- •- Модуль
- •Қазіргі қоғамда адам құқықтары орнымен қорғалуда ма? Қалай ойлайсыз?
- •Біздің мемлекетімізде адам құқықтарын қорғауға арналған қандай бағдарламалар жұмыс істейді?
- •«Тілдер туралы заңы»
- •Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Бақытты болу шарт па?
- •Білім жарысы
- •Өсиет сөз
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
- •Отаншылдық
- •Не істеу керек?
- •Тәуелсіз елдің өнерпаздары
- •Жастарға сенім арту ...
- •Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
- •Жастарға арналған үндеу ...
- •Бақша ағаштары
- •Тарихыңды таны
- •Ғылым мен техника
- •Сауалнама
- •Қазақ елінің ұлттық байлықтары
- •Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
- •Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
- •2.Наурыз мейрамындағы қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, ақсүйек ойындары туралы әңгімелеңіз.
- •Жастар және
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Экономика туралы
- •Құнды қағаздар
- •Қаржыландыру
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Бухгалтерлік есеп
- •Банк қызметі
- •Биржалық сауда
- •Заман және нарық
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
1-тапсырма. Мына шағын мәтіндегі сөйлемдерді теңеу мен фразеологизмдерді қолдана отырып, түрлендір.
Қоғамдық игіліктерге (..., ..., ... ) жатады. Материалдық игілікке (..., ..., ...) жатады. Рухани игілікке (..., ..., ...) жатады. Материалдық және рухани игілік (..., ..., ...) ажыратылады. Өндіріс (..., ..., ...) болып табылады. Өндіріс (..., ..., ...) іске асады. Еңбек – саналы қызмет (..., ..., ...).
2-тапсырма. Қажетті анықтамаларды пайдалана отырып, берілген фразеологизмдердің мағынасын ашыңыз.
игі жақсы –
игі жұмыс –
игіліктің ерте-кеші жоқ –
игілігін көрсетпесін –
игілікке жетті –
игілігін көрді –
игілікке ұстады –
игі тілек –
Қажетті анықтамалар: қажетіне жаратты, пайдасына тұтты, рахатын көрді; қуанышқа бұйырсын; игі істі, жөн жұмысты қашан атқарса да орынды; пайдасын, рахатын, жақсылығын көрді; елдің, халықтың, беделді адамдарының баламасы; жақсы іс, пайдалы әрекет; қызығын көрсетпесін; дәулетке, жақсылыққа қолы жетті, тұрмысы жақсарды; жақсы тілек, қасиетті мүдде.
3-тапсырма: Берілген сөйлемдердің мағынасын өзгертпей, басқа сөйлеммен беріңіз.
Игілік – рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым.
Игілік жеке адамның қажеті мен мүддесіне қызмет ете отырып, даралық сипат алуы мүмкін.
Адамның жасампаздық мүмкіндіктерінің өзі ең жоғары игілік болып табылады.
Көптеген игі құбылыстардың арасында нақтылы шекара жоқ.
Табиғи және қоғамдық жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады.
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасына лайықты мақал-мәтел беріңіз.
Мысалы: рухани игілік- Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген;
Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.
табиғи байлық –
материалдық байлық –
адамгершілік қасиеттер –
шығармашылық жетістік –
2-сабақ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫ
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз
Қазақстан өңірі табиғат байлығына кенде емес. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай қорғау – алдымен әрбір адамзаттың парызы. Табиғаттың баға жетпес байлығы орман мен жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша әрбір облыста бағдарламалар әзірлеп, жұмыстар жасалып жатыр. («Табиғат байлығы – баға жетпес құндылық» Бахтияр Тайжан).
Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін әлеуметтік негізде дамыту мәселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері – жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле бастады. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қарқынына, ғылыми мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.
Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы географиялық жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру және социологиялық экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.
Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде, Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан. (Уикипедия-ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. kk.wikwpedia.org).
Түсініктеме!
көздің қарашығындай – жоғалтпады, берік қорғаштады;
қырат – биіктеу, дөңес жер;
алап – аймақ, атырап, өлке; мөлшерлі, белгілі жер;
ойыс – ояң, ойлау келген жер, ойпаң;
арна – өзен-су ағатын жер;
барлау – кен байлығын зерттеу;
қамту – белгілі бір іске тұтастай қатыстыру;
құрлық – жан-жағын мұхит пен теңіз қоршап жатқан қара жер.
1-тапсырма. Қазақстан өңірінде кездесетін жер қазба байлықтарын бөліп жаза отырып, картасын сызыңыз.
Оңтүстіктегі қазба байлықтар: ..., ...
Солтүстіктегі қазба байлықтар: ..., ...
