- •- Модуль
- •Қазіргі қоғамда адам құқықтары орнымен қорғалуда ма? Қалай ойлайсыз?
- •Біздің мемлекетімізде адам құқықтарын қорғауға арналған қандай бағдарламалар жұмыс істейді?
- •«Тілдер туралы заңы»
- •Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Бақытты болу шарт па?
- •Білім жарысы
- •Өсиет сөз
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
- •Отаншылдық
- •Не істеу керек?
- •Тәуелсіз елдің өнерпаздары
- •Жастарға сенім арту ...
- •Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
- •Жастарға арналған үндеу ...
- •Бақша ағаштары
- •Тарихыңды таны
- •Ғылым мен техника
- •Сауалнама
- •Қазақ елінің ұлттық байлықтары
- •Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
- •Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
- •2.Наурыз мейрамындағы қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, ақсүйек ойындары туралы әңгімелеңіз.
- •Жастар және
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Экономика туралы
- •Құнды қағаздар
- •Қаржыландыру
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Бухгалтерлік есеп
- •Банк қызметі
- •Биржалық сауда
- •Заман және нарық
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақытты болу шарт па?
Дәл осы сұраққа адамзат баласы қадым заманнан бері жауап іздеген. Содан бері байлық пен бақыттың арақатынасына арналған том-том трактаттар жазды. Соның өзінде көп адам бұл екі түрлі құбылыстың арасын күні бүгінге дейін ажырата алмай келеді.
Әрине, әрбір адам бақытты болуға ұмтылады. Бірақ, бақытқа ұмтылу байлыққа ұмтылу емес, өйткені өзінің ғана дәулетті болуын армандайтын адам ешқашан да бақытты бол алмайды. «Бақытсыз адамды көріп тұрып, бақытты болу мүмкін емес» депті ойлы бір данышпан.
«Қазір біз материалдық байлыққа жетсек, бәріміз бақытты болып шыға келеміз» дейтін «жаңа қазақтар» да аз емес. Бұлар халықтың ғасырлар бойғы сұрыпталып барып жинақталған ең қымбат қазынасын рухани байлығын есепке алмайды. Рухани әлемінен айрылып қалған талай бай елдер мен құдіретті ұлттардың жойылып кеткенін олар білмейді. Мәселен, қазіргі Американың байырғы тұрғындары үндістер – майя, инк, атапаск, ирокез, муског тайпаларының тарихына бір сәт назар аударайықшы. Бұлар есте жоқ ежелгі замандарда-ақ озат өркениетімен әлемді тамсандырған елдер еді. Бірақ Америка отарлап алғаннан кейін әлгі тайпалардың бәрі өздерінің сан ғасырлық әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, наным-сенімінен айрылып қалды.
Қазір үндіс тайпалары өте дәулетті, бай тұрады. Алайда өздерінің тілінен, ділінен, дінінен, өнерінен, яғни рухани байлығынан айрылып қалған бір кездегі ұлт ретінде мойындалмайды. Мойындағысы келмейді.
Енді олар бір кезде өздерін отарлап алған халықтардың этникалық құрамына сіңіп, бірте-бірте тарих бетінен өшіп, жоғалып барады. Бүгінгі үндістер қасіретті тағдырын жақсы түсінеді. Олар өздерінің егеменді ел болуын армандай алмайтын дәрежеге жеткен. Үндістердің бір режиссері «Бір күндік тәуелсіздік үшін бар байлығымызды берер едік» деп аталатын фильм шығарған.
Біз дүние-мүлікті ғана ойлап, рухани байлығымызды жоғалтып алсақ, онда сол үндістердің бүгінгі қасіретті кейпіне түсіп қалуымыз мүмкін.
(Н.Келімбетов)
Түсініктеме!
отарлап алған – бір елді екінші ел күшпен басып алуы;
құдіретті ұлттар – қолында билігі бар елдер;
байырғы тұрғындар – бұрыннан тұрып келе жатқан халықтар, ұлттар;
ажырата алмау – айыра алмау, айыра білмеу;
қадым заманнан бергі – ерте кезден, баяғыдан бері;
қасіретті тағдыр – аянышты, қиын тағдыр;
1-тапсырма. Мәтіннен мына мағынада жұмсалған сөздерді табыңыз.
бұрынғы заман –
айырмау –
ұзақ уақыт бойы жинаған –
адамның жан дүниесі –
көңіл аударайық –
таң қалдырған ел –
қиын тағдыр –
жоғалу –
бейнеге ену –
2-тапсырма. Мына сұрақтарға ойыңызды білдіріңіз.
Автор үндістердің өмірін неге қиын тағдыр деп атайды?
Рухани байлық дегенді қалай түсінесіз?
Бұл мәтін сізге қандай ой салды?
«Егеменді ел болу» дегенді сезіне аласыз ба?
«Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасын түсінесіз бе?
Пікірлесейік!
Бақытты болу үшін бай болу шарт па? Рухани байлық дегенді қалай түсінесіз?
3-тапсырма. Сөйлемдерді басқа мағыналас сөйлеммен беріңіз.
Бақытты болу шарт па деген сұрақтың мағынасын адам баласы іздеуде.
Өзінің рухани байлығын сату – ол барлық болмысыңды сату деген емес пе!? Байлыққа өзіңнің жан дүниеңді айырбастауға бола ма!? Байлық бақытқа апаратын жол деп түсіну дұрыс па!? Оларды отарлап алғаннан кейін барлық салт-санасынан, дәстүрлерінен, наным-сенімінен айрылып қалды.
4-тапсырма. Мына пікірге қосыласыз ба, қосылмайсыз ба? пікіріңізді жазыңыз.
Пікірлер |
Дұрыс |
Дұрыс емес |
Байлық үшін жерді, салт-дәстүрді бәрін айырбастауға болады |
|
|
Тәуелсіздік жолында қаншама адам құрбан болды. |
|
|
Рухани әлемнен айрылу – барлық болмысыңнан, өзіңдегі бар байлықтан айрылу деген сөз. |
|
|
Қазіргі жаһандану, өркениетті ел мәдениеті деп жүріп, өзіміздің тарихымызды, тілімізді, дінімізді, ділімізді ұмытпайық. |
|
|
Ана тілді ұмыту – барлық ата-бабаңды, тарихыңды, мәдениетіңді ұмыту. |
|
|
Үйге тапсырма.
Негізгі тақырып пен қосымша материал арасындағы мазмұндық байланысты анықтап, тұжырымдама жасаңыз.
3-сабақ. БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ
Мәтінді оқып,ой бөлісіңіз
Қазақстанның бiлiм беру жүйесiнiң құрылымы ашық және әрбiр адамға формальдi бiлiм беру жүйесi аясында қажетiнше бiлiм алуға, бiлiмiн толықтыруға мүмкiндiк бередi. Адамның және Қазақстан Республикасы азаматының бiлiм алуға ажырамас құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясында бекiтiлген (30-бап).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы 1-тармағына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. Аталған баптың 2-тармағында азамат мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар екендiгi қарастырылған.
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 3-бабына сәйкес бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi, халықтың барлық бөлiгi үшiн бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң қол жетiмдiлiгi болып табылады.
Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылдың 11 қазандағы N1459 Жарлығымен 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарламада бiлiм берудi дамытудың мынадай негiзгi бағыттары көзделген: 1. Оқу 6 жастан басталатын және жоғары сыныптардағы мектеп оқушыларын бейiмдiлік және кәсiби бағдарда оқыту жүйесi көзделетiн 12 жылдық орта жалпы бiлiм беруге көшу.
2. Орта жалпы бiлiмнен кейiнгi кәсiби бiлiм жаңа деңгейiн құру.
3. Кәсiби кадрларды даярлаудың академиялық кредиттер жүйесiне негiзделген бiртұтас үш сатылы моделiн құру – бакалавриат – магистратура – докторантура (Рh.D).
4. Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру.
Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн бiлiм беру жүйесiнiң әрекет етуiнiң материалдық-техникалық, нормативтiк құқықтық базасын нығайту, бiлiмге бағдарланған бiлiм беру моделiнен «құзырлылық» моделiне көшу жолымен бiлiм берудiң мазмұнын өзгерту, бiлiм беру деңгейлерiнiң құрылымына ЮНЕСКО-ның халықаралық стандартты бiлiм беру сыныптамасына сәйкес келтiру көзделуде. (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. ҚР. Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы)
Түсініктеме!
теңдiк – барлық жағынан бірдей болушылық, еркіндік, бостандық;
қол жетімділік – қол жеткізе алу, ие болу;
көздеу – нысанаға алып дәлдеу, белгілі бір нәрсені мақсат ету;
бағдарланған – белгілі бір мамандыққа қарай бағытталған;
бейімділік – қабілеттілік, іскерлілік, икемділік, ыңғайлылық;
құзырлылық – әмір, билік, билікке ие болу, лауазымға ие болу;
құрылым – түзіліс, орналасу, тәртіп;
нығайту – беки түсу, күшею;
1-тапсырма. Сөйлемді мазмұнына қарай жалғастырыңыз.
Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дамып, ...
Мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуға, ...
Мемлекеттік бағдарламада кәсіби бағдар беру қарастырылып, ...
Елімізде барлық азаматтардың бiлiм алу құқықтары бар, ...
Ой бөлісейік! (диспут)
Қазақстанда білім беру жүйесі дұрыс жолға қойылған деп санайсыз ба?
Болашақ маман үшін білім алудағы теория мен практиканың орны қандай?
Қосымша материалдар
