келген компаниялардың қаржылық есеп аудитін, соның ішінде:
қаржылық ұйымдардың
қоғамдық компаниялардың
ұлттық компаниялардың, даму институттарының, холдингтер мен басқарушы холдингтердің
өздерінің қаржылық құжаттарын жүзеге асыруға құқылы.
Түсініктеме!
эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын компания.
дербес – бөлек, жеке дара, тәуелсіз;
сараптау – талқыға салу, талдау;
қарқын – екпін, жылдамдық, шапшаң;
қарқынды – қарқыны күшті, екпінді;
1-тапсырма. Қате пікірлерге қарсылық білдіріңіз.
Аудит – ол мемлекеттің қадағалауы арқылы кез-келген кәсіпорынның шаруашылығын басқарып, бақылау жүргізіп отыратын іс.
Соңғы жылдары отандық компаниялардың дамуына ешқандай бақылаулар мен сараптамалар жүргізілген жоқ.
2-тапсырма. Берілген тұжырымдаманың дұрыс, бұрыстығын өз сөзіңізбен дәлеледеңіз.
Аудиторлық компаниялар:
қаржылық ұйымдардың,
қоғамдық компаниялардың,
ұлттық компаниялардың, даму институттарының, холдингтер мен басқарушы холдингтердің,
өздерінің қаржылық құжаттарын жүзеге асыруға құқылы.
3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын берілген сөздермен сәйкестендіріп, мағынасын беріңіз.
Пайдаға белшесінен батты – ақша жасау
Пайда ойлама, ар ойла – жақсылығы тиді
Пайдасы тиді – олжа тапты
Пайда қылды – ұятты ойла
Пайда көрді – байыды
4-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, тұрақты тіркеc құрастырыңыз.
Мысалы: жұмыс – жұмыс басты болды, жұмысы басынан асып жатыр; жұмысқа жұмыла кірісті.
қаржы –
жетістік –
қадағалау –
сенім –
құн –
сұрау –
3-сабақ ӘЛЕМДІК АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР
Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Алғашқы аудиторлар Италия, Франция, АҚШ, Германияда шыққан. Ал елiмiзде соңғы онжылдықта дамып келедi. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының өзi Ernst & Young компаниясының көмегiне жүгiнiп отыр. АҚШ нарығында аудиторлық компанияларға сенiмсiздiк өршiп келедi. Онсыз да дағдарыстан белi қайысқан америкалық банктер мен компаниялар бар кiнәнi аудиторлық компанияларға жауып отыр. Онысы орынды да. Аудиттiк есепте компанияның болашағы, әсiресе шығыны мен табысы айқын шығарылады. БТА банктiң аудиттiк есебiн – Ernst & Young компаниясы жүргiзген, әлi де жүргiзiп келедi.
Бүгінгі күнде аудиторлық есеп жүргiзетiн әлемдi аузына қаратып отырған бірнеше компаниялар бар. Дүниежүзiндегi ұлттық, трансұлттық, коммерциялық iрi компаниялар аудиторлық есепте PricewatеrhouseCoopers, Deloitte Touche Tohmatsu, Ernst & Young, KPMG көмегiне сүйенедi. Осы аудиторлық компаниялардың қызметiне кез келген елде қызығушылық бар. Соның iшiнде Қазақстан да зәру.
Бүгінде Қазақстан нарығына әлемдiк деңгейдегi аудиторлық компаниялар белсене араласып кетті. Неге екенiн, республикадағы беделдi ұжымдар шетелден келген аудиторларды таңдайды. Нелiктен?
Оған жауап ретiнде, отандық кәсiпорындар мына фактiлердi алға тартты:
бiрiншiден, шетелден шақырту әдетке айналған, оның үстiне белгiлi бiр компания бухгалтерлiк есептерiн құпия сақтағысы келсе, отандық аудиттен аулақ болуды қалайды және шетелдiк нарыққа қадам басқысы келген ұлттық компаниялар осы төрттiкке жармасады. Себебi олардың есептерi – брэндтi бағалайтын шетелдiк инвесторлар мен серiктестерiн қызықтыру үшiн таптырмас құрал.
Бұл төрттiк алыптарының бiрi – KPMG, түп-төркiнi Швейцариядан шығады. Компания Қазақстан нарығына 1996 жылдан бастап араласты. Өз бәсекелестерiнен артықшылықтарын айқын байқату үшiн, олар 150 жылдық аудиттiк есеп тәсiлiн ұсынады, бiрақ бұл тәсiлдiң қандай күйге апаратыны қазiргi таңда баршаға аян.
Нәтижесiнде KPMG-ға қылмыстық айып салынып, 456 миллион доллар көлемiнде айыппұл бекiтiлдi. Бұл жағдай Ресей Федерациясына да таңсық емес. Ernst &Young компаниясының ресейлiк бөлiмшесiне де осындай айып тағылып, 2004 жылы 390 миллион рубльден астам қаржыға күмән келтiрген. Салық инспекторлары жүргiзген тексерiстiң нәтижесiне қарағанда, компания 630,3 миллион рубльдi кемiтiп жiберген екен.
Мәтінге тапсырма:
Мәтіннің басында, ортасында, соңында берілген негізгі ойды табыңыз.
Оқыған мәтін бойынша қорытынды жасаңыз.
Мәтін мазмұнында берілген қызықтырақ мәселені анықтаңыз.
Әр азат жолды бір тақырыпшамен атаңыз.
1-тапсырма. Берілген мәтінмен танысқан соң «Қазақстандағы шетелдік аудиторлық компаниялардың орны» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар.
2-тапсырма. Өзіңіз білетін ақпаратпен «аудит» және «аудитор» сөздеріне анықтама жазыңыз.
3-тапсырма. Ernst & Young, KPMG компаниялары мен қазақстандық бизнес саласындағы компаниялардың байланысын әңгімелеңіз.
9-модуль
