Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Банк қызметі

1-сабақ. БАНК ТАРИХЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІ

Мәтінді түсініп оқып, ой бөлісіңіз.

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, несие беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцияла жасау және басқа қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамумен тығыз байланысты. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) қызметтерімен қоса, лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиассасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу т.б. жатады. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай – орталық эмиссиялық (Ұлттық банк) және оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық ал меншік түріне қарай мемлекеттік, акционерлік, корпоративтік, аралас, мемлекетаралық банктер болып бөлінеді.

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі, уәкілеттелігі ҚР Президентінің «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығында (30.03.1995) белгіленген. Өзге банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Олар коммерциялық банктер деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемлекетік меншіктен шығарылып, жарналық акционерлік капиталдан құралады. Ұлттық банк -эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды, ақша мен алтын қорын сақтайды. Екінші деңгейлі банктер халық шаруашылығы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. (Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. Алматы, 1999).

Ойталқы!

Қазақстандық банктердің қызмет көрсету жүйесі.

1-тапсырма. Мәтін бойынша банктің басты ерекшеліктерін сипатаңыз.

  1. Банк қаржы қорын реттейді ...

  2. ...

  3. ...

2-тапсырма. Алғашқы банктер мен қазіргі банктердің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар туралы эссе жазыңыз.

Тірек сөздер: қаржы мекемесі, қаржы операциясы, айналымға ақша жіберу, қарызға ақша беру, айырбастау, құйма ақшалар және т.б.

3-тапсырма. Берілген терминдерді қазақшаға аударыңыз.

банк долгосрочных вложений –

эмиссия акций –

эмиссия акций, бонусная –

эмиссия акций предприятия –

денежное выражение продукции –

денежное обращение –

доверительно-сберегательный банк –

2-сабақ. ҰЛТТЫҚ БАНК ЖҮЙЕСІ

Мәтінді түсініп оқып, ой бөлісіңіз.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, әрі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту;

  • қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»; Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»; «Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық Банк  «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының акционерлерінің бірі болып табылады.

1-тапсырма. Нұсқауларды пайдалана отырып,Ұлттық банктің негізгі қызметі туралы әңгімелеңіз.

  • ақша-кредит саясаты;

  • төлем жүйелері;

  • валюталық реттеу және валюталық бақылау;

  • қаржылық тұрақтылық;

  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

2-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашыңыз.

қалталы адам – қалтасының түбі тесік –

бағасын арттырды – бағасы жоқ –

қалтасы қалың – қалтасына сенді –

қалтасы жұқарды – қалтасы көтермеді –

3-тапсырма.Берілген қатарлардан синоним болатын сөздерді іріктеп жазыңыз.

  • ақшажанды, ақшашыл, кең пейілді, ақшақұмар, шыншыл;

  • қаражатты, пұлды, қалталы адам, ақшалы адам, әділ, арам;

  • бағалы, құнды, әшекейлі, қымбат, татымды, пұлды;

  • қаржы, қаражат, ақша, қорқақ, пұл, теңге, тиын;

  • тегін, бос, ақысыз, пұлсыз, тегіннен тегін, ақшалай;

3- сабақ БАНК ІСІНДЕГІ БӘСЕКЕ

Мәтінді оқыңыз

Банктік бәсекенің еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

  • Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

  • Екінші белгісі – әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.

  • Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

  • Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды

Бәсекелестік кез-келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез-келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығыңдағы қарыздар бойынша пайыздар аз шоғырланған нарыққа қарағанда жоғары болуы тиіс; сөйтіп тиісінше, банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.

Зерттеулердің біреуі банктердің қөп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары, керісінше, яғни банктердің шоғырлануы мен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірибеде ірі банктер майдаларға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады. Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұсақ-түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар көлемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады, өз активтерінің көп бөлігін несиелі коперацияларға бағыттайды. Әлемдік банктік индустрия 60-жылдардың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70-80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар факторлармен шарттастырылады.

Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсекелестік нарықтарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметтер, жаңа мәдениет т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға қатысты қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.

Екіншіден, салымдардың салықтық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. Банктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатуды қолға алды.

Үшіншіден, банктік индустрия оны банктік заңдылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде дифферсификациялана бастады. Банктер – банктік емес операциялар сферасына еніп, маңызы бойынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктердің бөлек типтері арасындағы шекараның ашылуы – банктер арасында ықпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.

Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп тұрған қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылық-несиелік мекемелер мен ірі қаржылық корпорациялардың басып кіруін атауға болады.

Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыздық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаттарын тиімді тарту олардың коммерциялық банктермен бәсекелестігін шиеленістіре түсті. Олар салымшылардан жауап алу үшін халық қолма-қол бөлшекті қаржылық қызметтері әлдеқайда кеңейтті, олардың сапасын жоғарылатты – бұл дегеніміз тұлғалық зайымдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты континентін құрайды. Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды. Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердің көбі өз қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып, глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулер мен ұсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл оларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз. Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады. Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс беру меншіктеледі.

Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарнама формасы) қатысушылардың меншік құқығын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.

Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге қойылады.

Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз.

Ойталқы!

1.Банктік бәсекенің еркін нарықтағы бірқатар белгілерін

2.Бәсекелестіктің кез-келген істе керектігі және еркін нарықта тиімділігі

3.Бәсекелестіктің бірқатар факторлармен шарттастырылуы

1-тапсырма. Нұсқауларды пайдалана отырып, банк ісіндегі бәске туралы әңгімелеңіз.

  • Бәсекелестік бар жерде кез-келген қызмет тиімді;

  • Өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді;

  • Банк капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығыңдағы қарыздар бойынша пайыздар аз шоғырланған нарыққа қарағанда жоғары болуы тиіс;

  • Тәжірибеде ірі банктер майдаларға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады;

2-тапсырма. Фразаларды негізге ала отырып, тұжырымдама жазыңыз.

  • Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген...

  • Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты...

  • Акционердің жауапкершілігі басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда дауыс берумен меншіктеледі...

  • Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді.

  • Акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады.

3-тапсырма. Берілген тірек сөздердің мағыналарына сәйкес келетін тұрақты сөз тіркестерін табыңыз.

Тірек сөздер: айтқанын істеу, атаққа ие болу, мақсатына жетті, есте сақтау, бір шешімге келу;

  • дегеніне жетті, дегеніне көнді, айдауына жүрді, дегенін істеді, дегені

болды;

  • даңққа бөледі, даңқы арта түсті, даңқы жер жарды, даңқын шығарды;

  • көңіліне тоқыды, жадында сақтады, кеудесіне түйді,құлаққа сіңірді;

  • мәмілеге келді, ымыраға келді, мәмілемен бітісті,

10-модуль

ОТАНДЫҚ ТАУАР

ӨНДІРІСІ

1-сабақ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС

Мәтінді түсініп оқып, ой бөлісіңіз.

Бүкіл экономикалық жүйенің қалыпты жұмыс жасауын көрсететін басты нәрсе – сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша – баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше.

Өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын өндіріс пен тұтыну арасында болатын тепе-теңдікті қажет етуі нарықтың ерекше белгісі болып табылады. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының деңгейіне және өндірушілердің өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлардың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа қатысты үмітіне байланысты.

Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынасты көрсететін нарықтық белгі.

Нарықтық сұраныс:

а) бағаның деңгейіне, табысына,

ә) сатып алушылардың ақшалай табысына,

б) тұтынушылардың талғамына,

в) сатып алушылардың санына байланысты қалыптасады.

Ұсыныс – өндірілген тауардың ассортименті. Ұсынылған тауарлардың бағалары сұранысты құрайды. Ал сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрылымын белгілейді.

Сұраныс деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеттілігін айтамыз. Бұл жерде қажеттіліктің бәрі сұраныс бола бермейді, тек оның сатып алушының ақша қаражатымен қамтамасыз ете алатын бөлігі ғана сұраныс болып табылады.Сұраныс сатып аланатын игіліктердің санын олардың бағасымен байланыстыратын ұғым. Баға төмен болған сайын сатып алынатын тауар саны арта түседі. Баға жоғары болған сайын адамдар сатып алатын тауарлар саны азая береді. Белгілі бір тауар бағасының төмендеуі оған қолы жетпей жүрген адамдардың оны енді сатып алуына мүмкіндік береді. Тауар бағасы сұраныстың көлеміне ықпал етеді. Сұранысқа бағадан басқа тұрғындардың кірістері, тауарлардың сапасы мен ассортименттері, сатып алушылардың талғамдары, әдеттері және сән сияқты факторлар жатады. Табыстың өсуіне байланысты өмір салтының өзгеруі, мәдениеттіліктің және техникалық сауаттылықтың жоғарылауы компьютерлерге, бейнетехникаға, автокөліктерге сұранысты арттырады. Сұраныстағы өзгерістер ұсыныстың соған сәйкес жауабын талап етеді. Тауар өндірушінің белгілі бір жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі ұсыныс деп аталады. Баға жоғары болған сайын нарыққа тауар көп түседі. Егер осы тауардың бағасы төмен болса, оның ұсыну көлемі де қысқарады. Тауар мен қызметтің көптеген түрлерінің әрқайсысының бағасы туралы ақпараттар бойынша өндіруші ұсыныстың көлемін ұлғайту немесе қысқарту туралы шешім қабылдайды. Бағадан өзге факторлар да сұранысқа әсер еткендей ұсынысқа да әсер етеді. Бұл бірін-бірі толықтыратын және алмастыратын тауарлардың арасында бәсекенің өсуі, өндіріс факторларының бағасының өзгеруі, олардың өсуіне фирма шығындарының өсуі сәйкес келеді де, ұсыныс азаяды. Бұл жағдай көптеген тиімсіз өндірістерді табыссыз тауар өндіру жағдайына, соның салдарынан нарықтан шығу ахуалына жеткізеді. Үшіншіден, өндіріс көлемі технологияның жағдайына тәуелді болады. Технология жақсарған сайын шығын аз болады және ұсыныс көлемін көбейтуге мүмкіндік алады. Төртіншіден, тауар бағасының өсуін күту сатушыларды тауарды ұстай тұруға мәжбүрлейді. Өйткені олар сол тауарды кейінірек жоғары бағаға сатуға үміттенеді. Бесіншіден ұсынысқа салықтар мен субсидиялар әсер етеді. Салықтың өсуі өндіріс шығынын арттырады, оның аяғы ұсынысты азайтуға мәжбүр етеді. Ақыры нарықта сатушылардың көбеюі бағадан тәуелсіз ұсыныстың артуына әкеліп соғады.

Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Сұраныс ұсынысты анықтайды, яғни өнімге сұраныс болмаса, оның өндірісі де болмайды. Адамзат қанағатсыз екені белгілі. Бірақ үсті-үстіне көбейіп тұратын адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өндірушінің талабы өзінің кезегінде артық өндіру дағдарыстарға келтіреді. Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады. Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс тең болатындай деңгейге ұмтылады.

Пікірлесейік!

  1. Күнделікте өмірдегі ең қажет нәрсе...

  2. Біз оларды қайдан аламыз?

  3. Біз оларды алғанда ең басты неге көңіл аударамыз?

  4. Ол қоғамда қандай рөл атқарады?

  5. Олар қандай ерекшеліктерімен ажыратылады?

  6. Олардың қандай қасиеті болады?

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, ой бөлісіңіз.

Қандай тауарлар болады? Сатып алынатын, ................................................................................

Тауарларды біз не істейміз? Сатып аламыз, .................................................................................

Қандай мақсатпен сатып аламыз? Тұтыну үшін, ..................................................................................

2-тапсырма. Мәтін мазмұнын пайдалана отырып, ойды аяқтаңыз.

  • Сіз тауарды сатып аларды оның несіне көңіл аударасыз ....

  • Сізді тауардың сапасы әлде бағасы қызықтырады ....

  • Қажетті тауарды қалай пайдалануға болады ....

  • Мені мынадай тауарлар қызықтырады...

  • Тауарды қызығушылықтан сатып аламын...

  • Ұнатқаннан сатып аламын...

  • Тартушылардың, насихаттаушылардың әсерінен сатып аламын...

  • Сіз тауарлардың тұсаукесеріне қатысып көрдіңіз бе?

  • Тұсаукесерде сол тауар туралы толық ақпарат алуға бола ма?

3-тапсырма. Өзіңіз қатысқан тауарлардың тұсаукесері туралы әңгімелеп беріңіз...Қандай әсер алдыңыз? Тауар туралы қандай мәлімет алдыңыз?

Тауардың ерекшелігі.....

Тауардың қажеттілігі ...

Тауардың пайдасы ...

Тауардың белгісі...

Топтық жұмыс.

  • Екі топқа бөлініп, сіздің компанияңыз шығаратын тауар туралы ақпарат беріңіз.

  • Тауардың қажеттілігі, адамға тигізер пайдасы, экологиялық тазалығы, адам денсаулығына зиянсыздығы туралы әңгімелеңіз.

2-сабақ. ТАУАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ӨТІМДІЛІГІ

Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Құны бар және қоғамда айырбас, сатып алу-сату жолымен бөлінетін еңбек өнімін, сол сияқты қажеттілікті қанағаттандыратын және нарықта жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын заттарды тауар дейді.

Тауар тұтыну мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалану қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, т.б. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Әрбір тауардың тұтынушылық құны адамның қандай да болмасын қажетін өтеу қасиеті болады. Тауардың сапасы – тұтынушының бірінші талабы. Бізге қажеті – тауар сапасының тұрақты сақталуы. Кез-келген күні, кез-келген жағдайда сапа қалыптылығын сақтауы керек. Тауарға тағайындалған сапа стандарты төмендемеуі керек. Ол үшін компания жұмысшылары мен менеджері жауапты болады. Өнім орамасы көптеген мәнді міндеттер атқарады. Орама өнімнің өндірілгеннен сатуға дейінгі сақталуын қамтамасыз етеді, тұтынушыны өнімнің құрамымен және ішкі сапасымен таныстырады. Ол жинауға және тасуға қолайлы болуы қажет. Тауардың орамасы тартымды, ашық түсті болса, ол көбірек көз тартады.

