- •- Модуль
- •Қазіргі қоғамда адам құқықтары орнымен қорғалуда ма? Қалай ойлайсыз?
- •Біздің мемлекетімізде адам құқықтарын қорғауға арналған қандай бағдарламалар жұмыс істейді?
- •«Тілдер туралы заңы»
- •Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Бақытты болу шарт па?
- •Білім жарысы
- •Өсиет сөз
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
- •Отаншылдық
- •Не істеу керек?
- •Тәуелсіз елдің өнерпаздары
- •Жастарға сенім арту ...
- •Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
- •Жастарға арналған үндеу ...
- •Бақша ағаштары
- •Тарихыңды таны
- •Ғылым мен техника
- •Сауалнама
- •Қазақ елінің ұлттық байлықтары
- •Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
- •Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
- •2.Наурыз мейрамындағы қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, ақсүйек ойындары туралы әңгімелеңіз.
- •Жастар және
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Экономика туралы
- •Құнды қағаздар
- •Қаржыландыру
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Бухгалтерлік есеп
- •Банк қызметі
- •Биржалық сауда
- •Заман және нарық
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Жастарға сенім арту ...
Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
Жастарға арналған үндеу ...
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер».
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев: «Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің қолдарыңызда, яғни, болашағымыз жастардың жауапкершілігінде».
Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан: «Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек – жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек».
2-тапсырма: Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен қоғам қайраткері Б.Тілеуханның пікірлері бойынша аңдатпа (аннотация) жазыңыз.
3-тапсырма. Берілген тіркестерді қандай жағдайда қолданар едіңіз?
мемлекетіміздің жарқын болашағы;
қоғамның қозғаушы күші;
қоғамдық өмірдің белортасынан;
рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие;
елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері;
патриотизм парасаты асқақтай түсу.
Пікірлесейік!
Неге жастарға көп көңіл бөлінеді?
Қосымша материал!
Жоғарыдағы мәтіндегі пікірлер мен Ы.Алтынсариннің әңгімесі арасындағы тәрбиеге қатысты логикалық байланысты анықтаңыз.
Бақша ағаштары
Жаздың әдемі бір күнінде таңертеңгі бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
Мынау ағаш неліктен тіп-тік, анау біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.
Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса кесіп, бағып-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз қалыбымен өскен, - деді атасы.
Олай болса, бағып-қағуда үлкен мағына бар екен ғой, - деді баласы.
Бағу-қағуда үлкен мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен әбірет алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істерінді түсетсем, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетімен кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді.
Түсініктеме!
әбірет – үлгі алу, тәрбие алу;
түзік – түзу, тура.
қалып – түр, пішін, кейіп;
шек – мөлшер, меже;
меже – мөлшер, шама, шек;
11-модуль