Бастыстағы қазба байлықтар: ..., ...
Шығыстағы қазба байлықтар: ..., ...
Ой талқы!
«Қазақтан жеріндегі табиғи байлықтардың өндірілуі».
2-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.
Кен байлықтарын табу .......
Табиғи қорларының зерттелуі ......
Республика жерінің географиялық зерттелуі ......
Қазақтандағы терең ойыстар .......
Еліміздегі құрғақ арналар .......
Ауыл шаруашылығының дамуы ......
3-тапсырма. Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орындарының экономикаға қосып жатқан үлестері туралы әңгімелеңіз.
Мысалы: «ҚазақМыс корпорациясы», «ҚазМұнайГаз», «Қорғасын зауыттары».
4-тапсырма. Шал ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқи отырып, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы әңгімелеңіз.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға су нәсілі көп қосылса,
Жомарттылық, шешен болмақ содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға топырақ нәсілі көп қосылса,
Мінезінің ауырлығы сонан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға жел нәсілі көп қосылса,
Дегбірсіздік, сабырсыздық содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамды төрт нәрседен қылған екен.
Адамға от нәсілі көп қосылса,
Ашуланшақ болуы содан екен.
Үйге тапсырма:
Қазақстанның табиғи және рухани байлықтары туралы эссе жазыңыз.
3-сабақ. ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Мәтінді оқып, өз ойыңызды нақтылап жеткізіңіз.
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық санадан кейінгі маңызды орын алатын – ұлттық құндылық. Ұлттық құндылыққа ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, өнерін, музыкасын, спортын жатқызамыз.
Егерде ұлттық мәдениетке келетін болсақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген ежелден өзінінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды. Ол мәдениет негізінен көшпенді өмір салтына бейімделген болатын. Сондықтан қазіргі қазақ мәдениетін еуразиялық ұлы дала көшпенділерінің мұрагері деуге болады.
Қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлердің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазаққа өте ыстық, әрі қасиетті болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқы аңыз-әңгімелерінде, өлең-жырларында өзінің өмір сүретін табиғат ортасының сұлулығы мен әсемдігін творчестволық шығармашылыққа арқау еткен.
Қазақта ертеректе жазу-сызу онша дамымай, адамдардың көбі сауатсыз болған кезде көпшілік арасында ауыз әдебиеті кең тараған болатын. Ауыз әдебиетінің ішінде, әсіресе фольклор, поэзия айрықша орын алды және аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер де жоғары дамыды.
Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде өте жақсы дамыған ұлттық өнер болатын. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты. Себебі өнер халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды.
Қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты – сөз өнері, сәулет өнері, күй өнері, сән өнері, бейнелеу өнері сияқты өнердің басқа да түрлері өте көп.
Ертеде қазақтар өзінің ұлттық табиғи өмір салтымен өмір сүргенде осы айтылған өнер туындылары күнделікті тұрмыста қолданыста болып, дамып жетіліп отырған болатын.
Ұлттың рухани мәдениетін дамытуда музыка өнерінің алатын орны ерекше. Себебі музыка халық өмірінің әр кезеңінің тыныс-тіршілігінен хабар береді. Халық ән-күйдің әуен-сазы арқылы өзінің күнделікті өмір салтын, тарихи уақиғаларды келесі ұрпаққа осы өнер арқылы жеткізіп отырған.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі, ол – спорт.
Спорт адамдардың денесімен қатар, рухын да шынықтырып, олардың дамып жетілуіне жағдай жасайды. Қазақ халқы бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасты. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты болатын. Атап айтар болсақ – бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. Қазақ қоғамында онан да басқа спорттың түрлері көп. Мысалы, қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, тағы басқа. («Қазақтың ұлттық – санасы, құндылығы және мүддесінің қазіргі жағдайы» Ермек Мұқанғалиев. maidan.kz)
Түсініктеме!
құндылық – қымбаттылық, бағалылық, маңыздылық, мәнділік;
мұрагер – мұраға ие, мирасқор; белгілі бір істі жалғастырушылық, өнегелі жолды қуушы;
киелі – киесі бар, қасиетті;
кие – бір нәрсенің пірі, иесі, қасиеті;
пірі – қолдап-қорғаушы, рух, әруақ; демеуші, қолдаушы, сүюші;
көшпенді – көшіп-қонып тіршілік ететін, жылжымалы, әр жерге ауысып отыратын;
көшіп-қонып – көшіп-қонып жүру, көшпенді болу;
бейнелеу өнері – кескіндеме, мүсін, графика, сән сияқты өнерлердің түрін қамтитын ұғым;
уақиға – қоғамның немесе жеке адамның өміріндегі бір елеулі құбылыс;
әуен-сазы – өлеңнің, әннің сазы; үн, әуен, ырғақ;
шынықтыру – іске төселу, машықтану.
