Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Сауалнама

Жасыңыз: ____________________________

Мамандығыңыз: _______________________

  1. «Экология» деген сөздің мағынасын білесіз бе?

  • ия * жоқ

  1. Экологияны қорғауға арналған қандай ұйымдарды білесіз?

____________________________________________________

  1. Қандай экологиялық ұйымдарға мүшесіз?

_____________________________________________________

  1. Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз?

______________________________________________________

4-тапсырма. Берілген ойдың біздің еліміздегі құндылығы туралы сіздің пікіріңіз қандай?

АҚШ пен Еуропада Нобель сыйлығын алған ғалымдарды тек еңбегі мен ашқан жаңалықтары үшін ғана құрметтемейді. Олар барша үшін де үлгі болып саналады. Олардың үлгісін жастарға өнегелеп, сол арқылы күш-жігердің, еңбек пен таланттың әркезде де табысқа бастайтынын көрсетеді.

Жағдаяттық тапсырма!

Сіз тілшісіз. Ғылыми технологиялардың маңыздылығы, келешегі, бүгінгі жағдайы туралы ғалыммен сұхбат құрастырыңыз.

Үйге тапсырма.

Ғылыми технологияның төрт бағыты туралы тереңірек мәліметтер жинаңыз.

13-модуль

Қазақ елінің ұлттық байлықтары

1-сабақ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ИГІЛІКТЕР

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз

Игілік – рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады. Материалдық және рухани игілік қандай қажеттерді қанағаттандыратынына байланысты ажыратылады. Материалдық игілікке азық-түлік, киім-кешек, баспана, т.б. және өндіріс құрал-жабдықтары, ал рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, эстетикалық байлықтар, адамдардың мінез-құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттер, т.б. жатады. Бұлайша бөлу тек шартты нәрсе, өйткені көптеген игі құбылыстардың арасында нақтылы шекара жоқ (тарихи прогрестің жетістіктері, шығармашылық жетістіктері, әлеуметтік оқиғалар, әсемдік бұйымдары). Адамның жасампаздық мүмкіндіктерінің өзі ең жоғары игілік болып табылады. Игілік жеке адамның қажеті мен мүддесіне қызмет ете отырып, даралық сипат алуы мүмкін. Бұл тұрғыдан игілік ұғымының абсолюттік (жалпы адамдық және жалпы тарихи) және салыстырмалы (тарихи шектелген, таптық, жеке даралық) cипаттары болады. (Уикипедия-ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. kk.wikwpedia.org).

Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызметі өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін, еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады, оларды қарапайым еңбек процесі элементтері деп атайды.

Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді, қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.

Игіліктерді өндіру кезінде біріншіден, адам мен табиғат арасында қатынас орнайды, оны өндіргіш күштер деп атайды, ал екіншіден адамдар арасында қатынас орнайды, оны экономикалық қатынастар деп атайды. (Қоғамдық өндіріс негіздері. Экономика. 16 қазан, 2011 жыл)

Түсініктеме!

игілік – қажетті жағдай, пайда;

ниет – бір нәрсеге деген пейіл, ықылас, ынта;

пейіл – ниет, пиғыл, ықылас;

рухани – адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты, соған тән;

мүдде – алға қойған мақсат, тілек-арман;

әлеумет – ел-жұрт, көпшілік қауым, қоғам, мемлекет;

даралық – оңаша, жеке, оқшау;

шектелу – өлшеулі, шектелген, мөлшерлі.

Ой бөлісу!