Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Отаншылдық

Мәтінді оқыңыз, пікір айтыңыз.

Отан! Осы бір сөзде қаншама ұғым жатыр десеңізші! Отан дегенде көгілдір таулар, арналы айдындар, жасыл желекті ормандар, егіні мен шалғыны жайқалған жазықтар көз алдымызда. Отан десек, бақыт пен шаттық сезімі жүрегімізді билейді. Бойымызда достық, туысқандық, бауырмалдық қаны тасып жатады. Мұны айтқанда еркіндік, теңдік, еңбек пен ынтымақ деген сөздер аузымызға оралады.

Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. Қасиетті хадисте де Отанды сүю иманнан деген жолдар бар. Қазақ баласының ер жетіп, ес жиюына айтарлықтай әсер ететін төл фольклорымыз болды. Баяғының Батырлары қандай еді? «суға салсаң, батпайды, отқа салсаң жанбайды!» Ерлер мінген арғымақ ше? Астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп, тұлпарлары сөйлейтін» деп келуші еді.

Түркияда кез-келген ер баладан «Өскенде кім боласың?» деп сұрасаң, «Әскер боламын» деп жауап береді. Бұл – Отанымды қорғаймын деген сөз. Ресей ғалымдарының айтуынша кезінде «Чапаев», «Александр Невский» атты кинофильмдер экранға шыққанда, әскери училищеге құжат тапсырғандардың саны 12-14 есеге көбейген көрінеді.

Кеудесінде «бұл менің елім, менің жерім» дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. (Баспа бетінен)

Түсініктеме!

парыз – адамның алдындағы борышы, міндеті;

ес жию – үлкею, есею, ақыл тоқтату;

сенім ұялата білу – өз-өзіне сенімді болу, сену;

жүректі билеу – ойға келу, көңілге келді;

қаны тасу – сезім ояну, сезімге бөлену.

Пікірлесейік!

Жастардың бойында Отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалай тудыруға болады? Отаншыл болу үшін не істеу керек?

1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Қарамен берілген сөздерді сөйлем ішіне қатыстырыңыз.

  1. Аты шулы адам. 2. Аты жер жарады. 3.Аты тұрмақ, заты да жоқ.

4. Аты шыққан.

  1. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер (мақал).

  2. Атың шықпаса жер өрте (мақал).

  3. Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын (Абай).

  1. Адам деген атым бар,

Көпті көрген затым бар (Абай).

2-тапсырма. Мәтіннен мына сөздермен мағыналас сөздерді табыңыз.

міндет, борыш –

қиындыққа төзе білу –

үлкею, есею –

ықпал ету –

мығым болу, мықтылық –

3-тапсырма. Мәтінді теңеу сөздер және фразеологизмдермен толықтыр.

Бүгін – 9 мамыр. Ұлы жеңістің мерекесі (....., ....., ......) тойланып жатыр.

Елі үшін (...., ....., ......) батырлар есімі мәңгі ұмытылмайды. Бұл соғыс қаншама адамның өміріне (...., ....., .....) әкелді. Қаншама адам (...., ...., ....) болды. Адамның жүрегіне соғыс салған (..., ...., .....) ұмытылар ма»!?

Қажетті сөздер: қызу түрде, қарқынды түрде, отқа түскен, отан үшін шайқасқан, елім деп еңіреген, қиыншылық,құрбандық, жаны пида, құрбан,

жара, азап.

4-тапсырма. Мына сұрақтарға ойыңызды білдіріңіз.

1. Елді сүю, Отанды сүю тек шайқаста ғана көрінеді ме?

2. Автор қазақ фольклорындағы қандай образдарды бейнелеп отыр?

3. Бұл мәтін сізге қандай ой салды?

4. Отан алдындағы борыш дегенді қалай түсінесіз?

5. Ердің ерлігі тек шайқаста ғана сыналады ма?

5-тапсырма. Отан, ерлік тақырыбындағы мақалдардың мағынасын ашып талдаңыз. Өз пікіріңізді айтыңыз.

Отанға опасыздық жасағаның, өз түбіңе өзің жеткенің.

Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

Тұлпар тегін табар, ер жігіт елін табар.

Үйге тапсырма:

Орхон-Енисей жазба ескерткіші туралы тұсаукесер жасаңыз.

3-сабақ. ОРТА ҒАСЫР ОЙШЫЛДАРЫ

Мәтінді оқыңыз:

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл – Фараби қазақ жерін әлемге әйгілі етті.

Соның бір дәлелі ретінде атақты ақын, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз. Дастан – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.

Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын рөлі туралы, баланың мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата-ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.

Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келсек, Баласағұн, Қашғари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың еңбектерінің жалғасындай көрінеді. Түркі тілдес ойшылдардың шығармалары мен еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік пікірлер, ұсыныстар мен нақыл сөздер, озықтығы мен жаңашылдығына байланысты оқу-тәрбие саласында нағыз табан тірейтін негіздердің бірі бола алады.

Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адам бойындағы ізгі асыл құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен,

«Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті»,

«Ақыл пайда болса, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі»,

«Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын»,

«Ақылдыға қадір-құрмет лайық та, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

«Ақылды кісіден кісілік келер, Білікті – кісілер кісісі болар».

Ол өзінің ақыл-кеңестерінде Абай Құнанбайұлына ұқсас түйіндер жасап былай деген:

Талапты ер жалықпас,

Талапсыз өмір жарытпас.

Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар,

Ақылымен ғана ер – әділет үшін құрбандыққа шалынар…

Осылайша ақынның әлем мәдениетінің алтын қорына қосқан еңбегін оқыған сайын, әрбір сөзі бұрынғыдан да баурай береді. («Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы» reveraty-v.kz)

Түсініктеме!

ізгілік – жақсылық, адалдық, игілік;

игілік – қайырымды іс, жақсылық;

ілім – білім;

зерделеу – ақылға түю, көңілге тоқу, зер салу, ойлану, зейін қою;

құнар – жердің өсімдікке нәр беретін қоректік қуаты; топырағы шұрайлы;

табан тірейтін – бір жерге келіп жайғасты, орнықты; бір тоқтамға келді, тиянақ етті;

айыпты – қылмыс жасау, кінәлі болу, жазықты болу;

баурай беру – өзіне қаратып алу, бағындыру, икемдеу.

1-тапсырма. Мәтіндегі даналық сөздердің мағынасын ашып, талдаңыз.

«Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті»,

«Ақыл пайда болса, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі»,

«Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын»,

«Ақылдыға қадір-құрмет лайық та, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

«Ақылды кісіден кісілік келер, Білікті – кісілер кісісі болар».

2-тапсырма. «Талап» туралы ақыл-кеңеске мән беріп, адам мен хайуанның арасындағы айырмашылыққа зер салыңыз.

Талапты ер жалықпас,

Талапсыз өмір жарытпас.

Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар, Ақылымен ғана ер – әділет үшін құрбандыққа шалынар…

3-тапсырма. Абайдың 44-қара сөзін оқи отырып, жоғарыдағы ақыл-кеңеспен салыстырыңыз.

Адам баласының ең жаманы – талапсыз, талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.

Адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтыны болмайды. Талаптың ішінде адам баласы басына қадір іздеп, сол талапта болады.

4-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін табыңыз.

білім -

ақыл -

асыл -

тәрбие -

ойлау -

ұсыныс -

ойшыл -

еңбектері -

Үйге тапсырма:

«Сөнбес жұлдыздар» тақырыбына эссе жазыңыз.

1-сабақ. МЕН БІЛЕТІН ҰЛЫ ҒАЛЫМ

Мәтінді оқыңыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз.

Қазір әлем құрметтейтін, әлем адамы деп мойындағандықты дәлелдейтін құжат, жәй, қарапайым ғана емес, марапаттау құжаты бар. Бұл құжатты салтанатты тапсыру рәсімі телевизияның қуаты арқылы әлем жұртшылығының көз алдында өтеді. Бұл құжаттың аты – Нобель сыйлығы, соның лауреаттарын марапаттау сәті. Әлемде осы жоғары сыйлыққа қолы жеткендер баршылық. Ал жетпегендері олардан да көп. Сондай-ақ, оған бірде-бір өкілінің қолы жетпеген, тіпті оны армандамайтын ұлттар да жетіп жатыр. Олардың арасында қазақ ұлтының дарынды баласы Достай Романқұлов та бар.