Ой бөлісу!
«Ұлттық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері»
1-тапсырма. «Абай жолы» романынан берілген үзіндіде салттың қандай түрлері берілген? Олардың мән-мағынасы неде деп ойлайсыз? Осы салттардың қазіргі кезде қолданылуына қалай қарайсыз?
Абай сары жорға атпен сыдыртып жүріп, бар үйді тігулі күйінде көріп шығып, бір-екі қоңырқай үзік орнына басқа туысқандарының аппақ үйлерін жықтырды. Сонымен көш боп жөнелген үйдің бәрі бірдей үлкен, шетінен аппақ келісті үйлер болатын. Әр үйдің ішіне ұсталатын кілем, түскиіз, сырмақ, текемет, көрпе-жастығы да бірге жіберілді. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың жаңа, таза болуын Ұлжан қадағалаған. Қонақ күтетін күтушілер пысық, елгезек жігіттер екен. Бұл арада Құдайберді көмек етті.
Он үйге он семіз байтал апарыңдар, үй басы екі еркек қой барсың!, - деді.
Осы кешке Ұлжан үн, шәй, тәтті дәмді дегеннің бәрін тез қамдатты. Сауын биені ол жерге апарып байлауға болмайды. Жер тар, ел тығыз. Қымызды мол қылып, кешіктірмей жеткізіп тұруы үшін ауылдағылардың кепіл болуы шарт.
Абай ауылының елден ерек қамдарын әбден танып, риза болысты. Осы кезде Ұлжан Байдалыны азырақ тоқтатып:
Тамақ пен күтімі бір басқа ғой. Ертең ат шабады, балуан күреседі, әр алуан бәйгелер бар. Түйе бастатқан тоғыздан бәйге шығарыпсыңдар. Менің балам да ол үлестерден қалмаймын дейді, соның ақылымен мына бұйымды әкеліп едім, - қалтасынан жібекке оралған күміс тайтұяқты Байдалыға ұсынып тұрып:
Бәйгенің бір тоғызының басы осы болсын,– деді.
Бөжейдің нағашылары бәйгеге қосқалы бір баран, екі қылаң жүйріктерін әкеліпті. Құйрық-жалы сүзулі, үстеріне бала мінгізген, үкілі-тұмарлы аттар оқшау байланды. Күміс ер-тұман жарқылдайды.
Астың үшінші күні таңертеңнен бері шәй, қымызбен сыйлап келіп, дәл түске тақай бергенде он үйге ет тартылды. Абайдың бұл жолғы жасаған тәртібі қонақтарды да, көлденең елді де қатты тамсандырды. Табақ тартуға өншең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер басына тек жібек орамал байлапты. Нағашыларға арналған күтімнің қапысы жоқ оқшау сый болды.
Түсініктеме!
баран – жылқының түсі, қара қоңыр, қара кер;
тай-тұяқ – аумағы тайдың тұяғындай кесек күміс, алтын жамбы;
елгезек – айтқанды екі етпейтін тіл алғыш, пысық ширақ;
жамбы – әр түрлі формада (тай, тайынша, қойдың тұяғындай) құйылған, салмағы әрқалай ақша орнына жүрген таза сом күміс;
сом – жүз тиынға тең бұрынғы ақша құны;
қылаң – бозғыл түсі басым, ақшыл;
сауын – сүт беретін, сауылатын мал;
жорға – жүйрік, жетік, майталман;
қапысы – қапы қалмады, мүлт кетпеді.
2-тапсырма. «Сөз өнері» туралы берілген мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің мағынасын ашыңыз.
Алмас қылыш майданда серік,
Асыл сөз майданда да, сайранда да серік
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
Жанған от тәнді жылытады,
Жақсы сөз жанды жылытады.
Қиыстырып қаласаң, отын жанар,
Қиыстырып айтсаң, халық нанар
Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Жүйелі сөз - жүйесін табар,
Жүйесіз сөз - иесін табар.
3-тапсырма. Соңғы он жылдықтағы «Қазақстанның сәулет сән өнері, бейнелеу өнерлерінің дамуы туралы, Алматы, Астана қалаларының сәулеті туралы әңгімелеңіз.
4-тапсырма. 1. Қазақтың ұлттық ойынын өзге елге мақтан еткен, әлемге танытқан тұлғалар туралы эссе жазыңыз. Мысалы: тоғызқұмалақ, палуандар күресі т.б.
