Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы

Қалмақтың ханы Қоңтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, бірталай ұл-мен қызды алып кетіпті. Соларды алып келуге Тайкелтір би мен бірнеше елшілер барады. Қалмақ еліне барған Қазыбек: «Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз»,- деп, ханға хабар жеткізеді. Сонда хан: «Сойыс жасап, шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар деп уәзірлеріне табыс қылады. Сонда Қазыбек: «Менің үш атым бар, жүз кісі атым жоқ, аттарды тарата алмаймын, бір жерден орын берсің», – дейді. Ертеңіне хан данышпан сыншысын шақыртып алып:

«Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, осылардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып сынап келші»,-дейді. Сыншы аттардың ішіне барса, Қазыбек шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, аузынан жалын атқылап жатыр екен. Ханға келіп:

«Жылқының ішінде бір бала жатыр. Аузым жеткенде сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай үймелетемін дегендей», – дейді сыншы. Хан елшілерді өзінің сарайына шақырып:

  • Иә, қазақтар, неменеге келдіңдер? Айтатыңдарын бар болса, айтыңдар!

Сонда Тайкелтір би: «Берсең алдық, бермесең қалдық, сөзді өзіңе салдық», – дейді. Сонда хан кешке дейін бір жауап қайтарармын. Жауап қатпасам, ат-тонының амандығында еліңді тап дейді. Сонда Қазыбек ханның алдына жетіп барып: «Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! Біз қазақ мал баққан елміз, бірақ ешкімге сұқтықпай жай жатқан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Берсең жөндеп бітімінді айт, не тұрысатын жеріңді айт!», – дейді.

4-тапсырма. Мәтін бойынша аннотация жазыңыз.

Бұрынғы заманда телефон, радио, теледидар, пошта, бүгінгідей жол, әуе қатынасы жоқ, барыс-келіс аз кезде, ата-бабаларымыз қалай осы даланы мекендеген, халыққа ие болып, қалай басқарған, мұның астарында нендей кереметтер жатыр деп таңғалмасқа шараң жоқ. Ұлан-асыр мекенде бір тілде сөйлейтін, бір әнді барлық жерде айтатын, бір салтты тұтынатын, бір әдет-ғұрыпты ұстайтын жұрт әлемде жоқ болуы керек. Осының бәрін қалыптан шығармай, халықтың көңілін тауып, ұйымдастырған біздің ата-бабаларымыз не деген кемеңгер, не деген шебер болған шіркін-ай деп, көзің жетіп, көңілің тояды.

Бүгінгі күнге келсек, уақыт өзгерді, заман жаңарды. Өзге жұрттармен қарым-қатынас көбейді. Қазақ ата-салты бойын­ша келген адамды төріне шығарып, төре­дей күткен. Осы күні де солай. Елдігімізді танытып, келіп жатқандарды құрмет көрсете қарсы алады. Әрине, жақсылығын да көріп жатыр­мыз. Бірақ, қазақ бұрын әңгіме де айта білетін, тыңдай да білетін халық еді. Жалпы еліктеуге жоқ болатын. Қазір империялық езгінің әсерінен, тіпті де еліктегіш болып кетті. Мұның залалдары әр жерден көрініп те жатыр. Қолымыздағы бардан арылып қалмауымыз керек. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей барымызды сақтауымыз қажет.

3-модуль

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАР

мен МІНДЕТТЕР

1-сабақ. ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мәтінді оқыңыз

Ел болғаннан кейін оның Басшысы және Негізгі Заңы мен басқа да сол елді басқару жұмысын үйлестіру, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтарының болуы шарт. Біздің қазақ елін ерте замандардан бері хан басқарып, заңдылықтары Жеті жарғы заңымен реттеліп, билікті тек билер мен ақсақалдар жүргізген, тәуелсіздігін батырлар қорғаған. Ал қазіргі кезде елімізді басқару жүйесі негізінен алғанда сол баяғы заманға бір табан жақын болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп, адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде. Егемендігімізді алған 20 жылда өзіміздің Ата Заңымыз – Конституциямызды қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет болуға қол жеткіздік. 

Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сыйлайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі. Конституцияның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 

Адамның, жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары қоғамдық қатынастармен тығыз байланыста болады және соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі. 

Түсініктеме!

әлеуметтік – жалпы қоғамға тән, қоғамдық мәселе, орта;

құқықтық – мемлекет тарапынан, тиісті қаулы заңмен әрбір адамға берілетін бостандық;

үйлестіру – келісу, сәйкесу, жарасу, сәйкестік, жарасымдылық;

нормативтік – нормаға түскен, жүйеленген еңбек;

тумысынан – жаратылысынан, болмысынан туылғалы бері;

өркендеу – белгілі бір қоғамдық саяси формацияның қоғами, мәдени даму сатысы;

үстем тұру – басым тұру, басқадан артық тұру, ерекше болу;

кепілдік – бірнәрсе істеуге, алуға еркіндік беретін куәлік;

нұқсан – зиян, залал, кемістік, кінарат;

имандылық – адамгершілік ережелері, мораль;

1-тапсырма. Мәтіннен мына сөйлемдерге мағына жағынан сәйкес келетін сөйлемдерді табыңыз.