Осы мәртебелі сыйлыққа Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық политехникалық университет түлегі Достайдың қолы қалай жетті, енді осы жағына да тоқталалық. Д.Романқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі Агенттігінде, кейінірек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарған, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 пайызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен күреске аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Романқұлов Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болады.

МАГАТЭ-ге мүше елдердің саны – 131, оның ішінде тәуелсіз Қазақстан да бар. Совет Татамбаевтың мәліметтері бойынша 1999 жылы МАГАТЭ-нің штаттық кестесінде 2212 адам жұмыс істеген. Нобель сыйлығының лауреаттығына, міне, осыншама қызметкерлер ішінен Достай сияқты 11 кәсіби маман ғана таңдап алынған.

Бұл күндері МАГАТЭ ұйымында жұмыс істеушілер, әсіресе Достайдың әріптестері – ядролық нысандарға қатаң бақылау жасайтын халықаралық инспекторлар өте ауыр да, қауіпті шараларды жүзеге асыруда.

Достай Романқұловтың Нобель сыйлығына ие болуына – оның халықаралық қауымдастық мойындаған, бірақ тиесілі жерлерде ғана жарияланатын еңбегімен бірге, тәуелсіз Отанының, оның Президентінің атом энергетикасы бойынша ашық жүргізіп отырған саясаты да тікелей әсер етті деуге болады.

Елімізде ядролық энергетиканы дамыту саласы бойынша алда күтіп тұрған бұл бағыттағы атқарылар жұмыстардың ауқымы мен маңызы және олардың болашағы да орасан зор. Соның ішіндегі ең көкейкесті болып отырғаны – кадр мәселесі. Жай ғана кадр емес, ұлттық кадр, Қазақ еліне Достай сияқты өз ісінің білімдар да, жоғары сапалы мамандары қажет. («Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ. МАГАТЭ-нің маманы Достай Романқұлов туралы не білеміз?» Сәлімгерей Сұлтанғалиев. www.aorda.kz)

Түсініктеме!

марапаттау – мадақтау, мақтау, дәріптеу;

көкейкесті – ойда жүрген, діттеген маңызды, басты;

өкіл – белгілі бір елдің ұйымның мүддесін білдіретін, оны жүзеге асыратын

ресми адам;

ауқымы – бір нәрсенің көлемі, мөлшері;

тиесілі – тиісті, қажетті, керекті, міндетті;

білімдар – көп білетін, білгір, білімді.

1-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.

Әлем адамын мойындау ...

Соңғы мәліметтер бойынша...

Еліміздегі ядролық ...

МАГАТЭ жайлы...

2-тапсырма. Кесте бойынша ой бөлісіңіз.

Нобель иегері

Д остай Романқұлов игілікті істер

әлемдік жаңалықтар

3-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, аннотация жазыңыз.

Қосымша материалдар!

Адамгершілік

Мәтінді оқып, пікір айтыңыз.

Адамгершілік дегеніміз – адам бойындағы ізгі, жақсы қасиет. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі. Адамды құрмет тұту, сыйлау, адамға сену, көмек көрсету, әділетті, шыншыл болу қиянатқа төзбеу, жаманшылық атаулымен күресу сияқты жақсы қасиеттері бар адамдарды адамгершілігі бар адамдар деп айтуға болады. Адам бойындағы ізгі, жақсы қасиеттері көп адамдарды адамгершілігі мол, адамгершілігі зор адам дейміз. Тәрбиесі жақсы, білімді адамдардың адамгершілігі де мол болып келеді. Адамның адамгершілігінің болуы, болмауы ата-анаға, мектепке, қоршаған ортаға, өмір сүріп отырған қоғамына байланысты. Адам өмірге келгеннен бастап, өле-өлгенше қандай ортада өмір сүрсе, көбіне соның ықпалымен адамгершілігі қалыптасады. («Қазақ әдебиеті» газетінен)

Түсініктеме!