Сапа деген ұғым үш элементті объект, қажеттілік, көрсеткішті қамтиды: 

Объект ретінде іс-қимылдар немесе үдеріс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасы т.б. қамтиды. Көп жерде сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э.Демингтің сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».

Сапаның үшінші элементі – көрсеткіштер. Ол сапалық және сандық   болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.

1-тапсырма. Мәтін бойынша мына негіздерді пайдаланып, өз ойыңызды білдіріңіз.

Тауарды пайдалану дегеніміз - ...

Тауар мынадай ерекшеліктері арқылы ажыратылады...

Тауардың сапасы – оның құрамы, орамасы ...

Қажеттілік – сапаның екінші элементі ... 

2- тапсырма.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

а) Нарықта жұрттың назарын аудару үшін, ...

ә) Тауардың мынадай ерекшеліктері болуы керек: ...

б) Өнім орамасы арқылы оның сапасы байқалады, ...

в) Адамның қажетін өтеу үшін ақша керек, ...

г) Тұтынушылардың мүддесін қорғау үшін жұмыс істейді, ...

ғ) Сапа көрсеткіштері тауардың қажеттілігін қамтамасыз етеді, ...

3- тапсырма. Берілген қанатты сөздердің мағынасын талдаңыз.

  • «Тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».

  • «Экономикалық дамудағы жеткен жетістіктер, саяси және әлеуметтік тұрақтылық Қазақстанның ары қарай дамуын тұрақты, замануи, перспективалы негізге қоюға мүмкіндік береді».

3-сабақ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК

Мәтін бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

Азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып, жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер әдетте кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады. Барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді.

Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып не пайдаланбай жүзеге асыра алады.Сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді. Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

– мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемденеді,

– шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу,

– келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату,

– еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу,

– шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру,

– жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау,

– бағалар мен тарифтерді белгілеу,

– таза пайданы пайдалану,

– сыртқы экономикалық қатынастарда болу, және т.б.

Біздің елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарды кәсіпкерлер деп атайды. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын, т.б. шағын бизнес түрлерін құрады.

Кәсіптік мекеме өзінің Жарғысында көрсетілген және Қазақстан Республикасының Заңдарына қайшы келмейтін жұмыстармен айналысады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ, халықтың тұрмысына, мәдениетіне, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады. Олар өндіріс, сауда, көлік, тамақ, мәдениет т.б. кәсіптің түрлерімен айналысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени салаларында үлкен бизнестің маңызы зор. Олар: корпорациялар, компаниялар, трестер мен банктер, т.б. үлкен бизнеспен айналысатындарды ірі кәсіпкерлер дейді. Мемлекеттік, бүкілхалықтық немесе аймақтық маңызы бар салаларда мемлекеттен қаржы алмай, өз қаржыларымен жұмыс істеуді үлкен бизнес дейді.

1-тапсырма. Сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз.

1. Елімізде қандай күрделі өзгерістер болды?

2. Халқымыздың тұрмыс жағдайын көтеру үшін не істеп жатыр?

3. Кәсіпкер деген кім? Егер кәсіпкер болсаң не істер едің?

4. Кәсіпкер қандай салаларда бизнес аша алады?

5. Ол мемлекетке қандай көмек көрсете алады?

6. Адамдарға қандай көмек көрсете алады?

2-тапсырма. Жапон менеджері Коносуке Мацусита бизнесменнің бойында мынадай 7 қасиет болу керек дейді. Оларды есіңізде сақтаңыз.

1. Қулық жасама.

2. Адал бол.

3. Өз орныңда қожайын бол.

4. Кешегі күнді місе тұтпа.

5. Таным-біліміңді ұдайы жетілдіре түс.

6. Айналаңдағыларға түсіністікпен қара.Сырт дүниені ешқашан ұмытпа.

Қолыңда барға, алатын нәрсеңе шүкіршілік ет.

7.«Кім үшін жұмыс істеймін?» - деген сұрақты қайталаудан жалықпа. Жауап біреу – қоғам үшін.

3-тапсырма. Берілген сөздерді оқып, түбірлес сөздерді жеке-жеке бағанаға жазыңдар. Басқа сөздермен толықтырыңыз.

Кәсіпкерлер, серіктестік, қоғам, кәсіппен, қаржы, жарғы, кәсіптік, қаржылық, қаржысыз, өндіріс, бизнес, кәсіби, қаржылай.

4- тапсырма. Кәсіпкер, іскер адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз? Ақыл-кеңес ретінде «Білгенге маржан» деген айдармен 10 сөйлем жазыңыз.

Үлгі: Уақытты жоспарлай білуі керек. Тәртіпті жақсы көруі керек.

  1. ............................................................................................................................. .

  2. ............................................................................................................................. .

  3. ............................................................................................................................. .

  4. ............................................................................................................................ .

11-модуль