Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Құнды қағаздар

1-сабақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР

НАРЫҒЫ

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Құнды қағаздар нарығы дегеніміз не? Құнды қағаздарға акциялар, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Ол –қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал құнды қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың, айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Құнды қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер құнды қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған құнды қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін құнды қағаздардың бір блогын бередi.

Құнды қағаздар нарығының маңызды бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарым міндеттемелері бар казначейлік вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.

Барлық нарықтар сияқты, құнды қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни құнды қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.

Құнды қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы нарықта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады.

Құнды қағаздар – спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни пайыз (облигациялар бойынша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құнды қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі –корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаржының қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алып отырады.

Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз пайызын төлеуге міндеттенеді. Ол – займ арқылы алынатын пайданың бір бөлігі.

Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты құнды қағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алыпсатарлар үшін де тиімді.

Түсініктеме!

қазыналық – мемлекет қарамағындағы, өкіметке қарасты;

казначейлік – мекемелер мен қоғамдық ұйымдардағы жарна жинаушы, ақша мен қымбат бұйымдарды сақтаушы;

икемді - ыңғайлы, ықшамды, бейімді;

муниципиалды – мемлекет тарапынан бөлінген, тегін;

эмиссия – бағалы қағаздар мен қағаз ақшалар шығару ісі;

облигация – мемлекеттік заемнің билеті;

вексель – халықаралық саудадағы төлем міндеттемесін кең тараған формасы;

дивиденд – акционерлер бөлісетін пайда, мүлік иесінің алатын табысы, кірісі;

корпорация – кәсіптік мүдделері ортақ адамдардың біріккен тобы, одағы;

займ – қарызға алынған ақша;

ордер – пәтер алғанда не басқа бір затқа иелік еткенде берілетін куәлік қағаз, құжат;

акция – акционерлік қоғам қаржысына белгілі бір үлес қосқаны және соның табысына ортақ екендігін куәландыратын бағалы қағаз.

опцион – келешекте қайсыбір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға бағалы қағаздары иесінің таңдау құқығы;

фьючерлік келісім – келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім, мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор т.б. бірізге түсіріледі;

инвестор – инвестицияларды жүзеге асырушы; өзінің қарыз, қаражатын немесе өзге де сырттан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға салушы заңды немесе жеке тұлға;

алыпсатар – дайын өнімдерді сатып алып, қайта қымбатқа сатумен шұғылданатын саудагер адам.

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып, мәтінге пікір жазыңыз.

Менің ойымша, дәлірек айтқанда, осыған қосарым, бұл пікір туралы мен мынадай ойдамын, негізінен алғанда, тұжырым шығаруға болады, жоғары деп бағалаймын;

2-тапсырма. Берілген ойдың негізге ала отырып, ойды жалғастырыңыз.

  • Құнды қағаздар қаржы нарығының бір түрі...

  • Құнды қағаздарды айналысқа түсіре отырып, банк біршама пайда түсіреді ...

  • Құнды қағаздардың тұтыну құны, ол...

  • Акциялардың ерекшелігі, бұл...

  • Облигацияларды сату арқылы...

  • Басқа да құнды қағаздардың өзіндік ерекшелігі...

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Қазақстанда құнды қағаздарды айналысқа жіберудің пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазыңыз.

Кәсіпкерлік қызмет, пайда табуға көзделген, ел ішіндегі, шетелдік экономикаға, жұмсалым, ұзақ мерзімді, құрылысқа, бағалы қағаздарды сатып алу, өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, нәтижесінде пайда табу, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу т.б.

2-сабақ. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығаратын болса, ол мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Құнды қағаздар өзіне тән белгілеріне байланысты төмендегідей жіктеледі:

1) Эмитентіне байланысты:

– мемлекеттік құнды қағаздар (Үкімет, Қаржы министірлігі (қазынашылық тұлғасында), Ұлттық банк, жергілікті басқару органдары эмитенті бола алады);

– мемлекеттік емес құнды қағаздар (ашық және жабық акционерлі қоғамдар, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорын, сауда ұйымдары, коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, қор биржалары, брокерлік фирмалар, ЖШС; шетелдік қаржы – несие ұйымдары және т. б.); 2) Экономика табиғатына байланысты:

  • үлестік құнды қағаздар (үлес қосқандығын куәландыратын акциялар ғана);

  • борыштық құнды қағаздар (қарыз бергендігін, алғандығын куәландыратын облигациялар, вексель, чек);

  • төлемді, туынды құнды қағаздар, бұл екінші ретті құнды қағаздар;

  1. Операция сипатына қарай:

  • негізгі құнды қағаздар (акция, облигация);

  • қосымша құнды қағаздар (чек, вексель, сертификат);

  • туынды құнды қағаздар (қалғандары); 4) Айналым мерзіміне байланысты:

  • мерзімсіз (айналым мерзімі көрсетілмеген акция, яғни эмитенті банкроттыққа ұшырамағанша);

  • мерзімді, яғни қысқа (1 жылға дейін), орта (1-3 және 5 жыл аралығы) және ұзақ (5 жылдан жоғары) мерзімді;

  • мерзімі өткен, яғни көзделген мерзімде өтелмеген; 5) Қаражат салу сипатына қарай:

  • инвестицияланатын құнды қағаздар, яғни қаражат салуға мүмкіндік беретін акция, облигация, фьючерс, депозиттік құжаттар, ипотекалық куәліктер, депозиттік және жинақ сертификаттары;

  • инвеститцияланбайтын құнды қағаздар, яғни төлем құралдары қызметі сипатында қызмет атқаратын құнды қағаздар; 6) Шығарылу формасына қарай:

  • құжатты құнды қағаздар, яғни бекітілген формасына қарай шығарылатын сертификатты құнды қағаздар немесе материалды формасы бар құнды қағаздар;