ізгі – сыйлау, құрмет, қадірлеу дегенді білдіреді;

қиянат – біреуді қорлау, жамандық жасау, ғайбат сөз айту;

ықпал – біреудің әсер етуі, біреудің айтуымен жүру;

шыншыл болу – шындықты айту, бетке айта білу.

Пікірлесейік!

Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалай аласыз?

Қазіргі заманда адам адамға дос, бауыр, жолдас деген ұғымды қалай қабылдайды?

1-тапсырма. Мақалдардың сыңарын тауып жазыңыз.

Жақсы адам - елдің ырысы, ................................................................................. .

Адал адамның аты арып, ..................................................................................... .

Ақылды болсаң, арыңды сақта, ........................................................................... .

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, ........................................................ .

Қажетті сөздер:жақсы жер – елдің тынысы,тоны тозбас,ар-ұят керек әр уақытта, тұрпайы мінез,тағы, жат- надандықтың белгісі.

! Есіңізде сақтаңыз:

Ару – азу, арықтау

Ар – намыс, жігер

Ырыс – байлық, бақыт

2-тапсырма. Сөйлемдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын басқаша қалай түсінесіз?

Алып-ұшып асықпай, баппен сөйлеу керек. Біреулермен сөйлескенде қолыңызды қалтаға салып тұру – жарамсыз қылық. Көңіл қошыңыздың жоқтығын жұртқа білдіре бермеңіз. Сөйлескенде тыжырынбай, ашық, ақ жарқын, болған жақсы. Ыржақтап күле беру де орынсыз.

2-сабақ. НОБЕЛЬ CЫЙЛЫҒЫН АЛМАҒАН ҒҰЛАМА

Мәтінді оқыңыз:

Франциялық жазушы, философ  Сартр Жан-Поль өз еркімен  жүрек жарды сөзін айтып, Нобель  сыйлығынан бас тартқан бірден-бір адам. Өйткені, ол өзінің дербес кісілік қасиеті мен еркін  рухын қорғауы тиіс болды. Былайша айтқанда, Сартер дүние бойынша  ақша мен атақ-мәртебеге сатылмайтын санаулы адамның бірі.

1964 жылы, Сартер өзінің Нобель сыйлығын бағалау комитеті жағынан сыйлық кандидатына көрсетілгенінен, әрі, осы жолғы Нобель әдебиет сыйлығын алуы мүмкін екендігінен хабардар болған соң, бағалаушылар  комитетіне хат жазып, бас тартатынын білдірді. Бірақ, бағалаушылар комитеті сол жылғы Нобель Әдебиет сыйлығын егескендей салтанатты түрде Сартерге  ой-пікір мен еркін  рухқа  бай, ақиқат іздеген шығармалары үшін берілді. Бұл шығармалар заманымызға үлкен ықпал жасады.

Алайда, Сартердың сыйлықтан бас тартуы қалжың емес еді. Ол сыйлық тарату хабарын естіген соң дереу «Жазушы әкімшілік түс алған құрылымдардан  бас тартуы керек» – деп, баяндама жариялады. Әрі сол жылы 22 қазанда, Швециядағы  баспа саудагері арқылы  бір уәкіл  жіберіп, бұл баянатын Стокгольмде  оқытқызды.

«Мен мұны  өзгелердің айыптайтындығына қатты өкінемін; Сыйлық маған берілетін болып белгіленіпті, ал, мен одан бас тарттым». Сартер не үшін Нобель Сыйлығынан бас тартады? Қарапайымдау айтсақ, екі түрлі себебі бар. Автордың өзінің көрсетер себебі төмендегідей: «Менің бұлай бас тартуым ат үсті жасалған  шешім емес.  Мен үкімет жақ берген атақ-мәртебенің бәрінен  бас тартамын. Бұл позиция жазушылыққа ұстанған көзқарасымнан туындаған. Саясатқа, қоғамға, әдебиетке өз ұстанымын білдіретін жазушы тек өз тәсілімен, яғни жазған шығармалары арқылы бой көрсетеді. Ол қол жеткізген барлық атақ-мәртебе оқырмандарына бір түрлі басымдылық түсіреді. Менше бұл басымдылықты жоғалту қиын. Менің атым - Жан Поль Сартер, мен - Нобель Сыйлығының иегері, Жан Поль Сартер екі басқа шаруа». (Мінбер kz. Ұлттық интернет газеті. Нобель сыйлығынан бас тартқандар. Мәдениет Мұқатайұлы, М.Әуелхан).