  • Ел саясатын ел тізгінің ұстағандар және қариялар жүргізген, бостандығын жауынгерлер сақтаған.

  • Қазіргі уақытта жалпы адамзаттың еркіндіктерін сақталуына жақсы назар аударылуда.

  • Адамзатты бағалау мен еркіндіктерін жоғары көтеру демократияны жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады.

  • Елімізде тұрып жатқан әрбір азаматтың мақсатының мемлекет мақсатынан ерекше болуы, оның үстемділікке ие болуы – егемендіктің бір нышаны.

  • Әбір азаматтың бостандықтары қоғамдағы белгілі ұйымдармен қарым-қатынаста болады және жеке топтарға бөлінеді. 

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз.

ел тізгіні –

дамыту –

бостандық –

дәулетті –

байлық –

мәртебе –

тумысынан –

кепілдік беру –

3-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Социальное обслуживание на дому предоставляется бесплатно социальными работниками по индивидуальной программе. Прием на надомное обслуживание производится по решению директора центра или начальника районного центра занятости и социальных программ.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Пансионат Ардагер» для ветеранов войны и труда передан в управление Департаменту на основании постановления акимата города Алматы. Пансионат основан в 1983 году, осуществляет производственно-хозяйственную и медицинскую деятельность в области социальной защиты, реабилитации и инвалидов войны и труда, лиц, приравненных к ним по льготам и гарантиям. Ежегодно реабилитацию в пансионате проходят более 1700 ветеранов войны и труда.

4-тапсырма. Фразеологизмдердің мағынасын мәтін мазмұнымен байланыстыра отырып ашыңыз.

дүниенің азабын көрді –

өмірдің дәмін тартты –

дін аман –

ебін тапты –

еңбегін еш, жігер құм қылды –

Құлаққағыс!

Жаңа индустрияландыру бағдарламасының аясында химия саласы бойынша 21 өндіріс іске қосылды, 3,5 мың жұмыс орны ашылды. Қазіргі күнгі сала бойынша 10 жоба іске асырылды. Химия саласы бойынша пенопропилэн; каустикалық сода, хлор, мұнай өнідірісіне арналған реагенттер секілді жаңа өндіріс түрлері игеріле бастады. Нәтижесінде саладағы өндіріс көлемі жылдан-жылға өсуде. 2010 жылы өндіріс көлемі 21% артқан болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш екі есеге өсті. (Экономика республикалық апталық газеті №3 (228) 19-25желтоқсан 2011ж)

2-сабақ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР

Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Ел экономикасының тұрақты дамуы жағдайында 2002-2006 жылдары еңбек рыногында халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуi, экономика салаларында жұмыс iстейтiндердiң қатарының көбеюi және жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi байқалады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсiпкерлер мен еңбеккерлердiң өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, ортақ мүлiктiк мүдделерiн қорғау, еңбек құқықтарына уәкiлеттiк етуге және оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм алу, қайырымдылық, басқарушылық мақсаттарға қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен таластарды шешу; азаматтардың рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мәдениетiн және спортты дамыту; заңгерлiк көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзгеде мақсаттарда бiрiгуге құқығы бар.

Республика Конституциясының 5-бабының 2-тармағына сәйкес барлық қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктердiң заң алдындағы теңдiгi мемлекеттердiң қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларына, оларды тiркеу және олардың қызметiн тоқтату тәртiбiне қоятын талаптар теңдiгiнен көрiнiс табады. Олардың барлығы өзара қарым-қатынастарында болсын, сондай-ақ қоғамдық-саяси және шаруашылық қызметiнде өздерiнiң құқықтарын жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк органдармен қарым-қатынастарда тең болады.

Елдегi тұрақты экономикалық өсу Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықты әлеуметтiк қорғауды дамытуға арналған шығыстарды көбейту арқылы саясаттың әлеуметтiк бағытын жалғастыруға мүмкiндiк бередi. (Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық дерек Қазақстан Республикасының орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы. ҚР.Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы №1035 Қаулысы)

Түсініктеме!

уәкілеттік – кепілдеме, куәлік, сенімге ие болу;

дау – егес, керіс, жанжал;

бірлестік – бірнеше саладағы ұйымның, өндірістің ұйымдасқан түрі;

игілік – қайырымды іс, жақсылық, қажетті іс, пайда;

рухани – адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты, соған тән;

жарғы – белгілі бір ұйымды құрудың, ұйымдастырудың, оның тәртібінің ережелер жинағы;

тіркеу – есепке алынған, қатталған;

шығыс – жұмсалған, ұсталған, ақшалай-заттай шығын;

1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін басқа сөздермен алмастырыңыз.

экономикалық белсенділік –

тұрақты даму –

қол жеткізу –

мүдделерін қорғау –

талаптар теңдiгi –

қоғамдық бiрлестiк –

қоғамдық игілік –

қажеттіліктерін қанағаттандыру –

Пікірлесейік!

Елімізде ірі корпорациялардың экономикалық құқығы мемлекет тарапынан қорғала ма?

Экспортқа шикізат шығаруда экономикалық құқықтың қандай пайдасы бар?

Топтық жұмыс.

Екі топқа бөлініп, отандық компания мен шетелдік компания арасында шикізатты сату мен сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіңіз.

Қосымша материалдар.