  • құжатсыз формада шығарылатын құнды қағаздар, яғни құнды қағаздар иесіне немесе қаражат салушының атына «депо» есебін ашу арқылы берілетін құнды қағаздар; 7) Иелік ету сипатына қарай:

  • атаулы құнды қағаздар;

  • атаусыз құнды қағаздар;

  • ордерлік, яғни басқа үшінші тұлғаның атына меншіктелген; 8) Нарықта айналу сипатына қарай:

  • нарықтық құнды қағаздар;

  • нарықтық емес құнды қағаздар (жинақ сертификаттары, варрант, коносамент, ұлттық жинақ облигация, ұтыс облигациялар, ипотекалық куәліктер); 9) Басқару ісіне араласуына байланысты:

  • дауысты құнды қағаздар (дауысқа ие болатын);

  • дауыссыз құнды қағаздар;

10) Табыс төлеу әдісіне қарай:

  • дивидентті (таза табысқа байланысты);

  • дисконтты (өзінің номиналды құнынан төмен бағамен сатып алынатын құнды қағаздар);

  • купондық, яғни табысты құнды қағаздар;

  • пайыздық табыс әкелетін құнды қағаздар, яғни тұрақты пайда әкелетін, өзгермелі табыс әкелетін;

  1. Аумақтық белгісіне қарай:

  • ұлттық, яғни мемлекеттің шеңберіндегі;

  • аймақтық;

  • халықаралық, мемлекет аралық айналыстағы;

12) Қамтамасыз ету сипатына қарай:

  • қамтамасыз етілген, яғни шығарушының мүлкімен активтерінің құнымен жабдықталатын;

  • қамтамасыз етілмеген, ешқандай да мүлікпен қамтамасыз етілмеген, шығарушының уәдесімен, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген құнды қағаздар.

Түсініктеме!

эмитент – ақша шығаратын мекеме немесе кәсіпорын;

брокер – қор не тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтарды сатып алушылар мен сатушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін делдал;

«депо» есебі – несие мекемелеріне сақтауға берілетін бағалы қағаздар мен құндылықтарға қолданылатын термин; Мысалы: банк депосына маркалар, мемлекеттік баждар, пошта төлемі белгілері, алтын және күміс медальдар, шетелдік операциялар бойынша құндылықтар мен құжаттар жатады.

варрант – тауардың сақтауға қабылданғаны туралы тауар қоймалары беретін куәлік; оның иесіне варрантта көрсетілген тауар кепілдігімен қарыз алуға құқық береді;

коносамент – теңіз тасымалы шартының талаптары баяндалған құжат;

1-тапсырма. Мәтіндегі мәліметті пайдалана отырып, Қазақстандағы құнды қағаздардың түрлері, олардың айналысы туралы банк төрағасы ретінде журналиске сұхбат беріңіз.

2-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.

  • Құнды қағаздар өзіне тән белгілеріне байланысты төмендегідей жіктеледі,...

  • Дисконтты құнды қағаздар, өзінің номиналды құнынан төмен бағамен сатып алынатын құнды қағаздар сатылады, ...

  • Шығарушының уәдесімен, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген құнды қағаздардың пайдасы біршама қолданысқа енді, ...

  • Пайыздық табыс әкелетін, яғни тұрақты пайда әкелетін, өзгермелі табыс әкелетін құнды қағаздар көп сұранысқа ие, ...

Жағдаяттық тапсырма.

  • Сіз қор биржасында жұмыс істейсіз. Қарапайым халыққа қандай құнды қағаздарды сатып алуға кеңес берер едіңіз. Оның артықшылығы мен пайдасы туралы түсіндіріп беріңіз.

3-сабақ. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз. Корпоративтік құнды қағазда қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде құнды қағазды таңдай білу керек. Таңдау – үлкен жұмыс.

Қазіргі кезде айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар. Корпоративтік және мемлекеттік құнды қағаздардың ішінде, мемлекеттік құнды қағаздарға сұраныс көп.

Қазақстан Республикасының заңдарында туынды құнды қағаздар туралы ешбір сөз болмаған. Туынды құнды қағаздар дегеніміз – екінші деңгейдегі құнды қағаздар. Мұндай құнды қағаздарға варранттарды, опциондарды, фьючерстерді жатқызуға болады.

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын құнды қағаздардың маңызы арта түсетіні анық. Алайда көпшілік қауым құнды қағаз сатып алғанмен, оны қалай пайдалану керектігін жете біле бермеуі мүмкін.

Пікірлесейік!

«Қазақстанда рұқсат етілген құнды қағаздардың пайдасы және оған деген сұранысты жоғарылату»

1-тапсырма. «Құнды» сөзінің берілген мағыналарын пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.

І бағалы, қымбат;

ІІ аса мәнді, маңызды қажетті;

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін қажетті сөздерден теріп жазыңыз.

үлес – деңгей –

қатер– бастапқы –

пайда – құнды –

Қажетті сөздер: тиесілі сыбаға, алғашқы, қиындық, табыс, тұңғыш, бағалы, тосын жай, дәреже, қауіп, бірінші, тарту-таралғы, кіріс, мәртебе, қарымта, қасиетті, шен, олжа, ерекше, әуелгі.

3-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын ашатын фразеологиялық тіркестерді табыңыз.

  • кең таралды –

  • адамдар –

  • жаманшылық –

  • таңдау –

  • фразеологиялық тіркестер: көпшілік қауым, арпа ішіндегі бір бидай, аупалы-төкпелі заман, тамырын тереңге жаю, қайғыдан қан жұтты, кең қанат жайды, ел басына күн туды, бұқара халық, тамыр жайды, көкірегі қарс айырылды, аузын ашып, көзін жұмды.

5-модуль