Түсініктеме!

жүрекжарды – зор қуаныш, керемет, қуанышты хабар;

мәртебе – абырой-атақ, дәреже, даңқ;

егескендей – талас-тартыс, тайталас;

ұстаным – нақты бір мәселеге көзқарас;

бой көрсетеді – кім екендігін байқатты;

басымдылық – күші басым болушылық, мықтылық, үстемділік, өктемділік;

ұстанған көзқарас – өзінің ойы, пікірі болу.

1-тапсырма. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1.Сартр Жан-Польдің қарапайымдылығы

2. Ғалымның өзіндік ұстанымы:

а) атақ-даңқ басты мақсат емес;

ә) жазушының шығармашылық көзқарасы;

2-тапсырма. Мына сөйлемдерді мағынасы жағынан сәйкес келетіндей сөйлемдермен беріңіз.

Үлгі: Нобель Әдебиет сыйлығын Сартерге  ой-пікір мен еркін  рухқа  бай, ақиқат іздеген шығармалары үшін берілді. (Бұл сыйлық Сартерге ақыл-ойдың еркін берілуі және өмірлік шындыққа бағытталып жазылған еңбегі үшін берілді.)

  1. Сартер – дүние бойынша  ақша мен атақ-мәртебеге сатылмайтын санаулы адамның бірі.

  2. Сартер Нобель әдебиет сыйлығын алуы мүмкін екендігінен хабардар болған соң, бағалаушылар  комитетіне хат жазып, бас тартатынын білдірді.

  3. Үкімет жақ берген атақ-мәртебенің бәрінен  бас тартуы – жазушылық ұстанымынан туған көзқарас.

4. Ол қол жеткізген барлық атақ-мәртебе оқырмандарынан жоғары тұрмау керек деп түсінді.

Жағдаяттық тапсырма.

Ғалымның бойындағы қарапайымдылықты қалай бағалайсыз? Атақ пен мәртебе ақшаға сатылмайды дегенге сенесіз бе?

Қосымша материалдар!

Мейірімділік

Мәтінді сауатты түрде, мәнерлеп оқыңыз. Пікіріңізді білдіріңіз.

Шөлді кесіп өтпек болған жаяу жолаушылар әбден арып-тозды. Жолға шыққалы төрт сағаттан асса да, бұйрат құмдар бір-бірімен жарысып таусылар емес. Жүргіншілердің әлі құрып барады. Жолаушылар төртеу еді.

Жас жігіт Бекзат, қарындасы Айша және бұлардың әке-шешесі. Шөл қысып барады. Енді орындарынан тұратын шамалары қалмағанын Бекзат байқап отыр. Құтысында іркіп қалған бірер жұтым суы есіне түсті. Егер, ол суды өзі ғана жұта салса, бір басы аман қалмақ.

  • Ол өмір емес, өмірлік азап! – дегенде, қарлыққан даусы қатты шығып кетті. Бекзат қолындағы құтысын анасына ұсынды. Анасы ыдыстың ішінде су бар екенін түсінсе де, басын шайқады.

  • Балам-ау, саған өмір берген, менің бақытымды ашқан мынау екен ғой. Тамшы су болса да сол ішсін, – деді. Ол құтысын енді әкесіне ұсынды.

  • Балам, шешең екеуміздің көз қуанышымыз мынау қарындасың. Қыз

баланың жолы – жіңішке, жаны – әлсіз, суды соған бер! – деді. Көзі мөлдіреген жас қыз:

  • Ағатай, менің тағдырым өзге үшін жаралған ғой. Әкемнің ұрпағын жалғастырушы сенсің. Суды өзің іш, сен аман бол! – деді.

Бекзаттың көзі жасқа толып кетті. Бекзат соңғы қалған суды құтысын айналдыра аспанға шашып жіберді. О, ғажап! Кенет шөкім бұлт аспан лезде ақ буға толып, ақ жауын сіркірей жөнелді. (Ғарифолла Есім)

Түсініктеме!

бұйрат құмдар – төмпешік болып жатқан құмдар;

іркіп қалған – ыдыстың түбінде қалған су;

жұтым су – бір жұтып ішетін су;

құты – теріден жасалған су құятын ыдыс;

көз қуанышымыз – ата-ананың бақыты, қуанышы;

жаны әлсіз – жаны нәзік, талдырмаш;

шөкім бұлт – кішкене ғана бұлт;

құты – ыдыс, қалта;

бұйрат – ирек;

іркіп қалу – тоқтату, алып қалу;

жұтым су – аз ғана су;

көз қуаныш – бала адамның қуанышы;

жаны әлсіз – қыз бала нәзік, талдырмаш келеді.

Пікірлесейік!

Басыңызға осындай қиыншылық түссе, не істер едіңіз!?

Қиыншылықтан шығар жолды қалай ойластырар едіңіз!?

Адамның басы – Алланың добы! – деген түсінік бар. Осыған деген сіздің пікіріңіз қандай?

1-тапсырма. Мақалдардың сыңарын жазыңыз.

Ана алдында құрмет, ...................................................................................... .

Атаңа не қылсаң, ............................................................................................. .

Әкеден ақыл, ..................................................................................................... .

Атадан бала туар, ............................................................................................ .

Қажетті сөздер: алдыңа сол келеді, әке алдында қызмет, анадан мейір,

атасының жолын қуар.

2-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

Бір туған – ..................................................................................................... .

Аспан шайдай ашық – .................................................................................... .

Бас көтерер адамы – ....................................................................................... .

Көзі жетті – ...................................................................................................... .

Қажетті сөздер: туысқан, тұқымдас, тегі бір, азаматы, кісісі, қолынан іс келер, басшылық ете алар, көкте бір шөкім де бұлт жоқ, кәміл сенді, ақиқатына қанды.

3-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін фразеологизм түрінде беріп көріңіз.

Лезде,тез, жылдам – ........................................................................................

Қуану – ...........................................................................................................

Өкіну – .............................................................................................................

Таң қалды – .....................................................................................................

Әйгілі болу – ....................................................................................................

Қажетті сөздер: көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, төбесі

көкке жетті, бөркін аспанға лақтырды, санын соқты, таңдай қағып тамсанды, даңқы жер жарады, даңқы арта түсті.

4-тапсырма. Мәтінді толықтырыңыз.

Істің мәнін түсінбей, (...., ....), түсіне алмады. Осы істі толық аяқтауға

(..., ....) шешті. Ақырында ісі сәтті болып, (..., ...) батты. Сонда да болса, (.....) қорықты. (..., ...) бар дегендей.

Қажетті сөздер: байыбына бара алмау, белді бекем буып, олжаға белшесінен бату, сонда да болса, көзге түсу, біреудің сөзі, біреудің көзі.

Мәтін бойынша пікірлесейік:

Мәтінді оқып отырып қандай ойда болдыңыз?

Аға, іні, қарындасқа деген бауырмалдықты қалай түсінесіз?

Ата-анаға деген қамқорлықты қалай білдіресіз?

«Адамның адамшылығы басыңа іс түскенде білінеді» дегенге пікіріңіз.

Үйге тапсырма:

Сіз таңдаған сала бойынша еңбек етіп жүрген ғалымдар туралы тұсаукесер жасаңыз.

3-сабақ. АЛЬФРЕД НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ

Мәтінді оқыңыз:

Адамзат тарихында талай-талай ұлы жаңалықтар ашылды. Олар табиғи іргелі ғылымдар тізбегінде ғана емес, бүкіл қоғамдық қатынастарды реттейтін және адамға қызмет ететін ірілі-ұсақты басқа ғылым салаларында да дүниеге жолдама алып жатты. Адамның тұрмыс-тіршілігін, өмірін жаңғыртуға жан-жақты өзінің теңдессіз үлестерін қосты. Сондықтан соңғы бір ғасырдан астам уақыт ішінде химия, физика, медицина мен физиология сияқты іргелі ғылымдарды да­мытумен қатар, гендік ин­же­нерия, экономика, тех­но­ло­гия­лық тал­даулар сияқты салаларға да бұ­рын-соңды болмаған жаңалықтар қо­сылды.

Адамның еңбегі қай заманда да, қашан да ізсіз қалған емес, сондықтан ең­бекке бас иіп, оны лайықты құрметке бөлеу - бүкіл әлемнің адам алдындағы ұлы парызы болып есептеледі. Адам еңбегін осылай бағалаудың ең тұлғалы да теңдессіз белгісі ретінде Нобель сыйлығы дүниеге келді.

Нобель сыйлығының ал­ғаш дүниеге келуіне жеке ықпал еткен және оған дем берген шведтік белгілі химик Альфред Нобель болды. Альфред Нобель  1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында дүниеге келді. Жарылғыш заттарды ойлап табу арқылы сол кездегі бас айналдыратын байлыққа ие болған ол кейіннен осы байлықты адамзаттың игілігіне жұмсау арқылы өзіне мәңгілік ескерткіш орнатты. Алғашында Нобельдің баю туралы ойы болмапты, діттегені тек өнеркәсіп өндірісіне өнертабыс ретінде жарылғыш затты ойлап табу еді. 1895 жылғы 27 қарашада Нобель артына ұлағатты өсиет қалдырды. Өзінің өмір бойғы жинап-терген барлық байлығын бұдан былай адам игілігі жолында ұлан-ғайыр қызмет жасап, жаһандық жаңалықтар ашқан тұлғаларға сыйлық ретінде үлестіріп беруді мұра етіп қалдырды. Сөйтіп адамзат тарихы үшін оның өзі де теңдесі жоқ қызмет істеді.

Қалдырған өсиетінде Нобель ұлттық, нәсілдік тегіне қара­мастан адамға қызмет ету жо­лындағы өлшеусіз жетістіктері мен ғылымның түрлі салаларында тамаша нәтижелерге қол жеткізген табыстары үшін өз атындағы сыйлықты бұдан былай тұрақты үлестіріп отыруды тапсырып кетті. Сөйтіп, Нобель өсиеті 1896 жылы 10 желтоқсанда, яғни ол өлгеннен кейін күшіне енді. Альфред Нобель Сан-Ремо қаласында қайтыс болды. Жамбасы жерге тиген тұлғамен мәңгіге қоштасу сәтінен кейін-ақ іле-шала Нобель қоры құрылды. Оның жарғысын Швецияның Корольдік кеңесі 1900 жылғы 29 шілдеде бекітті. Араға 1 жылдан астам уақыт салып, 1901 жылы 10 желтоқсанда, яғни Нобель қайтыс болған күні тұңғыш рет алғашқы Нобель сыйлықтары өзінің лайықты иелеріне табыс етілді.

Нобель сыйлығының 5 түрі жыл сайын физика, химия, ме­дицина мен физиология сала­сында қол жеткізген тең­дессіз жаңалықтары үшін және адамзаттың рухани дүниесіне, оның сана-се­зіміне игі ықпал ететін әдеби туындылар үшін бе­рілетін болды. 1968 жылы Швед банкі өзінің құ­рылуының 300 жылдығын атап өткен кезде Альфред Нобельді тағы бір есте сақтау құрметіне арнап экономика саласындағы Нобель сыйлығын белгіледі. «Сыйлықтардың сый­лы­ғы» деп озық ойлы тұл­ға­лар­дың баға бергеніндей, Но­бель сыйлығының әлемдік мәрте­бесі уақыт өткен сайын ұлғая түсуде. Оның қысқаша сипаттамасында айшықты безенді­рілген грамота, алтын медаль және 1 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйлық белгіленген. Нобель сыйлығының моральдық абырой-атағын дү­ниежүзі толықтай мойындайды. Сыйлықты тапсырған кезде оның иегерлері әдетте құттықтау сөз­дерін айтып, салтанатты шеру аясында нобельдік баяндама жасайды. Баяндаманың негізгі өзегі сыйлық иегерінің осы жетістікке қалай қол жеткізгенін қамтиды. Бұл – әлемдегі №1 сыйлықтың қалыптасқан қағидасы.

Нобель сыйлығы ғалымның немесе саяси тұлғаның жекелеген көрнекті ғылыми мансабын немесе шығармашылық жолын мойындау үшін берілмейді. Өз өмірінде тәжірибелі тәлімгер және өнертабыстарын ойлап табушы болған Альфред Нобель жаңалық пен өнертабыстың астарында нелер жатқанын жақсы түсінді. Міне, сол себептен де ол өзінің атындағы сыйлықты тек нақты нәтижелерге қол жеткізген тұлғаларға беріп отыруды өсиеттеп кетті. Сондықтан, күні бүгінге дейін Нобель сыйлығын беруге арналған негіздемеде тұлғаның нақты жетістігі мен табысы дәл көрсетіледі.

Қалыптасқан ережелерге сәй­кес, әрбір Нобель сыйлығы ары кеткенде құрамы 3 адамнан  аспайтын авторлар тобына берілетін болып шешілген.

Өзінің өсиетінде Альфред Нобель ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыстарды марапаттаумен қатар, адамзат алдында ізгі нәтижелерге қол жеткізген, бейбітшілікті жақтаушы тұлғалар үшін жеке сыйлық та­ғайындауды айтып кеткен. Сондықтан Аль­фред Нобельдің бейбітшілік жо­лындағы сыйлықты белгілеу қажеттігін өсиет етіп кеткен арманының бүгінде теңдесі жоқ маңызы бар. («Альфред Нобель және Нобель сыйлығы» Дабыр Нұрқамытұлы. zan.zamedia.kz.)

Түсініктеме!

іргелі – негізі мықты, алдыңғы қатарлы;

тізбек – бірінен соң бірі жалғасқан тізбе қатар;

жолдама – куәлік қағаз;

жаңғырту – өзгерту, құбылту, жаңадан жасау;

ген – тірі организмдегі қарапайым белгіні анықтайтын бірлік;

бас ию – көрсетілген құрметке ілтипат білдірді;

дем беру – рухтандырды, жігерлендірді;

діттеу – мақсат ету, көздеу;

өнертабыс – бір нәрсені жетілдіру арқылы ойлап табылған жаңалық;

ұлағатты – парасатты, үлгілі, өнегелі оқымысты ғұлама;

іле-шала – тез арада, көп кідіртпей, артынша;

шеру – сапқа тұрған қалың нөпір;

қағида – әбден қалыптасқан барлық адамдарға орталық заңдылық, бұзылмайтын тұжырым;

мансап – атақ-дәреже, лауазым, шен;

тәлімгер – тәлім-тәрбие беруші ұстаз.

1-тапсырма. Нұсқау арқылы ойды кеңейтіп беріңіз.

Адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтар ...

Адам еңбегі қашанда елеусіз қалған емес ...

Адамның тұрмыс-тіршілігін жаңғыртуға қосылған үлестер ...

Бейбітшілікті жақтаушы тұлғалар ...

2-тапсырма. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

лайықты құрмет ғылым салалары

Нобель сыйлығы

өлмес мұра тамаша нәтижелер

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

ең­бекке бас ию –

лайықты құрметке бөлеу –

ұлы парыз –

игі ықпал –

өлшеусіз жетістіктер –

озық ойлы тұл­ға­лар­ –

теңдессіз жаңалықтар –

тәжірибелі тәлімгер –

4-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын мәтін мазмұнымен байланыстра отырып ашыңыз.

  • Білімді өлсе, қағазда аты өлер,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

  • Еңбегі жоқ ғалым,

Ыстығы жоқ жалын.

  • Ұстаздан шәкірт озар.

1-сабақ.ТӘУЕЛСІЗДІК МӘҢГІ БОЛУ ҮШІН